60 еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда
бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді”, — деп жазылған.
Бұдан кейінгі уақыттарда, әділет принциптері бұзылып, адамшылықты
таптаған зұлмат жылдар, нәубет, селебе, қан қырғын – репрессиялар
басталған кезде, көп нәрсе мүлде бұрмаланды, “байтал түгіл бас қайғы”
дейтін күндер туған. Ол шақта Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін талдап,
тарихтағы орнын көрсетпек түгіл, атын атаудың өзі – қылмыс, азамат басын
жұтатын, абақтыға апарар жолға айналды.
Бірақ сонда да ескі газет-журналдарды, архивтерді ақтарған, көне
кітаптарды оқыған сұңғыла жандар алдынан тұтас тау сілеміндей болып
Ахмет Байтұрсынов мұрасы шығар еді; көзі – қарақты, қайрат-жігерінен,
азаматтығынан айырылмаған аға буынның кейбір есті өкілдері, кейде
оңашада, алды-артына бір қарап қойып: “Ақаң былай деген ғой” деп суырыла
жөнелер еді. Профессор Бейсенбай Кенжебаев сынды жуас, момын
көрінгенмен, іштей берік, қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи мектепті
негіздеген батыр ойлы ғалым өз шәкірттерінің біріне: “Мынау Ақаң жазған
“Әдебиет танытқыш”, әдебиет теориясы. Мен 40 жыл сақтадым. Сенің
диссертацияңа байғазы болсын. Қалған уақытта сен сақта. Бірақ байқа.
Уақыты жетпей айқайласаң, таяқ жейсің. Аруақтың киесі ұрып, кесапаты
тиюі мүмкін. Шарапаты тиетін уақыт келер. Ол күнді мен көрмеспін. Сендер
көресіңдер. Мықты жерге тығып қой” деген екен. Жас, өр кеуде, тұяғына тас
тимеген шәкірт өмірде талай теперіш көріп, таяқ жеген, дана ұстаз тілін алды
дейсіз бе. Ақаң кітабы, ондағы пікір-байлам, ой-тұжырым, жаңалық – табыс
туралы айтып та, жазып та жіберген. Жұрт білмей ме, көрмей ме, көрсетпей
ме, білген, көрген, көрсеткен. Сонда тұмсығы тасқа тиген шәкіртіне ұстазы
айтқан сөз: “Ескерттім ғой, - болмадың. Енді оқасы жоқ. Шыда! Мұндайда
еңбек етсең ғана еңсең көтеріледі”.
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы балалар әдебиетінің мәні
ерекше. Оның талдамалары, аудармалары жас ұрпаққа тәрбиелік таным –
түйісі артық десек болады. Ахмет Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен
мәдениетіне, оның ішінде ұлттық педагогика мен оқу ағарту ісіне сіңірген
өлшеусіз мол еңбегін М.Әуезовше бағаласақ, «Анама тарту», «Ахаң түрлеген
ана тілі», «Ахаң салған әдебиеттегі орны», «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ»
газетінің 1916 ж. Қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер – білім,
оқу – ағарту саясат жолындағы қажымас қайраты тарих ұмытпас істер
болмақ». Оның қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі зор. ХІХ
ғасырдың зұлмат заманында «Алаш» зиялылары Қазақ елінің дамуына,
дербестігі мен өзіндік тәуелсіздігін алуына тырысты. Осы жолда Әлихан
Бөкейхан бастаған топ үлкен жетістіктерге қол созды. Міржақып, Мұстафа,
Ахмет, Алихан, Темірбек, Сұмағұл сияқты қазақ көсемдері ұлт үшін жан
аямай еңбек етті. 1937-1938 жылғы қуғын – сүргінде қазақтың намысын
жоқтағаны үшін ұшырасты.
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынов қазақ балалар әдебиетінде
алғаусыз тұлға екендігі тарихтан мәлім. Оның шығармашылығындағы