Дінтануды оқытудың әдістемесі



бет1/6
Дата19.12.2021
өлшемі52,48 Kb.
#103414
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
емтихан
емтихан, емтихан, емтихан, 12-Комбинаторика, Лекция 2, тапсырма №10 (1)

Пән “Дінтануды оқытудың әдістемесі”


Студент:
Билет №1


  1. Білім және ғылым

  2. Оқыту процесінің ерекшеліктері

  3. Білімді бақылап тексерудің түрлері

1.Ұлтымыздың бас кітабы Ұлттық Энциклопедия:"Ғылым-адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғарғы пішімі",-дей келіп:"Ғылымның басты мақсаты-ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысымен процесін болжау,түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру",-деп жазады.

Абай ғылымды Алланың ғылымы және адамның ғылымы деп екіге бөле отырып:"Адамның ғылымы,білімі,хақиқатқа,растыққа құмарлық болып,әр нәрсенің түбін,хикметін білмекке ынтық бірлән табылады ",-дейді. Энциклопедия ғылымды болмыс құбылысы мен процесін болжау,түсіндіру,жүйелеу десе,Абай ғылымды әр нәрсенің түбін,хикметін,яғни себебін білмек,-деп түсіндіреді.Ғылымға анықтама беріп түсіндіруде Абай Ұлттық Энциклопедиядан алшақ кетпеген.Ғылымға анықтама беріп,оны түсінгендей болдық.Біз түсініп,пайымдадық деп отырған осы ғылым Алланың бір сипаты болғанда,Алла деген кім?Болмаса,Алла деген не?Жоқ,ол әлде болмыс па?

Қасиетті Құран Кәрімде ұлы жаратушы Аллаһ туралы:"Алла біреу.Алла мұңсыз.(Әр нәрсе оған мұқтаж) Ол тумады да,туылмады.Әрі оған ешкім тең емес",-деп айтылған.(Ықылас сүресі) Сонда біз,жай пенделер жаратушы бір Алланы қалай танып білуіміз керек?Қалай дегенде де біз,адамдар бір Алла туралы ойланбай тұра алмаймыз.Алланы танып,білгісі келген Абай:

Көңілге шәк,шүбәлі ой алмаймын

Сонда да оны ойламай коя алмаймын.

Ақылдың жетпегені арман емес,

Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын,-дейді.

Жаратушы хақ тағаланы іздеп,оның тылсым сырларын ұққысы келген Абай,құрғақ діни фанатизмге бармайды.Ол бір Алланы жан-тәнімен,бар болмысы,ақыл-санасымен түсінгісі келеді.Сонда,жаратушы бір Алланы қалай танып білеміз? Әрине,Аллаға деген сенім арқылы.Сенім дегеніміз-иман.Ал,әрбір мұсылманға иман шарт.Абай:"Иман дегеніміз бір ғана инамақ емес,сен Алла тағаланың бірлігіне,уа Құранның оның сөзі екендігіне,Мұхаммед Мұстафа с.ғ.у. оның елшісі екендігіне инандық...Сіз әмәнту билләһи кәмә хуа би исмайһи уа сифатиһи,-дедіңіз.(Құдайға оның есімдері мен сипаттарына иман келтіремін) Егер де ол сипаттар бірлән тағрипламасақ (айыру,анықтап білу)бізге мағрифатулла(Алланы тану) қиын болады",-дейді хәкім Абай өзінің отыз сегізінші қара сөзінде.

Ұлы жаратушы Алла тағаланың өзіне тән сегіз ұлы сипаты бар.Олар:

1.Хаят-тіршілік тірі болу

2.Ғылым

3.Құдірет-күш

4.Басар-көру,көруші

5.Сәміғ-есту,естуші

6.Ирада-тілеу,қалау

7.Кәлам-сөз,сөздер

8.Тәкин-болдыру (38-қара сөз)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет