56 үйреткен де жақсы. Бірақ одан ұлт жұмысы , жұрт ісі ұлғайып кетер ме?
Абзалы, олжалы жерде үлестен, ордалы жерде орыннан қаққан надандық
кесапатымен күресу үшін, жалқымен шектелмей, жалпы халықтың ұлттық
санасын тәрбиелеу арқылы алаш азаматтарын азаттық ұраны астына
ұйыстыру тілегі Байтұрсынұлының ойына ауылда жүргенде-ақ ұялағандай.
Осынау мұнаралы мұрат оны мектеп мұғалімінен ұлт ұстазы етті.
Міне, қазақ қоғамының жаңа белестерге шығып, сапалар табуы, жетіліп
алға қадам бастауы, жоғары санатқа көтерілуі Ахмет Байтұрсыновтың
есімімен тығыз байланысты. Сондықтан да оны қазақ тіл білімінің негізін
қалаушы, қазақ қоғамының жанашыры деп білеміз.Оның біліктілік пен
парасатқа толы бастамалары мен ойлары оқушы мен зерттеушіні ғылым
жүзіндегі жаңа өрістерге рухтандырады, ал ғұламаның өз тұлғасы ақиқатты
ардақ тұтудың , ғылымның нұрлы мұратына берілгендіктің биік үлгісі болып
қала береді