0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет62/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

53 
 
бір-бірін сыйлап, бағалай білген. Бұл шынайы иманды тектіліктің үлгісі екені 
сөзсіз. 
Ал қазақ даласындағы оқу ағарту мәселесін іс жүзінде тұңғыш рет 
қолға алған Ы. Алтынсарин болса, оның салған ағартушылық жолын ілгері 
жалғастырып, дамытушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, 
тюрколог, дарынды ақын-аудармашы, балалардың ғана емес бүкіл қазақ 
даласының жанашыры - Ахмет Байтұрсынұлы. Яғни, қазақтың «екінші 
Алтынсарины» аталған Ахмет саналы ғұмырын білімге арнап, кейінгі ұрпақ 
үшін ағартушылық жолды барынша жеңілдеткен ғұлама. Ол қазақ 
даласындағы білім берудің, мектептердің жайын, бала оқытудың жолдары 
мен тәсілдерін тек баспасөз жүзінде ғана көтеріп қоймай, өзінің бар 
ықыласын оқу мен білім әдістеріне аударып, осы жолда мол қазына 
қалдырған, өлмес мұра жасап кеткен данышпан ғалым. 
«Адамдық диқаншысы қырға шықтым, 
Көлі жоқ, көгалы жоқ - қорға шықтым. 
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, 
Көңілін көгертуге құл халықтың» - 
немесе, 
«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, 
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін 
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын 
Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін», 
- деп, айтатын Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттық деңгейде дәріптелуі тиіс 
ұлы ұстаз. Ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы
соныдан із салған жаңашыл ағартушы ғалым. А. Байтұрсынұлының жазған 
мектеп оқулықтары 1914 жылдан бастап 1928 жылдарға дейін пайдаланылып 
келді. Одан кейінгі күндері де, бүгінгі күні де ғалымның еңбегі еш ескірген 
емес. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының 
«Әліпбиімен» ашып, ана тілін Байтұрсынұлының «Тіл құралы», «Оқу 
құралы» арқылы оқып үйренді. 
Ы. Алтынсарин балаларды оқуға үндегенде «Бір Аллаға сыйынып, Кел 
балалар оқылық!», деп бастаса А. Байтұрсынұлының «Оқу құралы. Қазақша 
алифба» (Орынбор 1912 жылы басылып шыққан) оқулығы «Би исми иллаһи 
рахмани рахим!», деп Құран сөзімен ашылады. Одан соң барып: 
«Балалар, бұл жол басы даналыққа, 
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та! 
Бұ жолмен бара жатқан өзіңдей көп, 
Соларды көре тұра қалалық па? 
Даналық өшпес жарық, кетпес байлық, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет