58 кітаптары жарық көрді. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы
түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан
зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте
жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912),
"Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді
кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін
кеңінен талдап берді. Байтұрсыновтың “Оқу құралы” (1912) — қазақша
жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері
тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. “Оқу
құралы” қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде
бағаланады; (қ. Әліппе). Байтұрсынов қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін
қам қылды. Өзі жазған “Өмірбаянында” (1929): “...Орынборға келгеннен
кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық
құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке
салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін
бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік
құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден,
қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу
тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен
айналыстым” деген. Байтұрсынов қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу
мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды.
Оның үш бөлімнен тұратын “Тіл — құрал” атты оқулығының фонетикаға
арналған бөлімі 1915 ж., морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис
бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. “Тіл — құрал” — қазақ тілінің
тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып
қаланды. “Тіл — құрал” — қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының
құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға
берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте
маңызды. Ол тұңғыш төл грамматикалық терминдерді қалыптастырды.
Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш,
баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем,
қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынов
практикалық құрал ретінде “Тіл жұмсар”, мұғалімдерге арналған “Баяншы”
деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол — қазақ тілін оқыту әдістемесінің
іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынов оқулығындағы тілдік
категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген “сынау”, “дағдыландыру”
деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын
жойған жоқ.
А.Байтұрсынов өзінің ұстазы ұлы Абай салған жолмен орыс
әдебиетінің мысалшыл классигі И.А.Крыловтың туындыларын аударып,
“Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарып,
оқулық ретінде ұсынды.
Ахмет Крылов мысалдарын аударуда да белгілі ағартушылық мақсат
көздеді. Ол қазақ халқының әлеуметтік өміріне, тұрмыс-тіршілігіне сай