АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ- ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ІРІ ТҰЛҒА Досбенбетова Асылзат Болатбекқызы Қазақ балалар әдебиеті – әдебиет ғылымының әлі толық зерттеле
қоймаған ерекше саласы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «еліміздің ертеңі
жастардың қолында» [1] демекші, қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақ-
Қазақстанымыздың болашағына жауапты тұлғалар. Ал оларды ата-аналары
мен білім орындарынан басқа ұлттық тәрбиені ұлықтайтын көзі ашық,
көкірегі ояу болуына септігін тигізетін тағы бір тарап болса, ол әрине –
балалар әдебиеті қаламгерлері. Халықтық педагогика мен бүгінгі күнді
ұштастырып, әлем әдебиеті шығармаларын жырларына арқау етіп, оны
бүлдіршіндерге лайықтап жазып шығу өте қиын дүние. Бала танымына
арнайылап, түсінуіне ауырлау келмес үшін де тер төгетіні тағы бар.