45 Ұлттың ісін ұлы іс деп санаған әдебиеттану ғылымының атасы –
Ахмет Байтұрсынұлы өз өмірі үшін қауіп төніп тұрғанын білсе де, оққа
сүйенген арқардай бар ғұмырын жазуға сүйеп, «қазақ қалай ел болады»
деген ойдың жетегінде ұлтқа қалтқысыз қызмет қылды.
1904 жылы Ахмет Байтұрсынұлының Омбыдағы Торғай облысы оқу
істері жөніндегі инспекторы Алектровты іздеп барғандығы жөнінде
мәлімет бар. Оған мектептерде қазақ балаларын христиан дініне кіргізуді
доғаруды, мұсылманша оқытатын қазақ кластарын ашу мәселелерін
айтқан болатын. Бірақ миссионерлік қызмет атқарып жүрген Алектров
Ахмет Байтұрсынұлының көтерген мәселелеріне көңіл бөлмейді. Ресей
отаршыларының қазақ жерінде мектеп ашқандағы мақсаттары, оларды
христиан дініне көптеп тарту екенін Ахмет Байтұрсынұлы содан түсінген
[1, 11-б].
Сол күннен бастап Алаш ардақтысы ағарту ісіне жаңа бағыт әкелу
үшін ғылыми бағытта зерттеу жұмысына белсене кірісті. Осы жерден-ақ,
Ахмет Байтұрсыновтың балалардың болашағы үшін бар мүмкіндігін
мақсатына жұмсаған қайраткерлік мүддесін тануға болады. Балалар
әдебиетіндегі алатын орны шығармаларымен қатар қамқорлығымен де
астасып жатыр. Қарқаралыда алпыс баланы оқыту оңайырақ
болғанымен, алты миллион қазақтың көзін ашу маңызды екенін түсінген
ұлт ұстазы талмай талай тер төкті.
Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылы «Әдебиет танытқыш» деген
атпен Ташкентте басылып шыққан туындысы қазақ әдебиеттану
ғылымының негізі болып табылады. Себебі ұлттық әдебиеттанудың
ғылыми негізі, әдебиетке тән басты терминдер осы кітапта қамтылған.
Сондай-ақ, кітапта қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын
топтап, жіктеп қана қоймай, төл терминдерді қалыптастыра білген деп
айтуға болады.
Олай деуге себеп, Ахмет Байтұрсынұлы әрбір термин сөзді сол күйі
тілімізге енгізуден аулақ болып, барынша қазақ тілінің ұғымына сай, ойға
оралымды, тілге ықшам етіп алып жазып отырған. Мәселен, орыс
тіліндегі «предложение» сөзін тікелей аударса «айтуға негізделген
ұсыныс немесе алдын-ала құрастырылған ұсыным» мәнінде жұмсалуы
тиіс. Ал Ахмет Байтұрсынұлы мұндай терминдердерді аса даналықпен
аударып, қазақтың ұғымымен кірігіп кетуін қадағалап отырған. Қазақтың
өз қисыны ғой,-дейді ұлт ұстазы «предложение» сөзін аударып отырып,
суды бір ұрттағаның – ұрттам, тұзды бір шымшып алғаның – шымшым,
яғни сөйлесудің бір бөлігі – сөйлем деп аударылады. Ән өлеңіндегі бір