0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет75/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

63 
 
мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді. Мұғалім бола жүріп 
ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. 
Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін 
зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен 
ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің 
үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің 
білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, 
күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда 
тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді. 1913-1918 жылдары 
өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды 
әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі 
мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады. 1917 
жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет 
Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен 
Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш 
халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, 
Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры 
қызметтерін атқарады. Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология 
аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт 
түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып 
оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады. Алаш 
қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған А.Байтұрсыновтың 
есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек 
тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, 
мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А.Байтұрсынұлы 
шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді. 
Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 
артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, 
әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург 
қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына 
негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар 
жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 
жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз 
сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен 
әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа 
беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазылып, "Қазақ" газетінде 
жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті 
әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. 
Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-
ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне 
бағыштады. Ол оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін 
қалдыра білді. “Әліпби”, “Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” т.б. оқу 
құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік 
мәселелерін зерттеу ісімен айналысты. Қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет