54 Жүріңдер іздеп, тауып алалық та!», деген насихаттық жыры жазылады.
Тағы бір өлеңінде:
«Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн сығалап»,
- деген өлең шумақтарымен балаларды мектепке, оқуға шақырады.
Бір сөзбен айтқанда, Ы. Алтынсариннің де А. Байтұрсынұлының да қазақ
халқы үшін, әлеуметтің оқу ағарту ісін алға бастыру үшін жасаған еңбегі
орасан зор. Оның еңбектері қазірдің өзінде мектеп оқулықтары бетіннен
ойып орын алған. Атап айтқанда,тақырыптық ауқымы кең, көбіне өлең
үлгісінде жазылатын, кейіпкерлері көбіне аң, құс, өсімдіктер, кейде адамдар
да болып келетін мысал өлеңдері оқуға жеңіл әрі түсінікті берілген. Мысал
өлеңдерде қоғамдағы адамдыққа жат қылықтар, адам бойында кездесетін
келеңсіз мінез-құлықтар сыналады. Соңы ғибратты түйіндемемен аяқталып
отырады. Мәселен,«Егіннің бастары» - «Қырық мысал» жинағындағы мысал
өлеңдердің бірі. Өлеңде егіс даласын аралап келе жатқан әке мен баланың
диалогы арқылы тәрбиелік мәні терең ой айтылады. Бастарын төмен салып
иіліп тұрған бидайлардың ішінде жалғыз-ақ бір ғана түп бидайдың басын
көкке көтеріп, өзін өзгелермен тең көрмей шікірейіп тұруын әкесі бидайдың
басында бірде-бір дәні болмағандығынан деп түсіндіреді. Шығарманың
өзекті ойын автор әкесінің баласына айтқан «осы бидай сияқты басын көкке
көтерген тәкаппар, бірақ іші қуыс адамдар көп, мұндайды үлгі тұтпа» деген
ақыл-насихатымен түйіндейді.
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа» мысалын 36 жол өлең түрінде
И.Крыловтан аударған. Автор «Өгіз бен бақа» мысал өлеңінде адам
бойындағы көрсеқызарлық, күншілдік сынға алынады.
Өгізді суға тойған Бақа көрді,
Секіріп көршісіне жетіп келді.
«Боламын мен де сонау Өгіздей», - деп,
Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді.
Мысалда күншіл бақаның әрекеті екінші кейіпкер (жолдасының)
тарапынан да сынға алынады. Өлеңнің жеті шумағында көл басындағы өгізді
күндеген бақаның іс-әркетін оқиға желісінде өрбітіп, соңғы екі шумақта
автор оқырманына қорытынды ғибраттық ой түйеді.
Күндеме біреуге Алла берген бақты.
Өгізді күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?!
Әуелде Құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зорлағанмен артылмапты.
Нақыл сөз «Әлін білмес әлек» деген
Осындай әуре болған жаннан қапты,- деп
егер бақа тәрізді өз әлін білмей, өз болмысынан асып, өзгенің ағымына ілесіп
кете берсе, оның тұлғалық даралығы жойылатынын айтады.