Өнердің бағыттары мен стильдеріне анықтама беріп, қорытынды ой жазыңдар



Дата11.05.2020
өлшемі19,29 Kb.
#67134
Байланысты:
5-сабақ, 10-с.ДЖТ.ЖМБ


Тапсырма: Өнердің бағыттары мен стильдеріне анықтама беріп, қорытынды ой жазыңдар.

1

Өнердің бағыты, стилі

Анықтамасы

1

Модернизм

XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы.

2

Импрессионизм

Алғаш рет Францияда 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында өнерде қалыптасқан ағым. Импрессионизм өкілдері өмірді әсерлі бейнелеуге ұмтылды.

3

Авангардизм

Қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, өмір бірқалыптылығынан алшақтай отырып, көркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым.

4

Экспрессионизм

Еуропа өнері мен әдебиеттіндегі бағыт. Еуропадағы 20 ғасырдың 1-ширегінде болған әлеуметтік дағдарысқа жауап ретінде көрініс тапты.

5

Сюрреализм

Модернистік өнердің бір бағыты. Францияда басталған өнер ағымы болып, дадаизм ағымын қайнар етеді.

6

Абстракционизм

Қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты қаттарды ескермейтін ағым. Абстрактілі өнер шындықты тiкелей керсетпейтiндiктен, оны кейде «затсыздандырылған», деп айтады.

7

Кубизм

Францияда ХХ ғасырдың алғашқы жартысында пайда болған,модернизмге бағыт алған,әсіресе суретте ерекше орын тапқан бейнелеу өнері.

8

Гиперреализм

Ағылшын тілінен аударғанда фотореализм дегенді білдіреді. Ол бейнеленген заттың сырт көз аңғара бермейтін тұстарын сол қалпында суреттелуіне немесе әр адамның әр тал шашынан бастап, әр қырына дейін айна-қатесіз сомдалуын талап ететін өнер түрі.

9

Хайтек

Сәулет және дизайндағы стиль, 1970 жылдары кеш модернизмнің тереңдігінде пайда болды және 1980 жылдары кеңінен қолданылды.

Қортынды : Жер бетінде 250-ге жуық ұлт болса, сонша ұлттың өзіндік ерекше өнері, ерекшелігі болары сөзсіз. Көптеген өнер стильдерінің ішінде де өзіне тән, басқа стильге ұқсамайтындары болады. Жоғары атап өткен өнер стильдерімен таныса отыра, олардың көбі Еуропа жерінен шыққандығына көз жеткізсек болады. Олай болса, Еуропа – өнердің тарихи тамыры десек те болады.



  1. Тапсырма: Берілген сұрақты талдап жазыңыз.

«Ақпараттық қоғам өнердің дамуына қалай ықпал етті?»

Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу негізінде әр түрлі процестер және құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді және оңтайлы құруға болады. Ақпараттық қоғамды дамытудың негізгі белгілері компьютерлердің болуы, компьютерлік желілерді және сондай-ақ күнделікті қызметте ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдаланатын, ақпараттық салада қамтылған халықтың санын дамыту деңгейі болып табылады. Сондықтанда, ақпараттық қоғам өнерде де өзінің ерешеліктерімен орын алды. Жаңа өнер түрлері пайда болды, ұмыт қалған өнерлердің жалғасы табыла бастады. Дүние жүзінің түкпір-түкпірінен мыңдаған өнер түрлері бар екенін біле алатын мүмкіндік ашылды.





  • Модернизмнің басты ерекшелігі неде? Модернизм қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм жеке тұлға санасын рухани ауытқулармен байланыста қарады. Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты.

  • Өнердегі қандай ағым авангардизмге жатады? Экспрессионизм

  • Сюрреализмнің негізінде қандай ғылыми теория бар? Сюрреализм 1920-1930 жылдары аралығында еуропалық өнер мен әдебиетте қатты дәурендеді және кейінгі мәдениетке өз әсерін тигізді. Теориялық негізін Зигмунд Фрейдтің психоанализінен, және Бергсонның интуиция ілімінен қабылдады. Олар интуициялық түйсікті, жанның шындықтан тұйықталған ішкі сезінімін, жасырын сана мен санасыздықты дәстүрлі қалыпты бұзған тәсіл-амалдар арқылы көрсетіп беруге тырысты. Олардың қозғалысын сюрреализм қозғалысы, немесе асқан шындыққа талпыныс деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет