40 деп қарады. Көркем жазу мен мәнерлеп оқу дегендер жазу ісі мен оқу ісінің
жетілдірілген түрі деген қорытынды жасайды.
А.Байтұрсынов методикалық бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның
негізінде 1920 ж. қазанда “Баяншы” деген атпен тілді оқытудың
методикасына арналған әдістемелік құрал шығарды. Онда автор
мұғалімдерге “Әліппені” оқытудың, сауат ашудың әдістерін ғылыми тұрғыда
көрсетіп берді. А.Байтұрсынов оқытудың білімдік-танымдық
жағымен бірге, тәлімгерлік жағына да баса көңіл бөлді. Оның жазған
“Әдебиет танытқыш” атты оқулығы көркемсөз өнерінің қисыны әдебиет
теориясының негізін тыңнан тұңғыш салған, жүздеген әдеби білімдік
терминдерді тұңғыш тілімізге енгізген аса құнды ғылыми еңбек болды.
“Өнер дүниесі ғылым арқылы да жасалады. Ол адам еңбегін жетілдіруге,
жаңалық табуға, табиғатты меңгеруге, адамдардың әлеуметтік-өмірлік
қажетін өтеуге қызмет етеді… Мұнан басқа адамның рухани қажетін өтеу
үшін қызмет ететін түрлері бар. Ол көркемөнері (искусство), ол беске
бөлінеді: біріншісі – сәулет өнері, екіншісі – сымбат өнері, үшіншісі – кескін
өнері, төртіншісі – әуез (музыка) өнері, бесінші және ең бастысы сөз өнері
(“өнер алды қызыл тіл”)” – дей келіп, бұлардың бәрі адамды әсемдікке
бөлеуге, табиғаттың тамаша сырларын танып білуге тәрбиелейтіндігіне
тоқталады.
Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылында мектеп ашу, оқушыларды
оқулықпен қамтамасыз ету, мұғалім кадрларын даярлау істері шешуін
таппаған аса күрделі мәселелердің бірі болатын. А.Байтұрсынов бұл
мәселелерге де ерекше көңіл бөліп, оны шешудің жолын көрсетіп берді.
А.Байтұрсынов мұғалімдерге педучилищелерді ашып, арнаулы оқу орындары
арқылы даярлаудың тиімділігін айта келеді де, ондай оқу орындарының
әзірге қазақ даласында жоқтығын ескеріп, орыс мектептерін, не қазақ
медреселерін оқып бітірген жастардың талаптыларын таңдап алып,
мұғалімдік жұмысқа қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасайды. Олардың
білімін жетілдіру мақсатында жаз айларында бір-екі айлық қысқа мерзімді
курстар
ашуды
ұсынады.
Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында ауылда сауат ашу, оқыту үлкен
қиыншылықтарға кездесті. Мектеп салуға, мұғалімдер кадрларын даярлауға
қаржы жетпеді. Оқу құралдары тапшы болды. А.Байтұрсынов 1923ж.
“Еңбекші қазақ” газетіне “қазақ арасында оқу жұмысын қалай жүргізу керек”
деген мақала жазып, бұл проблеманы шешуге де үн қосты. Школдың
расходынан қашпай, школ ашу керек… школдың жанынан балалар жатып
оқитын үй жатахана, не болмаса интернат ашылуы қажет” деді.
А.Байтұрсыновтың
елінің
көне
мәдениетін
жанындай
сүйенетін
қайраткерлігі, әсіресе 1918-1928 ж.ж. арасында, араб әрпінен латынға
көшіруге байланысты шыққан дау-дамай, айтыста ерекше байқалды. Ахаң
бұл мәселе жөнінде бірнеше мақала жазып, ақыры түркологтардың 1926 ж.
Бакуде өткен Бүкілодақтық І съезінде жасаған баяндамасында өзінің
табандылығын көрсетіп бақты. Онда ол араб алфавиті мен латын алфавитінің