Қазақ әдебиеті пәнін оқыту үрдісіндегі жаңа бағыт бойынша ізденістер Г. Н. Жүнісова Жалағаш ауданы,Таң ауылы,№118 орта мектеп



Дата01.01.2020
өлшемі23,66 Kb.
#55378
Қазақ әдебиеті пәнін оқыту үрдісіндегі жаңа бағыт бойынша ізденістер
Г.Н.Жүнісова

Жалағаш ауданы,Таң ауылы,№118 орта мектеп
Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.Оқыту барысында алға қояр мақсат - оқу ісіне қызықтыра білу, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.

Білім берудің қазіргі заман талабы - оның ашықтық кейпі , яғни әр оқушының жан –жақты іс –әрекетін кеңейтіп, оның өмірлік кәсіби шеберлігін арттыру және қалыптастыру .

Қазіргі сапа стандартының білім беру саласының нұсқауларында оқушылардың тіл байлығының қалыптасуына басты көңіл аудару, олардың біліктерін, топпен бірге шешім қабылдай білу, ерекшеліктерді ажырату ; қарым - қатынас жасап , талдай білу ; ситуациялық шиеленістерді өз беттерімен шеше білу ; термин сөздерді түсініп , жаңа сөздермен таныса білу талаптарын қойған .

Осы талаптарды орындау керектігін ескеріп , тізбектелген сабақтар топтамасында бір модульдің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп жазу үшін «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер » модулін алдым .

Бұл модуль ішінара екіге бөлінеді :

1)Диалог негізінде оқыту және оқу ;

2)Қалай оқу керектігін үйрену .

Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой -пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді ( МАН , 13-б. ) .

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды роль атқаратындығын көрсетті . Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар , олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді ( МАН ,39 -б. ) .

Менің тізбектелген сабақтарымда «Диалог негізінде оқыту және оқу » модулі кең көрініс тапқан .

Іс –тәжірибе кезеңіндегі бірінші сабағымда ынтамақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында :

Армысыңдар , ұл –қыздар ,

Әзірміз бе сабаққа ?

«Әдебиет- сөз өнері» ,

Сай келейік талапқа .

Бар ма үйден дайындық ?

Тапсырмамыз дұрыс па ?

Оқымасаң уайым қып ,

Тығылмаңыз қуысқа .

Ойымызды ашып айтайық ,

Білімімізді байқайық.

Қатысушы ұстаздар ,

Қалсын бір сәт марқайып , - деп өлеңмен бастау арқылы , оқушылардың назарын бірден сабаққа аударып , «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек » деп Абай атамыз айтқандай бұл сабақтың басқа сабақтардан ерекше болатындығын және Кембриждік тәсілдер арқылы өтетіндігін атап өттім . Осылайша ерекше көңіл –күймен сабақты бастап кеттім .

Ақан сері мен Жаяу Мұсаны салыстырып , ортақ қасиетін тапқанда оқушының Ақан сері де , Жаяу Мұса да әділетсіздіктің салдарынан астарындағы аттарынан айырылғандығын , яғни менің ойыма келмеген жауапты айтуы мені таң қалдырды .

Топтық жұмыста «Сэндвич» әдісі арқылы бағалау кезінде А. есімді оқушы ( ол менің С оқушым болатын ) :


  • Сэндвичтің бар тәттісі ортасында , неліктен ортасына ұнамаған нәрсе жазамыз ? «Біржан сал » тобына үш жақсы баға берсем бола ма ? - деп сұрақ қойды . «Біржан сал» тобының жауабына қанағаттанғандықтары әбден белгілі болғандықтан , келіспеуге амалым қалмады . Бірақ , әдіс шарты орындалуы міндетті екенін айтып өттім .

Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау барысында :

  • Ақын есіміне «Жаяу » анықтауыш сөзінің қосылу себебі неде ? - деп сұрағанымда оқушылар қоғам әділетсіздігі салдарынан , Шорман әулетінің аяусыз қысым көрсетіп атын тартып алғандығынан Жаяу Мұса аталып кеткендігін айтты .

Сабақ соңында «Еркін микрофон» әдісі арқылы оқушылардың сал-серілер туралы мәліметтер сұрағанымда мынадай жауаптар алдым .

  • Тарих көзімен қарағанда серілік түрік қағанаты кезінде шыға бастаған . Атақты Иоллық деген кісі - аңшы , мерген , атты жақсы баптайтын ат сейіл , сонымен қатар ақын , жырау болған . Тасқа эпикалық жырларды қашап жазған да осы кісі .

  • Қазақ аңыздары бойынша , Қорқыт ата да ескі дәуірдегі серілікті бастаушылардың бірі болып табылады .

  • Эпостық және лиро- эпостық жыр кейіпкерлері Қозы Көрпеш , Төлеген , Ер Тарғын да тамаша серілер . Ел -елден қыз таңдап , шатыр тігіп , аң аулап қасына көп сері ертіп , ойын сауық құрған .

  • Бір өкініштісі , сал мен серінің қашан шығып , қалай өркендегенін айтып берген бір ауыз сөз әдебиетте кездеспейді . Қазір жазушы Бижанов пен Ақселеу Сейдімбек зерттеп жүр .

Оқушылардың кітаптан тыс мәліметтерді айта отырып жауап, олардың бойында пәнге деген қызығушылық, ізденімпаздық қасиеттердің артқандығын байқатты .

Балаларды диалогпен дәйектеуге , талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулерде көбейе түсуде .Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру - мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады .Балалар күннен –күнге қол жетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек (Wolfe and Alexander,2008).

Сабақ барысында А. есімді оқушы Жаяу Мұса әнін нақышына келтіре орындады .Бұл менің С деңгейіндегі оқушым болатын .Осы оқушымның сабаққа деген ынтасының артып келе жатқандығын байқадым . «Балуан Шолақтың өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесі » тақырыбында өткен сабағымда Балуан Шолақтың шын аты кім екендігін , неге Балуан Шолақ аталып кеткендігін сұрағанымда, оқушылар оның жамбасы жерге тимеген балуан екендігін және оң қолының саусақтары күйіктен немесе үсігеннен шолақ болып қалғандығын , әйтпесе әп-әдемі Нұрмағамбет деген есімі бар екендігін айтты .

Дәлелдемеге идея мен мүмкіндіктерді алға жылжыту және келісу деген анықтама берілген. Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшыларымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетт бола түседі. Түсінуді басты назарға ала отырып, ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлеледерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады.

Сұрақтар туындаған жағдайда, мұғалімдердің ақпарат көзі болуы міндетті емес, оқушылар мен мұғалімдер бірлесіп интернет көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады,

Мұғалімдер оқушыларға табылған ақпараттардан қажеттілерін таңдап, баға беріп, іздеудің тәсілдері туралы сыни тұрғыдан ойлауға көмектесе алады. Диалогтік педагогика – балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы ( МАН ,51-б.).

Осы сабағымда «Де Бононың қалпақтары » әдісін қолдандым . «Қызыл қалпақ » тобы- Балуан шолақтың өз шығармалары мен С. Мұқановтың «Балуан Шолақ » повесіндегі ақын бейнесі туралы баяндады .Балуан шолақтың «Түйе Балуан» атанған Календі дүйім жұрттың көзінше күш сынасуда жеңуін , ең үлкен атты иығына салып көтеріп кете беруін, оның ел ішінде беделінің арта түсуіне ықпал жасағандығын айтуы- оқушылардың оқулықпен қатар , қосымша әдебиеттерді де, ғаламтор материалдарын да көп оқығандықтарын байқатты .

«Қара қалпақ» тобы- ақын өміріндегі келеңсіз жағдайлар туралы айтты . Балуан шолақты жергілікті өкіметтің қуғындауы , түрмеге отырғызуы - ақынның орыс казактарын сабап , қол- аяғын байлап , олардың сексен өгізін айдап кетуінен басталғандығын және оның отаршылдыққа қарсы күрескер тұлға болғандығын көптеген мысалдар келтіре отырып айтты .

«Ақ қалпақ» тобы - ақынның халық арасындағы беделі туралы айтты . «Елдің қолпаштауы арқылы шабыттанатын арқалы әнші - композитор , жиырмаға жуық әндері болған , әндерінің сөздері де асыл , рухы асқақ. Сондықтан Балуанның ақындық дарынын да , яғни импровизаторлығын лайықты бағалаған жөн ».

Оқулықтан тыс тың пікірлерді көбірек айтқан «Көк қалпақ» тобы болды .Олардың пікірі : «С. Мұқановқа К. Әзірбаев Балуан шолақтың әндерін оның өз аузынан үйренгенін айтқан. Ал , Балуан шолақтың ағайындары өз естеліктерінде оның суреті болмағанын айтады .Тағы да талас тудырып жүрген мәселе- Балуан шолақтың қайтыс болған жылы . Біздің пікірімізше , Балуан шолақ ел арасы ду-ду етіп Ресейден бүліншілік басталған кезде өзінің туған жеріне оралған тәрізді . Қарашекпенділер оны қайтадан сотқа тарта алмай , өз беттерімен кек қайтару үшін , оны аңдып жүріп атқаны 1918 жыл болуы керек . «Іштен тиген оқ жарақатын көтеріп , біраз уақыт жүрді» деген дерек бар –тын . Балуан Шолақты білетін замандастары мен ағайындарының естеліктерінде «1919 жылы қайтыс болды» делінген. Жалпы, қайталанбас ірі тұлғалардың бірі Балуан Шолақтың өмірбаянын , шығармашылығын толық зерттеп лайықты бағасын беру ұлт тарихы үшін қымбат ».

Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді.Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп,басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп,дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады.Бұл-мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша,диалог пен ауызекі немесе «интерактивті»оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданылатын «диалектика» элементі (Wolfe and Alexander,2008).

Ұстаз-өмірдің шуағы мен нәрін себуші,берілмес қамалдардың алыбы.Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде түбегейлі өзгерістер енгізіп жатқаны белгілі.Ең бастысы,әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында алғашқы қадамдар болып отыр.Оның мына замандағы адам ретіндегі миссиясы –маңайындағы адамдардың, алдарындағы оқушылардың ішкі сезімін, жандүниесін, қызығушылығын ояту екендігін мектептегі іс-тәжірибе кезінде жақсы «Бүгінгі таңда өзекті борлып отырған » «оқу қоғамдастығы » деген ұғым бар,онда оқушыларда,мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс бір-бірін қолдау,топтық пікір мадақталады, олар топпен жұмыс істейді, онда тыңдау,дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Бұл философия одан әрі оқуда нық тұру үшін қажетті өзін-өзі құрметтеумен және өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталады, нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл,өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады» деп МАН-да айтылған сөздер тегін айтылмаған. Сабақ басында ешнарсе білмеймін деп, өзін "Табыс ағашының" ең төменіне орналастыраған оқушы,топтық жұмыстан соң өзін ең жоғарғы шыңына бір-ақ шығарды. Ол тақырыпты толық меңгермегенмен көп мәліметтер игергенін жетелеуіш сұрақтар қою арқылы білдім.

«Бақылау нысандарының» А парағы бойынша топта рольдік бөліністер болды және әрқайсысы өз міндеттерін қалай атқарғандығы жөнінде жазып отырды.

Оқушылардың өз білімдерін бағалау үшін оларға «Көп білдім. Көп білген жоқпын. Аз білдім» кестесін толтырттым және шынайы жазу керектігін талап еттім. Оқушылардың көбі көп білгендіктерін көрсетіп жатты және оның қаншалықты шындық екендігін тексеру мақсатында жекелеген оқушыларға сұрақтар қойдым.

В деңгейіндегі оқушым өзіне өте жоғары баға бергендіктен одан Балуан шолақ бойындағы мол қайрат анасынан келгендігін растайтын мысалдарды келтіруін сұрадым. Ол ойланбастан Балуан шолақтың өмір жолы,отбасы туралы көп білетіндігін көрсетті. А. -ның білімге деген қызығушылығының артқанын үлгерімінде ілерілеушілік бар екенін бірден түсіндім. Тізбектелген сабақтарымның соңғы сабағында осы оқушымның мінезінің ашылғанын, келесі топқа баға беруде өз пікірін қосып отырғандығын көріп осы бағдарламаның әдіс- тәсілдерімен сабақ өту өте тиімді екенін білдім.

А деңгейлі оқушымдағы өзгерісті білу үшін сабақ барысында оған Балуан шолақ өлеңдері мен С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңінің арасындағы үндестікті табуды тапсырған болатынмын,ол оқушы да тапсырманы тыңғылықты орындап,ой-өрісінің ұшқырлығын көрсетті. С оқушымның да,пәнге,оқуға деген көзқарасын байқау үшін дәптердегі тапсырмаларының орындалуын,бағалау парақтарын көргенімде,оның жазуға , айтылғанды түртіп отыруға шорқақ екендігін байқадым,есесіне өзін «Табыс ағашының» ең шыңына жеткізіп қойыпты

Бұл ісін құптап, мадақтап сұрақтар қойылу арқылы қаншалықты тақырыпты меңгергендігін байқадым. Нәтижесінде шынында жазуға шорқақ болғанмен, ауызша ақпарат беруге мықты екендігін танытты. Өзінде өзгеріс бар екенін мойындады, бос сөздер сөйлеп уақытты бекер өткізгенше сабаққа аса көп назар аудара отырып, тапсырмалар орындап, сабақ жөнінде әңгімелер айтқан тиімді екеніндігін атап өтті.

Осы оқушы кітапты алып, Балуан шолақ өлеңдерін мәнерлеп оқи жөнелгенде басқа оқушылар таңқалды. Себебі, екі 9- класс қосылғаннан бері оқушылар бұл оқушының кітап оқып, сабақ айтқанын көрмепті және оның жүргізіп,мәнерлеп оқи алатындығын білмеген екен. Басқа кластың қыздары өзіне жақсы пікірлер айтқанда , оның оқуға деген ынтасы арта түскендігін, тағы да басқа өлеңдерін оқуға тілек білдіргендігінен байқадым.



Осы оқушылардың бойынан өзгерістерді көру-нәтижелі жұмыс жасағандығым деп түсіндім.

Білім беру ұстаз үшін үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан күнделікті сабағыма жоспар бойынша дайындалып,соған сай әдіс-тәсілдерді екшеп қолданып,сабақты түсіндірудің тиімді жолдарын қарастырып,оқулықпен ғана шектеліп қалмай тақырыбыма сай келетін күнделікті ақпараттан да мәліметтер беріп отыруын, ізденістің нәтижесі екендігін білдім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет