Гольджи аппараты: Полисахаридтер мен липидтердің синтезіне қатысатын липидтер болады,олар биосинтез реакцияларының жүруін тездетеді.Жасуша бөлінген кезде пайда болатын жарғақша синтезіне қатысады.ЭТ синтездеген ақуыз, көмірсу,липид молекулалары Г.Ж жеткізіледі. Лизосома қалыптасады. Негізгі қызметі ыдырату.
Митохондрия: жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид.Пішіні алуан түрлі.Қозғалысқа бейім.АТФ синтездейді.Арттық заттарды бөліп шығарады.
Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.
Лизосома – қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері (протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ көпіршіктер. Көпіршіктердің диаметрі 0,2 – 0,8 мкм. Лизосома ферменттерінің (20-дан астам) көмегімен Жасуша ішіндегі ас қорытуға және жасуша құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады.
Пластидтер: Тек өсімдіктерге ғана тән.Өсімдікте үш түрі кездеседі:Хлоропласт − жасыл түс береді.Хромопласт − сары, қызыл.Лейкопласт – түссіз.Құрылысы жағынан митохондрияға ұқсас.
Ядро қабықшасы− ядроішілік заттарды цитоплпзмадан бөліп тұрады. Екі қабат мембранадан тұрады, арасында перинуклеарлық кеңістік болады. Ішкі мембранасы агранулярлы, ал сыртқы мембранада рибосомалар болады.