0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет223/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

176 
 
«қазақыландыру» үрдісін – солақай немесе пуристік бағыт, әлемдік 
өркениеттен алшақтау, ұлттық жырақтау деп сипаттау заманы өткен. Бұл – 
қоғам мен тіл арасындағы байланыстан, ұлттық сананың жаңа сапада 
жаңғырып, танымдық негіздерімен сабақтасуына мән беруден туындайтын, 
ғаламдасуға бір бөлшек боп енетін дамудың заңды құбылысы.Нақты 
айтқанда, ғылыми түсініктерді белгілейтін тілдік құралдардың атауларын 
қалыптастыруда ұлттық ұғымды арқау етіп, қазақ терминдерінің төл тілдік 
баламаларын жасаудың, ғылым тілін қазақша «сөйлету» әрекетінің 
барысындағы үрдістің жаңаша даму деңгейі. Мысалы, қазақ тіл біліміндегі 
тіркесімділік (валентность), уәж (мотив), уәжділік (мотивированность), тілдік 
тұлға (языковая личность), тілдік жағдай (языковая ситуация), үстірт 
құрылым (поверхностная структура), т.б. 
Бірақ терминдердің құрылымдық компоненттердің табиғилығы үшін сөздің 
ішкі мазмұны тірек етілгенімен, терминдік дефиницияға сөздің ішкі 
мазмұны, семантикалық құрылымы, ұғымдық көлемі толық сәйкес келмеуі 
мүмкін. 
Сондықтан 
аталған 
тенденция 
барысында 
аталымдар 
варианттылығының, 
емлелік 
ала-құлалықтардың, 
тіл 
нормасынан 
ауытқушылардың, тілді пайдаланушылар тарапынан ұсыныстардың, сыни 
пікірлердің айтылуы – даму үрдісіндегі заңды құбылыс. Мысалы, қазір 
жарыса қолданылып жүрген отбасы, жанұя, үйелмен т.б. баламаларын 
қараңыз. Төл сөздің ішкі мазмұнын тірек ету үшін интернационалдық 
терминдердің сыртқы құрылымы, дефинициясы қазақшаланады, терминнің 
семантикасына балама іздестіріледі. 
Терминжасамның когнитивтік негізі, біріншіден, фондық мәліметтерге, яғни 
тіл туралы білім аясына тәуелдігі түрінде көрінеді. Себебі тіл – адамның 
сөйлеу, оны қабылдау кезіндегі когнитивтік жүйесінің көрінісі. Адамның өзі 
қолданбайтын, бұрын естіген сөздерді түсініп, не шамалай біліп 
жататындығы да тілдік санаға әсер ету, оны қалыптастыру жайының сырт 
көзге байқалмағанымен, терең танымдық деңгейлерде жаңғыруынан. Әсіресе, 
сөз жасау, сөз тудыру құбылыстарында тіл мен адам ойының, бұған дейінгі 
білімінің байланысы айқынырақ көрінеді. Сондықтан жаңа сөз бұрынғы 
сөздермен жүйелесе жасалса, адам санасына айрықша әсер етіп, қабылдана 
алады. Біздің санамыз жаңа затты қабылдау кезінде оның мән-мағынасын 
анықтайды да, оны өзіне ұқсас әсерлер қатарына орналастырады. Осы 
себепті 
атау 
жасау 
ісі 
ассоциативті-когнитивтік 
құрылымда, 
психолингвистикалық тұрғыдан танылады. 
Қайта қолдану адамның жалпы және әрбір сәттегі ойлау, сезіну қалыбымен, 
жаңа қырынан көріп, жаңаша бағалауға мүмкіндік береді. 
Шындығында, ұғымның басты белгілерін анықтауда адам ойының, таным 
деңгейінің рөлі ерекше екенін қазіргі когнитивтік лингвистика дәлелдеді. Бұл 
арада атаудың прагматикалық мақсаты ғана негізге алынуы жеткіліксіз. 
Қоршаған орта құбылыстары көрінісінің адам ойы мен таным жүйесінде 
зерделенуі – ой мен тілдің анықтауыштық, құрауыштық функцияларын 
құрайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет