Дінтануды оқытудың әдістемесі



бет2/6
Дата19.12.2021
өлшемі52,48 Kb.
#103414
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
емтихан
емтихан, емтихан, емтихан, 12-Комбинаторика, Лекция 2, тапсырма №10 (1)
2.Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс–әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана–сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.

Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.

Оқыту – таным процесі. Танымдық ерекшелігі – оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.

Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп, дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.

Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.

Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан–жақты жетілуін түйістіреді.

Оқыту –екі жақты процесс. Оқыту – оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс–әрекеті болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.

Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.

Сөйтіп, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай өзгертіп отырады.

Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл–ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі – оқушыларға білім беру.

Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әр түрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Екінші қызметі – тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны мен тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципке негізделіп, бірлікте қолданылады. Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім береміз. Сөйтіп, тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.

Үшінші қызметі – дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл – ойы, сана – сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан –жақты қалыптасып дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық процестері де қарастырылады).

Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы боп есептеледі. Сондықтан, дамудың қарқынды, жан –жақты әрі, терең болуы білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму өз алдына олардың қызметінің нәтижелі болуына қолайлы ықпал етеді.

3. Білімді бақылаудың негізгі мақсаты – оқушылардың білім алудағы жетістіктерін анықтау, білімін тереңдету және болашақта оқушыларды қоғамдық іс-әрекетке қосылудың алғышарттарын жасау. Бұл мақсат ең алдымен оқушылардың оқу материалын меңгеру сапасын анықтаумен тығыз байланысты. Екіншіден басты мақсаттың айқындылығы өзін-өзі бақылау мен өзара бақылауды қабылдауды үйренумен және өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау қажеттілігін қалыптастырумен байланысты. Үшіншіден, бұл мақсат оқушылардың орындалған жұмысқа деген жауапкершілігін, ынтасын арттыру тәрізді жеке тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуді жоспарлайды.

Егер оқушының білімін анықтаудың аталған мақсаттарын жүзеге асырса, онда бақылаудың мынадай міндеттерін ажыратуға болады: бақылаушы, білім беруші, диагностикалық, болжамдық, дамытушы, бағыттаушы, тәрбиелік.



Бақылаушы міндет. Бұл міндет оқушының білімін, ақыл-ой дамуының деңгейін, білім еңбегінің ұтымды дағдыларын анықтау.

Бақылаудың көмегімен білім, білік, дағдыны болашақта меңгерудегі алғашқы деңгейін, оларды игерудің тереңдігі мен көлемін оқып білуді анықтауға болады. Жоспарланған және нақты нәтижелерді салыстыру, мұғалімның қолданатын оқу құралдарының, әдіс-тәсілдерінің тиімділігін орнықтыру.



Білім беруші міндет. Білім мен білікті және оларды жүйелендіруді дамытатын міндет.

Бақылау кезінде оқушылар өздерінің алған білімдерін қайталап, бекітеді. Олар өткенді қайталап қана қоймай, алған білімдерін жаңа материалды өткен кезде пайдалана алады. Бақылау, оқытылып жатқан материалдың негізгісін, бастысын бөліп алуға көмектеседі және бақыланып жатқан білім мен білікті анағұрлым нақты әрі айқын етеді. Сонымен қатар, бақылау білімді жалпыландырып, жүйелейді.



Диагностикалық міндет. Бақылаудың диагностикалық міндетінің мәні – оқушы білімінің қателіктері, нені білмейтіндері, нені ескермейтіндігі туралы ақпарат беру және оқу материалын меңгерудегі оқушы қиындықтарының себептерін, қателіктерінің түрін және санын анықтау. Диагностикалық бақылау нәтижелері арқылы оқыту методикаларының әлдеқайда интенсивті түрін таңдап алуға болады, оқу құралдары мен тәсілдерінің мазмұнын болашақтағы жетілуін нақтылауға болады.

Болжамдық міндет. Бұл міндет оқу-тәрбие процесі туралы болжамдық ақпарат береді. Бақылау нәтижесінде оқу процесінің белгілі бір үзіндісінің жүруін болжауға болады: келесі оқу материалын меңгеру үшін нақты бір білім, білік, дағды жеткілікті қалыптасты ма деген сияқты.

Танымдық әрекеттегі қабылдау жүйесіндегі белгілі кемістіктер немесе бүгінгі қателіктерді түзеп, оқушының алдағы уақыттағы мінез-құлығының үлгісін қалыптастыру үшін болжамның нәтижелері қолданылады.

Болжам, оқу процесін болашақта жоспарлау және іске асыру үшін дұрыс қорытынды алуға көмектеседі.

Дамытушы міндет. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуда танымдық белсенділіктерін ынталандыру үшін бақылаудың маңызы зор. Бақылау процесінде оқушының сөйлеу мәдениеті, назары, ойлау қабілеті, беріктілігі және есте сақтау қабілеті дамиды. Бақылау қызығушылық, қабілеттілік, қажеттілік, ерекшелік тәрізді жеке тұлғалық қасиеттердің дамып, сыртқа шығуына септігін тигізеді.

Бағыттаушы міндет. Бұл міндеттің мәні – бір оқушымен немесе топпен жұмыс атқарғандағы оқу мақсатының қандай жетістіктерге жеткендігі, яғни оқу материалы қаншалықты меңгерілген және танылғандығы туралы мәлімет алу.Оқушылардың кемшіліктерін, қателіктерін аша отырып, бұл міндет білім мен білікті мейлінше жетілдіруге жұмсалатын күштің бағытын көрсетеді. Бақылау оқушыға өзін жақсы тануға және өз білімі мен мүмкіндіктерін бағалауға көмек береді.

Тәрбиелеуші міндет. Оқушыларды білімге, тәртіпке, ұқыптылыққа, шынайылыққа тәрбиелеу – тәрбиелеуші міндеттің маңызы. Тексеру – тапсырманы орындау барысында өз-өзін анағұрлым бапйыпты және жүйелі бақылауға түрткі болады. Ол үнемі еңбекке дағдысын, тұрақты ерікті тәрбиелеудің шарты болып табылады.

Бақылаудың міндеттерін көрсету, оқыту процесіндегі рөлі мен маңызын ашады. Оқыту процесінде бұл міндеттер түрлі дәрежеде және байланыста білінеді.Жүзеге асырылған осы міндеттер бақылауды әлдеқайда тиімді етеді және оқыту процесінің өзі де тиімді болады.Сонымен, білімді бақылау оқыту процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бақылаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар, олардың ішінен ең негізгілерін қарастырайық.



Ауызша тексеру. Бақылаудың мақсаты мен тексерілетін материалдың мазмұнына байланысты ауызша тексеру әр түрлі ұйымдастырылады. Тексеруге қойылған мақсаттар арасынан мыналарды бөліп алуға болады: үй жұмысының орындалуын тексеру, жаңа материалды игеруге дайындықтарын анықтау, түсініктілік және жаңа материалды игеру дәрежесін тексеру. Мазмұнына байланысты тексеру алдынғы өткен сабақ бойынша немесе бөлек бөлімдер және тақырыптар бойынша жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет