0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет224/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

177 
 
Когнитология теориясы бойынша атау жасауда қабылдау, еске түсіріп, қайта 
қолдану адамның жалпы және әрбір сәттегі ойлау, сезіну қалыбымен, 
ауқымымен байланыстылығын негіздейді. Осымен байланысты когнитология 
жеке адамның және ұлттық ойлаудың сипатын көрсетеді. Жеке адамның 
ойлау қабілеті, ой ісінің өнімділігі оның тілдік білігіне тәуелді болса, ұлттық 
ойлау ұлттық тіл негізінде жүзеге асып, соның мүмкіндігімен анықталады. 
Мысалы, А. Байтұрсынұлы қалыптастырған жүздеген терминдер белгілі. Ал 
солардың қалың көпшілікке етене жақын болып кетуін, табиғатының 
феноменін, біздіңше, осы танымдық негізде түсіндіруге болады. Басқаша 
айтқанда, қазіргі қазақ тіл білімінде де қалыптасып, қанат жайып келе жатқан 
«тіл мен ұлт біртұтас» деген қисынға сәйкес тіл табиғатын зерттеуді сол 
тілде сөйлеушінің танымынан тыс қарамайтын үрдіс теориялық-әдістемелік 
негіз ретінде терминжасам теориясына да қолдануды қажет етеді. 
Соның негізінде анықталатын терминжасамның тілдік тетіктері осы саладағы 
субъективті факторды (яғни, «меніңше, мынау дұрыс»деген сияқты) жоққа 
шығарып, объективті сипат бермек. Бұл арада танымдық көрсеткіштердің 
ұлттық ерекшеліктерінің де (шешендік, бейнелілік т.б.) мәні ерекше. 
Осымен байланысты бір ғана мысал келтірсек те жеткілікті. Мысалы, А. 
Байтұрсынұлы қалыптастырған 
көсемше 
термині. 
Көсем
сөзінің қазақ 
танымындағы мәні белгілі. Ал оны лингвистикалық, грамматикалық 
қызметіне сай мәндік сабақтастығы, дәлдігі дау тудырмайды. 
Демек, мағыналық дамудың нәтижесінде терминденген сөздердің табиғатын 
талқылау және қабылдау танымға қатысты кейбір маңызды мәселелерге 
тоқталуды қажет етеді. Осымен байланысты лингвистиканың тілде атау не 
термин 
қалыптастырудағы 
психолингвистикалық, 
философиялық, 
әлеуметтік, логикалық қырларының бір сабақтастықта зерттеудің 
маңыздылығы ерекше. 
ХХ ғасырда ғылым тілін дамытуда термин жасаудың көптеген қағидаттары 
жасалды. 
Термин 
жасаудың 
қағидаттарын 
белгілеу, 
әрине, 
А.Байтұрсынұлынан басталды. 
1924 жылдың маусым айында Орынбор қаласында «Қазақ білімпаздарының 
тұңғыш съезінде» қазақ зиялылары терминологияны қалыптастырудың 
қағидаттарын белгілеуді күн тәртібіне қойды. Терминологияның қағидаттары 
туралы баяндаманы Елдес Омаров жасады. Терминолог-ғалым, қазақ 
терминологиясының қағидаттарын арнайы зерттеу нысаны ретінде 
қарастырған Ш.Құрманбайұлы Елдес Омаровтың ұсынған қағидаттарын «сол 
кезде термин мәселесінің басы-қасында жүрген А.Байтұрсынұлының тікелей 
басшылығымен жасалғандығын» айтады. 
Осы съезден кейін 1926 жылы Бакуде өткен «Түрікшілердің бірінші 
құрылтайында» А.Байтұрсынұлы қазақ терминологиясын жасаудың алғашқы 
ғылыми қағидаттарын ұсынған болатын. 
А.Байтұрсынұлының термин жасау қағидаттары: 
1) Термин ретінде ұғым мағынасын толық беретін қазақ сөздерін алу; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет