47 Ахмет Байтұрсынов тіл тазалығына анықтама беріп, тіл таза болу
үшін өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашу керегін
алға тартады. Өз сөзінде: «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа ауыз тиген
жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін,
ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына
қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек»,- дейді. Және
осы ұлы талабын өзі нақты іске асырады.
Тіл білімінің атасы қазақта бұрын бола қоймаған терминдердің
баламасын тауып, не өз жанынан жаңадан қосып сөз жасай отырып,
ғылыми мәселелерді ұғынықты түсіндіріп береді. Мысылы, толғау, терме
– қазіргі әдебиетте бар терминдер болса, үгіт өлең, үміт өлең – Ахмет
Байтұрсынов әдебиет материалы негізінде айқын тұжырымдаған ұғымдар
[3, 3-б.].
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынов – тіліміздегі төл
терминдердің негізін салушы. Ұлт жанашыры шет сөзді араластырмай,
қонымды, ықшамды, бір-бірімен сабақтас, ұйқас, ұялас ұғымдардың тұтас
ұлттық қазақы жүйесін жасап берді. Олардың басым көпшілігі автор
репрессияға ұшырап, кітаптың тиым салынғанына қарамастан, әдеби тілге
кіріп кетті. Ал қалған ұғымдарды қолдану мен насихаттау – біздің
жауапкершілігімізде тұр.
Халық қамқоры, қайталанбас ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынов былай
деп жазған: «... Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға
ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз
алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын
ұмытпауымыз керек. Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып
шыққандар қазақ тілін елеусіз қылып, хат жазса өзге тілде жазып, қазақ
тілінен алыстап барады. Бұл әрине, жаман әдет. Егер тілге осы көзбен
қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса,
ол уақытта тілмен де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі
қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан
тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті».
Иә, бойындағы барлық күш-қуатын, мүмкіндігін елі үшін сарқа
жұмсаған саңлақ ердің еңбегін бағалау, дамыту, ұлықтау қара жердің
үстінде қазақ барда ұмытпау – бізге парыз. Ұлттық құндылықтарымызды
тіл арқылы сақтап, ұрпақ жүрер із салып, өзі жазған туындылармен қуат
беріп, ертең үшін еңбек етіп, үлгі бола білген ҰЛТ ҰСТАЗЫна басымды
иемін!
Пайдаланылған әдебиеттер: