41 мәдени-экономикалық тұрғыдан қайсысы тиімді дегенді жан-жақты сөз ете
келіп, “тұтынып отырған әліпбиді тастап, бөтен әліпбиге көшкенде, қанша
сауатты адамдар сауатсызға айналмақшы, қанша мұғалімдер қайтадан хат
үйренбекші, қанша баспаханалардың қаріптері жаңадан жасалып, жаңадан
құйылмақшы, қанша қаржы шықпақшы, қанша еңбекті сарп етпекші. Ең
сорақысы – халықтың ғасырлар бойы араб әрпімен жазылып, жиналған бай
мәдени мұрасынан кейінгі ұрпақ “қол үзіп мақұрым қалмақшы” деп дәйекті
дәлелдер келтірді. Кейін Ахаңның осы пікірлері өзіне кесел болып жабысып,
“халық жауы”, “панисламист” деп айыпталып, атылуына себеп болды.
А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениетіне, оның ішінде ұлттық
педагогика мен оқу-ағарту ісіне сіңірген өлшеусіз мол еңбегін М.Әуезовше
бағаласақ,”Анама тарту“Ахаң түрлеген ана тілі”, Ахаң салған әдебиеттегі
орны”, “Қырық мысал”, “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 ж. қан жылаған қазақ
баласына істеген еңбегі, өнер-білім, оқу-ағарту, саясат жолындағы қажымас
қайраты… тарих ұмытпас істер болмақ”.