Қазақстан –көпұлтты мемлекет.135-тен астам ұлт өкілдері бірлік пен татулықта өмір сүріп келеді. Әрбір халық өз тілдерін, салт-дәстүрін сақтап қалуы үшін барлық жағдай жасалуда. Оны елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та атап өткен болатын: «Біз көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз» Әрбір тәуелсіз мемлекеттің ерекше белгілері, маңызды нышандары болады. Олар елтаңбасы, әнұраны, туы және тілі.Тіл- тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен салт-санасының, рухани болмысының тірегі. Тіл арқылы халық өзге халықтардан ерекшеленеді, өзге ұлттан ерек даралығын анықтайтын белгісі. Конституцияның 7-бабында тілдер туралы айтылады : Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуга қамқорлық жасайды. Қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі-болашақтың тілі. Орыс тілі көптеген жылдар бойы мемлекеттік тілмен салыстырғанда басым қолданыста жүріп келді.Халықтың 90 пайызы орыс тілін жетік меңгерген. Қазақ тілінің жайы ерекше. Мемлекеттік тілдің қызметін арттыру үшін түрлі бағдарламалар, жлбалар қабылдана бастады.Солардың бірі- «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасы.Бұл бағдарлама негізінде қазақ тілі, орыс тілі,ағышын тілдерін меңгеру көзделуде. Бұл туралы 2017жылдың 31 қаңтарындағы ҚР-ның президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаҺандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауында «Ең алдымен , білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс.Біздің міндетіміз- білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, ІТ-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек.Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет.Үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын. Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін. Қазақ тілінің басымдығы сақталады.Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді.Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі- жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа зкономика тілі.Қазіргі кезде 90 пайыз ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет. Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті падагогтардың жетіспеу проблемасы да бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуіміз керек » екендігін нақтылап айтты. Ағылшын тілін меңгеру- жастарға әлем танудың кілті болмақ, сол арқылы біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады.Ол –жаһанданудың кепілі. Тілдердің функциясын арттыруға бағытталған бағдарламалардың бірі- «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». Бағдарламаның басты мақсаты: -Қазақ тілінің мәртебесін көтеру -мемлекеттк мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу - ағылшын тілін меңгерту -орыс тілін меңгерту -әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау -тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу Бағдарламаның іске асу мерзімі: Бірінші кезең: 2011-2013 Екінші кезең: 2014-2016 жыл Үшінші кезең: 2017-2020 жыл Мемлекеттік тілді меңгеру- басты бағыт. Келер он жылда мектеп бітіруші түлектеріміз 100 пайыз қазақ тілін меңгеруі керек деген талап қойылды. Оны жүзеге асыру отбасы мен мектепке міндет. Отбасында бала әке-шеше тарапынан тәрбие мен тәлім алса, мектепте ғылым мен білімді бойына сіңіреді. Олардыүйлесімде қазақ тілінде меңгерту қажет.Сонда ғана қазақша сөйлейтін, яғни қазақша ойлайтын қоғам қалыптасады.Мұндай қоғамды қалыптастыруда білім беру жүйесінің алатын орны ерекше. Орыс тілі мен ағылшын тілі мектеп қабырғасында жас ерекшелігіне қарай оқытыла бастауы керек. Сонымен қатар, тек грамматикасын меңгертіп қоймай,мұғалімдер оқушылардың еркін сөйлеп, өзіндік пікірін білдіре алатын дәрежеде оқытылып шығуларына баса назар аударғаны жөн.Бұл шараның іске асуы, нәтижелі болуы барлық жағдайдың жасалуын қажет етеді.Ағылшын тілі мен орыс тілін меңгерген азамат шетелде білім алып, саяси ахуалымен, салт-дәстүрімен, болмысымен таныса алады. Оны еліміздің түрлі салаларында қолданып, жетістіктерге қол жеткізе алады.Тілді білудің ерекшелігі де осы. Сондықтан жастарды тілге баулу, еркін сөйлеуге машықтандыру балабақшада, мектеп қабырғасында, оқу орындарында қолға алынып, жүзеге асырылуы қажет. Қорыта келгенде, елбасымыз атап көрсеткендей: «Мемлекеттік тілді үйрету балабақша-дан басталуы тиіс. Бұл- заман талабы» ,келер ұрпақтың мемлекеттік тілде сөйлеуі заман талап етіп отырған жағдай.