«Өсімдіктер физиология» пәні бойынша емтихан сұрақтары: «Өсімдіктер физиологиясы»



бет1/69
Дата24.02.2022
өлшемі257,33 Kb.
#133238
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)



«Өсімдіктер физиология» пәні бойынша емтихан сұрақтары:
1.«Өсімдіктер физиологиясы» пәніне кіріспе. Негізгі даму кезеңдері, мақсаттары, міндеттері мен әдістері. Басқа ғылымдармен байланысы. Өсімдіктер физиологиясы (гр. φύσις – табиғат және гр. λόγος – ілім) – өсімдіктің өсуін, дамуын, көбеюін, тыныс алуын, қоректенуін, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайына бейімделуін молекулалық, клеткалық, ұлпалық, мүше мен мүшеаралық және біртұтас организмдік деңгейде зерттейтін ғылым.
Өсімдіктер физиологиясының негізгі міндеті – өсімдік организмінің өміріндегі тіршілік әрекеттерінің ішкі механизмдерін, заңдылықтарын, сыртқы орта жағдайларына байланыстылығының негіздерін ашып, оларды адам қоғамының игілігіне байланысты өзгертіп, игерудің әдістерін қалыптастыруға бағытталған.Физиологиялық ғылыми зерттеулер : Биохимиялық бағыт. Онтогенездік бағыт.Биофизикалық бағыт. Экологиялық бағыт.Синтетикалық,немесе кибернетикалық бағыт.
Өсімдіктер физиологиясының негізгі мақсаты - өсімдіктердің тіршілігінің жалпы заңдылықтары туралы білімнің қазіргі заманғы жағдайын көрсету, негізгі биологических процесстердің өзара байланысын табу, сондай ақ бұл процесстердің сыртқы орта шарттарына тәуелділігін анықтау.Өсімдіктер физиологиясы: Жалпы теориялық физиология. Жеке, қолданбалы физиология.
2.Микроэлементтердің өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Олардың физиологиялық рөлі.
Өсімдіктер үшін микроэлементтердің де өте зор маңызы бар. Микроэлементтер туралы алғашқы зерттеулерді геохимия ғылымының негізін салған Владимир Иванович Вернадский 1918-1919 жылдардан-ақ бастаған болатын.Академик В.И. Вернадский организмдердің химиялық құрамы жер қыртысының химиялық құрамымен тығыз байналысты екендігін көрсетті. Жер қыртысындағы элементтердің барлығы дерлік өсімдіктерде ұшырасады. Топырақтың құрамында кездесетін макроэлементтермен қатар, микроэлементтер де өсімдіктің өсуі мен дамуында маңызды рөл атқарады. Өйткені олар өсімдіктер организмінде әртүрлі органикалық заттармен қосылады, осының нәтижесінде олардың физиологиялық активтігі әлденеше есе артады.Микроэлементтердің негізгі физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін Я.В. Пейве, М.Я. Школьник, П.А. Власюк, О.К. Кедров-Зихман, ал Қазақстан жерінде П.Р. Загриценко, Ж. Қалекенов, Қ. Кенжеев және т.б. көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет