Сабақтың тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлы Сабақтың мақсаты



Дата06.11.2016
өлшемі39,99 Kb.
#1137
түріСабақ
 Пән: Қазақ әдебиеті

Тобы: ТО-11

Сабақтың тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлы

Сабақтың мақсаты:



Білімділігі: Ақан сері Қорамсаұлының өмірімен шығармалары туралы мәлімет бере отырып, сазгерлігіне тоқталу

Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілетін дамыта отырып, өз бетімен жұмыс жасай білу қабілетін жетілдіру, шығармашылық қабілетін ұштау.

Тәрбиелілігі: Ұлттық өнерді насихаттау арқылы мәдени мұраларды қастерлей білуге шақыру, өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Пайдаланған әдебиет:Қазақ әдебиеті 259-266 беттер

Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Кластер стратегиясы сұрақ-жауап, ой қозғау.

Пәнаралық байланыс: Музыка

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видео(Ақан сері Ақтоқты спектаклінен көрініс)

Сабақтың барысы: студенттермен амандасу, сабаққа қатнасу сапасын тексеру, өткен тақырып бойынша Біржан сал Қожағұлұлы шығармашылығын сұрау

Жаңа білімді меңгерту

Ақан сері Қорамсаұлы 1843 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде дүниеге келген. Балалық шағы Көкшетау өңірінде өткен. Ақанның әкесі дәулетті елге сыйлы адам болған. Жеке дүкен ұстап, дәулетті болған адам. Ақанды әуелгіде жалғыз ұл болғандықтан ерке өсірген. Кішкентай кезінен -ақ ауыл молдасына оқуға берген.

Бала кезінен өлең-жырға әуестеніп, замандастарына арнап өлең шығарған. 13-жасында Қызылжарға келіп Уәлиахун деген кісінің медресесіне оқуға түсіп үш жыл оқиды. 16-жасында еліне оралған Ақан ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық, әншілік, серілік өнердің соңына түседі. Әкесі бұл үшін баласына бөгет болмай еркіне жібереді. Ақан жүрген жерін ойын-сауыққа бөлеп, ел назарын өзіне аударады. Ақанды аялай білген ел оған сері деген ат қосады. Ақан есімі Құлагермен қоса аталады. Ол құлагерді Шөкетай деген кісіден бір ат, бір сиыр, және жиырма бес сом беріп сатып алған. Жетпісінші жылдар ортасында Кіші жүзді аралайды. Осы сапарында аты аңызға айналған Ақтоқты аруға ғашық болады. Ақтоқты атақты бай Сүтемгеннің ұлы Жалмұқанға атастырылып қойған екен. Қанша жерден қайғырса да ол аруға қосыла алмайды. Ақтоқтыдан айырылған Ақан бойдақ жүруге намыстанып Шомайт қожаның Бәтима деген қызына үйленеді. Үш балаға ана болған Бәтима он жылдан кейін ауырып қайтыс болады. Осыдан соң Ұрқия деген аруға үйленеді ол кісі үш айдан соң шешек ауруынан қайтыс болады. Осы кезде соңынан ерген інісі де қайтыс болады. Қайғы үстіне қайғы жамалып Ерейменде берілген Сағынайдың асында Құлагерінен айырылады. Осыдан соң Ақанның өмірі трагедияға айналады. Ақан Құлагерін мадақтап әнге қосып елге жайса, Құлагер де жүйріктігімен Ақанныңатын елге жайды. Сондай оқиға тағы да Ерейменде болады. Керей

Сағынайдың асына Ақан Құлагерді жасырып апарады. Елде Күреңбай деген ат сыншы бар екен, сол Ақанның тұлпарының бас бәйгені алатынын бірден таниды. Мұны естіген Батыраш, Қотыраш деген бай балалары іштарлық танытып, Құлагерге қастандық жасап, шоқпармен ұрып өлтіреді. Қырға шығып қарап тұрған Ақан Құлагерінің көрінбей кеткенінен бір жамандықтың болғанын сезеді. Алдынан іздеп шығады. Сөйтіп, мерт болған Құлагерінің үстінен түседі. Оны көріп азарланып, атақты «Құлагер» әнін дәл осы жерде шығарады.

            От болып қалушы еді шапқан жерің,

            Шаттаныптұрушыедіқосқан елің

            Атығай, Қарауылғаолжасалған,

Бота тірсек, қызсағақ, сандалкерім?!- деп зарлайды.



Бәріне көңілі қапа болған ақан елден жырақ кетіп Қоскөлдегі қопа-қамысты мекендейді. Бұл жақты мекендегенде сылқау баласы Ықпанды қасына алады. Елдің көзіне көрінбей оңашада табиғатпен тілдесіп , қайғысын қайғырған Ақанды жұрт перінің қызымен жүреді деген өсекке қалдырады. Негізінен сығандар асырап алған қазақтың жетім қызы Ақанды шын ұнатып қалады. Бірақ көшіп-қонып жүрген асырап алған ата-анасы қызды өздерімен бірге алып кетеді. Ақанның бойына әкесінен дарыған жомарттық-мәрттік мінез Қоскөлге іздеп келген Суқұсайынға астындағы көк бестісін мінгізіп жіберуінен байқалады. Ақан әкесі еншіге қалдырған дүкен жұмысын да жүргізбей өз басының қайғы-мұңына тұтқын болады. Бұл күнде Ақанның тұтынған заттары арнайы мұражайда сақталған. Ақанның әндері ел ішінде жекелеген орындаушылардың орындауында орындалып жүр. Ақан әнші, ақын, құсбегі , атбегі, құмай тазы баптаған -жігіттің сұлтаны. Ақан серінің әндері Ақтоқтыға арналған «Ақкөйлек», «Қараторғай» «Балқадиша» «Маңмаңгер»тб Ақан жайында Ғабит Мүсірепов «Ақан сері Ақтоқты» пьессасын жазды. Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды. Іляс Жансүгіров «Құлагер поэмасын жазды. Бұл шығармалар классикалық туындыларға жатқызылады. 1913 жылы Ақан сері 70-жасында өмірден өтті.

Сабақты бекіту:

(Ақанның өлеңі тыңдалып, Ақан сері –Ақтоқты қойылымынан үзінді көрсетіледі.) арнай сұрақтар арқылы «Сақина салмақ» ойыны ойнатылып төмендегі сұрақтар арқылы бекітіледі.)

  1. Ақан сері кім?

  2. Ақан серінің алғашқы махаббаты кім?

  3. Өмірдегі алған жарлары кімдер?

  4. Неліктен ақын елден жырақ «Қоскөлге» кетіп қалды?

  5. Неліктен сері деп аталды?

  6. Ол кісі жайында кімдер шығармалар жазды.

Үй тапсырмасы:

Ой толғау

1.Сегіз қырлы, бір сырлы, Ақан аға!

2.Мен сіздің өнеріңізге табынамын!

3. Өнер туралы бес мақал
Каталог: uploads -> doc -> 0747
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0747 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілді
0747 -> Сабақ тақырыбы: "Аламан" ойыны. Сабақ мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет