2.Ғылыми педагогикалық әрекеттің сипаттамасын атаңыз



бет1/2
Дата08.12.2022
өлшемі23,32 Kb.
#161841
  1   2
Байланысты:
2,17


2.Ғылыми педагогикалық әрекеттің сипаттамасын атаңыз.
Әрбiр ғылым өзiнiң дербес дамып жетiлуi үшiн өзiнiң iзденiс зерттеу әдiстерiн құрып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Кез-келген ғылыми-зерттеу жұмысы әрбiр құбылыстың, мәселенiң ерекшелiктерiне сәйкес қолданылып және жүргiзiлiп отырады. Алдымен ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы сөз болмас бұрын ғылым - дегенiмiзге толығырақ шолу жасағанымыз дұрыс болар. Ғылым түсiнiгiне әдебиеттерде түрлi анықтамалар, түсiнiктемелер берiлген. Ғылым-объективтi ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала бағыттауға арналған жүйелi түрде құрылған бiлiмнiң жоғарғы түрi.
Ғылым – ақиқаттағы тәжiрибемен тексерiлген және дәлелденетiн қоршаған орта жөнiнде тарихи қалыптасқан және үнемi дамып отыратын адам бiлiмiнiң логикалық жүйесi. Сонымен ғылымды ерекше тану деп айта аламыз. Ғылым - қоршаған орта туралы ақиқат бiлiм жинау және теориялық жүйеге келтiру болып саналатын зерттеу қызметiнiң бiр саласы. Тарихи тұрғыда ғылым адамзат дамуының белгiлi сатысында, тiкелей қажеттiлiктердiң қосылысынан құралған, осының негiзiнде ғылымтану теориясы келiп шығады.
Ғылымтану – ғылымның дамуын және қызмет ету заңдылықтарын қарастыратын зерттеу саласы. Ол ғылыми қызметтiң құрылымын және динамикасын ғылымның басқа қоғамдық институттарымен қоғамның рухани және материалдық салалары мен қарымқатнасын зерттейдi. Қоғамның өндiрушi күштерiнiң дамуында ғылым шешушi рөл атқарады және ол қоғамның өзгерiп, түрленуiнiң қуатты құралы болады. Алайда, ол тек жетiстiктерiнiң өндiрiске қолдануы нәтижесiнде ғана ғылым толығымен және тiкелей өндiрушi күшке айналады.
Ғылымның динамикалық дамуы деректер жинаудан, оларды зерттеу мен жүйелеуден, жекелеген заңдылықтарды жалпылау мен танудан белгiлi деректердi түсiндiрiп, жаңа деректердi болжай алатындай ғылыми бiлiмдердiң логикалық қисынды жүйесiне әкеледi. Сонда алынған нәтижелердiң сипаты бойынша, ғылыми зерттеулердiң бәрi келесi негiзгi топтарға бөлiнедi: iзденiстiк, iргелi және қолданбалы ғылымдар.
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.
Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.
Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланысты комплексті жүзеге асырылып, іс-әрекеттің компоненттері де болады. 
Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс-әрекеттер мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ: іс-әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруы қажет етеді. Комплесті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады.
Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушінің санасына да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметіне де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі:өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет