0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет72/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

61 
 
қазақтың мені мен міні ашық көрінетін. Сыни талдамалары өз ерекшелігімен 
дараланды. Қазақ балалар әдебиетінің көркемдік негізін салды. Әдебиет 
танытқышпен қатар қазақ әліпбиінің негізін салды. «Қазақ» газетінде 
редактор бола отырып, ел үшін түсінікті қанша мақалалар жаза білді. Қазақ 
балаларының ана тілінде сауат ашуына арналған алғашқы әліппенің, қазақ 
тілі грамматикасын таныстыратын оқулықтардың, қазақ тілін пән ретінде 
оқыту әдістерін баяндайтын құралдардың авторы ретіндегі ғалым-
ағартушының тазақ тіл білімі саласындағы ерен еңбегі өз алдына бөлек 
әңгіме. 
А.Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары тек 
оқуға шақырумен тынбайды, ол сонымен қатар қазақ даласындағы жай-күйді 
ескере отырып, бала оқытудың амал-жолдарын газет-журнал беттерінде 
нақтылы сөз етеді. «Қазақ» газетіндегі «Оқу жайы» деген мақаласында оқу-
білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен 
байланыстырады: «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол 
шикізаттан жасалған өнімді екі-үш есе қымбат түрде сатып алады. Бұл – 
надандықтан келген кемшілік»,- деп баға береді. 
Өзімнің шағын шолуымды ақынның белгілі «Адамдық диханшысы» 
өлеңімен аяқтайын:
Адамдық диханшысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, 
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Иә, Ахмет Байтұрсынұлы адамдық дәнін, қайырымдылық, махаббат 
мәйегін септі. Шын мәнінде, көрнекті ақын және ағартушы ғалым артында 
үлкен мұра қалдырды, соның арқасында талай ұрпақ тәрбиеленбек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет