Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы
ОСӨЖ 15
Тақырыбы: Қоршаған ортаны тазартудағы биотехнологияны өңдеулер
Тобы: БҚБ-303
Орындаған: Жалгасова Айгул
Қабылдаған: Агадиева М.С
Ақтөбе 2022
1.Биотехнологиялық процестердің ерекшелігі сол, олар суды, ал аэробты жағдайда ауаны көп көлемде тұтынады да, алынатын қатты қалдықтар мөлшері тым жаратусыз болады. Микробиологиялық өнеркәсіптерінің мекемелерінде өне – бойы екі мәселе шешіледі:
Өнеркәсіптік асептика, яғни биореактор ішіне бөгде микроорганизмдердің ену мүмкіндігін жою.
Қоршаған ортаны қорғау, яғни ауа және су қалдықтарына, түзгіш — клеткалардың еніп кетуін болдырмау. Бұл құбылыс өте қауіпті, өйткені адам үшін микроб белогы бөтен нәрсе, сондықтан ол халық арасында аллергиялық реакциялар қоздыруы мүмкін. Өндірісте орын алатын бұл оқиғаның микроорганизмдердің қандай штамдары – патоген бе, әлде патоген емес пе, тіпті өлтірілген түрлері ме, оған ешқандай байланысы жоқ.
Сумен қамтамасыз ететін бөлімшелер алдына едәуір мәселе қойылады.
Биотехнологиялық өнеркәсіпте қоректік заттарды даярлау, жуу, бөліп алу үшін және сонымен бірге биореакторлардың режимдерін бір қалыпты дәрежеде ұстап тұру үшін көп мөлшерде су қажет. Айналымдағы судың ағыны тұйық болса да, бұнда тазалау жұмысы қарастырылып тұруы тиіс, өйткені суытатын агентке (хладоагентке) биореакторлардың конструкциялық ақаулығынан культуралдық клеткалары аз ғана мөлшерде болсада, кез – келген уақытта еніп кетуі ықтимал. Реакторлардан технологиялық суларды шығарып, тазалауда көптеген қиындықтар кездеседі. Көбінесе бұндайда активті лай (тұнба) қолданады. Бірақ болашақта су тазалайтын мембрандық технологияны өндіру және бір реактордан шығатын микроорганизмдерден тазартылған технологиялық суларды басқа реакторлардағы культураларға қоректік зат ретінде пайдалану сияқты метаболизмдерді өне-бойы айналымда болатын жабық /тұйық/ өндірістерді жасау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Жаңа штамдарды табу мен оларды қолдану микробиологиялық технологияны құру бірқатар техникалық қауіпсіздіктер шараларын іске асырумен байланысты. Бұл мәселе көптеген конференцияларда айтылып жүр. Мысалы, Асиломар конференциясында /1975, ақпанында/ ДНҚ-ның рекомбинантты молекулаларымен жұмыс істеуде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең басты принципі жасалған болатын.
Істің мәніне назар аударсақ төменде келтірілген жағдайларды зерттеу жұмыстары нәтижесінде қажетсіз қасиеттері бар генотиптердің пайда болуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Бұлар:
Микроорганизмдерге патогендік қасиеті бар, бетен генетикалық материалдарды байқаусызда өндіріп алу.
Жаңа микроорганизмдерді өздерінің табиғи тіршілік ортасына ендіру.
Осы жаңа микроорганизмдердің зертханадан жоғалып кетуі.
Экосистемаға тікелей зиян келтіретін өте қауіпті генетикалық материалды жаңа микроорганизмнің геномынан басқа организм геномына тасымалдау.
Бұндай жағымсыз құбылыстан құтылу жолы – көпшілік жағдайда зертханалық арнаулы қоректік орталарда есе алатын, әлсізденген штамдармен жұмыс жүргізу.
Жоғары сатыдағы трансформацияланған организмдер – өсімдіктер мен жануарларды пайдаланумен байланысты, жұмыс істеуден биотехнология ерекше үміт күтеді. Бұнда да трансгендік өсімдіктерді қадағалап өзінде орын алатын кемшіліктер, едәуір қауіп төндіретінін естен шығармау қажет.
Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, біздің жүзжылдығымыздың соңында «Болжамдық экология» деген ғылым қалыптасуы тиіс. Ол қоршаған ортадағы трансформацияланған макро- және микроорганизмдердің касиеттерінің бет алысын қадағалап отыруы тиіс. Көп уақыт қаржыны талап ететін болсада биосфераны сақтауда бұл жұмыс өте қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |