0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет64/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

55 
 
Ахмет Байтұрсынов мысал өлеңдерін аударма жасау арқылы 
туындағаннын өзінің "Замандастарыма" атты өлеңінде былай деп 
түсіндіреді:
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, 
Әзірге қолдан келген осы барым. 
Қанағат азға деген, жоққа сабыр, 
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым. 
Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық, 
Күн қайда үздік шығар топты жарып. 
Ат тұрмас аяғында желі болса, 
Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып. 
Бар болса сондай жүйрік, қызар деймін, 
Естілсе құлағына дүбір барып. 
Әйтпесе арық шауып өндіре ме, 
Жүргенде қамыт басып, қажып - талып,- 
деп халқына аударма деп қомсынбауын, көршілес елдердің ақын-
жазушылары 
шығармасындағы 
жақсылықтарды 
ізденіс 
жолында 
пайдалануды үлгі етіп алуды мақсат-ниет тұта айтқан.Сонымен қатар,қазақ 
әдебиеті үшін жаңа бір арнаның басы болған мысал жанрын аудару ісінде ол 
айтылатын ойдың салмақтылығына, қазақ балаларының жанына жақын да 
түсінікті, азаматтық, адамгершілік, адами жақсы қасиеттерді оятарлық 
дәрежеде болуына баса назар аударған. Демек, педагогикаға негізделген 
халықтық идеялар –жас ұрпақты еңбек, отаншылдық, имандылық пен 
адамгершілік, сыр мен сымбат, ақыл-ой тәрбиесіне баулуда ұлт ұстазының 
сіңірген еңбегі орасан зор. 
Қорыта келе, Ахмет үшін қазақ "матбуғатының көзін ашу" ("Ақ жол"), 
ана тілін түрлеу, әдебиетшілдік әрекет-қарекеттер жалпыхалықтық жаңғыру, 
ояну ісінен қалай оқшау тұрмаса, саяси-көсемсөздік толғаныстарындағы 
орталық мәселе - оқу-білім жұмысы да солай жалаң мақсат емес.
Қоғамдық-әлеуметтік өмірдің қопарыла буырқанған теңізінде "еспесі 
жоқ қайық мініп қалтылдаған" елді жарқын жағаға аман жеткізер ескек 
іспетті жалғыз құдіреттің аты "кемедегінің жаны бір" дегенді ұран тұтқан 
ұлттық сана көрінеді. Себебі, "...өзге жұрттан оңаша жүріп, қазақ басқа 
халықтармен бәсекелесіп, жарысқа түскен жоқ. Сондықтан жұрт намысы, ұлт 
намысы деген сөз қазаққа көбіне түсініксіз нәрсе. Отбасына келерлік бәле 
болмаса, жұрт басына келерлік бәлені ойлап уайымдамайды.Ұлт намысы 
дегенді қазақтың көбі екі ауылдың, екі таптың я екі рудың намысы деп 
ұғады" екен ("Білім жарысы"). Және айтады: "Әркім жалғыз өзім демей, 
өзгелер жайын да ойлап, пейілін кеңге салып іс етпесе, жұрт жұмысы 
түзелмейді" ("Жер жалдау жайынан"). 
Жүз жылдам астам уақыт бұрын "Қазақ" газеті қозғаған осы мәселелер 
қазір де ой саларлық. Ал ғасыр басында "тарих жолында тезек теріп 
қалмауын" (Ә.Бөкейханов) қамдастырып, Байтұрсынов күн тәртібіне қойған 
"қазаққа ес кіргізу" жолы қайсы еді? Әрине, бір мектеп балаларына оқу-білім 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет