Дәріс №17 Тақырыбы: Сөз дұрыстығы. Сөздің грамматикалық тұлғалардың, сөйлемнің орынды жұмсалуы. Сөз дұрыстығы



Дата31.05.2020
өлшемі26,46 Kb.
#71848
Байланысты:
926fc173-a532-4f56-a6da-a0bdcc1773d3 (1)


Дәріс №17

Тақырыбы: Сөз дұрыстығы. Сөздің грамматикалық тұлғалардың, сөйлемнің орынды жұмсалуы.

Сөз дұрыстығы - сөзді, грамматикалық тұлғаларды, сөз тіркестері мен сөйлемді тілдегі мағынасына сай қолдану, шындықты дәл бейнелейтінде етіп жұмсау, орынды пайдалану. Қазақ тілінде самай сөзінің самай шаш, самайын қырау шалған деген мағынада беріліп, адамға байланысты қолданылатыны белгілі. Дегенмен газет-журналдарды оқып отырып мынадай сөйлемдерді ұшыратамыз: "Баса киген түлкі тымағының екі самайына қалың қырау қатқан Өзен қария шанадан түскені болмаса, қозғалмай тұр". Сөзді орнымен пайдаланбаудың бірден бір себебі тіл білмегендіктен емес, мұқиятсыздықтан. Тілдік дағдыға, нормаға байланысты самай, желке дегендер - адамға қарата айтылатын сөздер. Әрине, тымақтың самайы, желкесі болмайды. Адамға қатысты нәрсе айтқанда қолданылатын мұндай сөздерді киімге таңу дұрыс емес.

Қазақ тілінде белгілі бір затты я құбылысты әсерлі жеткізу мақсатында бейнелі сөздер, теңеу сөздер, тұрақты тіркестер көптеп қолданылады. Мысалы, "аса көп мыңғырған мал" дегенді алалы жылқы, ақтылы қой деп те бейнелі тіркеспен айтады:

"Алалы жылқы, ақтылы қой

Аңдыған бөрі жемей ме иесі ұйықтап жатқан соң(Махамбет Өтемісұлы). От ауызды, орақ тілді Махамбет батыр сөз мағынасын орнымен пайдаланып, айтарын шебер жеткізді. Ал қазіргі таңда қайсыбірі сөз мағынасын Махамбеттей түсіне алады. Мысалы, "Шағын алаңға шықтым. Анадайдан бір отар ақтылы қой шашырай жайылып келеді"(журналдан).



Сөздің грамматикалық тұлғалардың, сөйлемнің орынды жұмсалуы.

Айталық,сөзге алдымен жұрнақ,содан кейін жалғаудың жалғануы,жалғаулардың өзінің бірізділігі: әуелі көптік,сосын тәуелдік,содан кейін септік жалғауларының жалғануы грамматикалық норма болып табылады. Осы ережеге бағынбайтын мынадай сөздер бар: апаларым – апамдар, әкелерің — әкеңдер. Тек туысқандық қатынасты білдіретін ата, әже, көке,аға,  апа сияқты зат есімдерге ғана жалғауларды осылай норманы бұзып жалғауға болады.Сонда олардың мағыналары екі түрлі болады: апаларым, аталарым, дегенде, олардың көптігін білдірсе, апамдар, атамдар дегенде ол кісілердің қасындағыларды да қоса қамтып,солардың көптігін білдіреді.

Тілдік тұлғаларды белгілі бір стильдік мақсатта пайдалануды нормадан жөнімен ауытқу дейміз. Бұл көбінесе көркем әдебиетте кездеседі. Мысалы, болымсыз етістіктің келер шақтың тұлғасының І жақта ма-й-мын болуы – грамматикалық норма.Ол ауытқып,ман түрінде жұмсалады:

Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

(Абай)

Мұнда –ман қосымшасы ерекше стильдік қызмет атқарып,істі істеуден қайсарлықпен үзілді-кесілді бас тартқандықты білдіреді.

Тілдегі сөздер бір-бірімен қалай болса солай тіркесе салмайды,олардың арасында міндетті түрде мағынлық байланыс болуы шарт.Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігі бірдей емес.Мысалы, биік және жоғары сөздері бір-бірімен мәндес,мағыналас болғанымен,үнемі бірінің рнына бірі жүре бермейді. Сол себептен биік жартас,биік мұрат,биік тау дегенде,биік сөзінің орнына жоғары сөзін қойып айтуға болмайды(жоғары жартас емес,жоғары мұрат емес,жоғары тау емес).Сөздерді жалғаусыз тіркестіру қатеге жатады.

Әдеби тілдің грамматикалық нормаларына сөйлем мүшелерінің дұрыс орналасуы да жатады. Сөз өз орнында тұрмаса,сөйлем мағынасы өзгеріп кетеді және құлаққа тосаң естіледі,көзге оғаш көрінеді.

Сөйлем құрағанда тілдің ішкі ережелерін ескеріп,әр сөзді орнына қойып айтудың үлкен мәні бар, Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тұрақты: баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш сөйлемнің басында не ортасында, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады.



Начало формы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет