«Өсімдіктер физиология» пәні бойынша емтихан сұрақтары: «Өсімдіктер физиологиясы»



бет9/69
Дата24.02.2022
өлшемі257,33 Kb.
#133238
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69
Байланысты:
өсім физиологиясы ответ 2 (копия) (копия)

Жасушаның химиялық құрамы — жасушаның құрамына кіретін барлық заттардың жиынтығы.
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі кездесетін 110 элементтің 80-ге жуығы тірі жасушаның құрамында болатындығы дәлелденді. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. 
Әрбір жасушаның құрамы ағзалық және бейағзалық қосылыстардан тұрады. Ағзалық қосылыстарға: нәруыздар (белоктар), майлар, көмірсулар және нуклеин қышқылдары жатады. Бейағзалық қосылыстар: су және минералды тұздар. Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 20-30 % үлесіне тең.
Нәруыздар - көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден тұратын күрделі ағзалық заттар. Нәруыздар 45°-80° С-да ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады. Нәруыз жасуша құрамына кіретін тірі құрылымдар – ядро, митохондрия, рибосома, цитоплазма негіздерін құрайды. Сондықтан ол ағза құрамында үлкен орын алады. Мысалы, адам мен жануарлар денесінің құрғақ заттарында 45 %, жасыл өсімдіктерде 9 – 16 %, дақыл тұқымында 10 – 20 %, бұршақ тұқымдастар дәнінде 24 – 35 %, бактерия жасушаларында 50 – 93% ақуыздық заттар бар. Нәруыз барлық ағзаға ортақ зат болғанымен, әр түрлі ағза ақуыздарының құрылымы түрліше болады. Сондай-ақ, ағза түрлерінің бір-біріне ұқсамауы, олардың эволюция жолымен үздіксіз өзгеріп дамуы да ақуыз қасиеттерінің үнемі өзгеріп отыруына байланысты
Нәруыз – бүкіл тірі ағзаның негізгі қорегі. Ол жасуша протоплазмасын құрумен қатар, ағзадағы көптеген тіршілік кұбылыстарына – тамақтану, өсу, көбею, тітіркену, қозғалу, тыныс алу процестеріне тікелей қатысады. Химиялық табиғаты жағынан ақуыз биополимерлер тобына жатады.
Нәруыздың қызметі. Нәруыздың организм тіршілігіндегі маңызы өте зор болғандықтан алуан түрлі қызмет атқарады. Құрылыс қызметі ,тасымалдау қызметі қозғалыс қызметі, қорғаныштық қызмет,ферменттік (катализаторлық) қызмет,энергетикалық қызмет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет