0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет43/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

37 
 
төмендетіп, шымбайына батқанын көре білген Ахмет Байтұрсынов 1913 ж. 
“Жиған-терген” атты өлеңінде: 
Қазағым, елім, 
Қайқайып белің, 
Сынуға тұр таянып. 
Талауда малың, 
Қамауда жаның, 
Аш көзіңді оянып, 
Қанған жоқ па әлі ұйқың, 
Ұйықтайтын бар не сиқың! – 
деп қалың елі қазағының хал-ахуалын тебірене жыр етті. 
А.Байтұрсыновтың ағартушылық ой-пікірлері 1911-1915 жылдары 
шыққан “Айқап” журналы мен 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан 
“Қазақ” газетінде (ол 5 жыл бойы осы газеттің жауапты редакторы болған) 
жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастады. Ол өзінің 1911ж. 
“Айқап” журналына жазған “Қазақтың өкпесі” атты мақаласында “Өзге 
жұрттар өнер-білім қуғанда, қазақтың хандары да, халқы да ғылым, өнерді 
керек қылмаған. Ханы надан, халқы надан жұрт мықты мемлекет жанында өз 
алдына хандық құрып тұра алмайтын болғандықтан… хандарымыз 
халқыменен Ресейге қосылған” деп тарихи шындықтың бетін ашады. Қалың 
елі қазағына ұлы ақын Абайша өсиет айтып, “Шаруаңды түзет. 
Жалқаулықтан арыл, адал еңбек ет, кәсіп үйрен, тер төк… Дүниеде елге 
теңдік, кемге кеңдік беретін, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді 
үйренейік ағайын!” – деп көпке жар салды. Ал 1913 ж. “Қазақ” 
газетінде жарияланған “Оқу жайы” атты мақаласында мәдениетті елдермен 
мәдениетсіз, оқу-білімсіз елдерді салыстыра келіп, “Оқусыз халық қанша бай 
болса да, біраз жылдардан кейін оның бар байлығы өнерлі халықтардың 
қолына көшпекші. Мұның себебі бұл заманда не нәрсе болмасын машинаға 
айналды. Адам баласын көкке құстай ұшырған, суда балықтай жүздірген 
ғылым. Дүниенің бір шетінен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған да 
ғылым. Отарба, откемелерді жүргізген ғылым” деп өнер мен ғылымның 
жасампаздық күшін паш ете келеді де, қазақтың басқа жұртқа жем 
болуының, теңдіктен құр алақан қалуының басты себебін А.Байтұрсынов 
оқусыз 
надан 
қалуынан 
деп 
санайды.
Сондай-ақ, өзінің 1913 жылы “Қазақ” газетінде жарияланған “Қазақша оқу 
жайынан” атты мақаласында “Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін 
түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та 
оқумен түзеледі… қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктердің көбі түзелгенде 
оқу-біліммен түзеледі” – дейді. Оқудың қоғамды өзгертуші күш екенін, 
жауыздық пен надандық атаулының бәрі білімсіздіктен, надандықтан 
туындап 
отырғанын 
тап 
басып 
тура 
айтты.
А.Байтұрсынов туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең 
болмаса бастауыш білім алуын аңсады. “Адамға тіл, құлақ қандай керек 
болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек”, – деп жазды ол. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет