Бәзілжан Мәдина
ҚФ-201 тобының студенті
Терминологиялық сөздіктерді түзуге терминдерді сұрыптап алудың қайнар көздері
Терминологиялық сөздіктер түзу барысында алдымен терминдер жинақталады немесе осыған дейінгі жасалған терминологиялық сөздіктер негізге алынып, ол жаңа терминдер ретімен толықтырылып, өзгертіліп, қайта басып шығарылады. Қалай болмасын, терминологиялық сөздіктерде қамтылатын терминдер сол ғылым саласына қатысты ғылыми еңбектер мен материалдарға сүйенеді. Сондықтан мұндай қайнар көздер мен оларды пайдалану қажеттігін, олардың терминологиялық сөздіктерді құрастырудағы маңызын талдап көрсету - қазіргі қазақ терминографиясындағы маңызды мәселелердің бірі. Терминологиялық сөздіктерге қажетті терминдерді сұрыптап алып, олардың сөзтізбесін жасап шығу терминологиялық сөздіктерді құрастырудың алғашқы сатысы болып табылады. Терминдерді сұрыптау, олардың сөзтізбесін жасамас бұрын алдымен мынандай мәселелерді анықтап алуға тура келеді. Мұндай мәселелердің қатарына:
- терминологиялық сөздіктің жоспарланган көлемі;
- сөздікте қамтылуға тиісті терминдердің тақырыпты аясы;
- терминологиялық сөздіктің негізгі мақсаты мен қолданылу аудиториясы;
- сөздікте қамтылатын терминдердің орташа саны;
- сөздікте терминдерді сұрыптап алатын қайнар көздер, олардың түрлері;
- сөздікте терминдерді беру үшін қолданылатын шартты белгілер мен таңбалар, микроқұрылым жүйесі жатады.
Аталған мәселелердің барлығы да терминдерді сұрыптау барысында негізге алынуға тиісті. Бұлардың барлығы да бір бірімен тығыз байланысты екендігін де түсіну керек. Алайда, әр мәселенің ескерілуі үшін сөздік құрастыру ісін жеңілден күрделіге қарай жасау қажет. Көрсетілген мәселелердің ескерілуі және терминологиялық сөздіктің белгіленген сатылар бойынша жүзеге асыру - термииологиялық сөздіктің сапалы, жүйелі болуына, онда қамтылатын терминдердің қайталанбауына, бірізді берілуіне ықпал етеді. Мұндай талаптарға жауап беру – терминологиялық сөздіктерге қойылатын ерекше талап. Сондықтан терминологиялық сөздікті жасау барысында алдымен оның мақсаты мен атқаратын қызметіне байланысты орташа көлемі жоспарланып, соған сәйкес қамтылатын терминдерінің түрлері мен саны бағдарлануы тиіс. Бұдан кейінгі кезектегі ең басты әрекет - терминдерді ішкі салаларға, тақырыптарға қарай жүйелеп отырып, сөзтізбесін жасау. Бұлай істеу ғылым саласындағы ішкі салаларға сүйене отырып, негізгі терминдерді жинақтап алуға мүмкіндік береді. Терминдердің жалпы сөзтізбесін жасау барысында маңыздысы - терминдерді алатын, негіз етіп сүйенетін қайнар көздер, нақтырақ айтқанда, ғылым саласындағы басты-басты ғылыми әдебиеттер, соған дейінгі шыққан сөздіктер, оқулықтар мен құралдар қажет. Мұндай қайнар көздерге сүйенбей терминологиялық жүйеге тән басты терминдерді қамтып беру тағы мүмкін емес. Сондықтан терминологиялық сөздіктерді құрастырудың алғашқы сатысындағы аталған мәселелердің ішіндегі ең бастысы да, маңыздысы да - терминдерді алатын қайнар көздерді анықтап алу, олардың сапасына, мән беру болып табылады. Сөздік түзу ісінде бұл сияқты негізге алатын қайнар көздер олардан терминдерді алу үшін ғана емес, терминдерді талдап, терминологиялық сөздіктің сапасын жақсартатын дұрыс нұсқасын беру, кемшіліктерін анықтау, жарыспалы баламалардан арылу үшін де қажет. Сондықтан терминологиялық сөздіктер түзуде белгілі бір әдебиеттерді негізге алу көшіру үшін ғана керек емес. Өкінішке орай, көптеген сөздіктердің көшірме нұсқа түрінде шығып жатқаны да қазіргі терминографиялық еңбектерге тән ерекшелік. Сондықтан терминологиялық сөздіктің көлемі шамамен болса да айқын болғаннан кейінгі басты мәселе - негізге алынатын қайнар көздерді сұрыптап алу ісі. Біріншіден, оларды сұрыптауда ғылыми әдебиеттер мен еңбектерді сөздіктердің сапасы, қолдау тәжірибесінде айқындалған жетістіктері мен кемшіліктері айқындалу керек. Екіншіден, терминологиялық сөздіктің көлеміне, қамтитын салалары мен соған сәйкес терминдерінің санына қарай негізге алынатын қайанар көздердің саны да әр түрлі - аз немесе көп болуы мүмкін. Сонымен, терминологиялық создіктерді түзуде негізге алатын қайнар көздерге нелер жатады? Орыс терминографиясындағы маңызды монографиялардың бірі С.В. Гриневтың еңбегіне сүйенсек, орыс терминографиясында мұндай қайнар көздерді түрлерге жіктеп көрсетуге ұмтылған еңбектер де бар екен . С.В. Гриненевтың еңбегінде көрсетілгендей, бір еңбектерде терминологиялық сөздіктерді түзуде терминдерді алуға болатын еңбектердің үш түрі көрсетілсе, енді бірінде 9 түрі, ал терминографиямен айналысушы ғалымдардың бірі А.С. Герд 10 түрін көрсетеді. Мысалы, батыс терминографиясында сөздіктер түзуге қажетті әдебиеттердің мынадай үш түрін көрсеткен:
а) терминологиялық арнайы басылымдар;
ә) оқулықтар, салалық энңиклопедиялар, анықтама әдебиеттер, ғылыми мақалалар;
б) ғылыми өдебиеттер.
Сондай-ақ, осы көрсетілген әдебиеттердің үшінші түріне жататын еңбектердің қатарында " салалық ұғымдардың тізбесі" сияқты басылымдар да көрсетіледі Демек, батыс тіл білімінде арнайы ғылыми ұғымдардың тізбесін беретін осындай басылым түрлері бар деген сөз. Қазақ тіл біліміндегі қазіргі бар еңбектер мен әдебиеттерді талдай келіп, терминологиялық еңбектерді түзуде негізге алуға болатын әдебиеттердің мынандай түрлерін көрсетуді жөн көрдім:
1) терминологиялық басылымдар;
2) терминологиялық сөздік түрлері;
3) ғылыми еңбектер мен ғылыми мақалалар;
4) оқулықтар мен оқу құралдары, әр түрлі анықтамалық басылымдар. Терминологиялық басылымдарға кезінде шығарылған "Терминологиялық бюллетень", қазір шығарылып жатқан "Терминологиялық хабаршы" сияқты еңбектер мен терминдерді талдауға қатысты сын мақалалар және терминология саласына қатысты жазылған ғылыми еңбектер жатады. Бір сөзбен айтқанда, терминологиялық басылымдар деп көрсеткен орынды деп есептейміз. Алайда, бұлардың қатарына терминологиялық сөздіктерді жатқызған жоқпыз. Себебі, терминологиялық сөздіктерді түзу барысында терминологиялық сөздіктерді негізге алудың орны ерекше. Оның маңыздылығын бірнеше себептермен дәлелдеп көрсетуге болады. Бұл мәселеге төменде өз кезегінде тоқталатын боламыз. Сондай-ақ, "Терминком" тарапынан шығарылып жатқан басылымдарды негізге алудың міндетті екендігін айрықша көрсеткен дұрыс. Терминологиялық сөздіктерді түзуде қазіргі " Терминологиялық хабаршы" сияқты басылымдар негізге алынуға тиісті әдебиеттердің қатарына жатуы керек. Өйткені "Терминком" бекіткен терминдердің сөздіктерде сол күйінде көрініс таппай, жарыспалы терминдердің қолданылып жатуы қазіргі ұлттық терминологиядағы басты кемшілік екендігі жасырын емес. Қазіргі "Терминком" тарапынан істеліп жатқан жұмыстар мен қазақ терминографиясының арасында толық қарама - қайшылық орын алуда десе де болады. Бұған соншалық дәлел іздеп жатудың қажеті шамалы. Тек терминологиялық комиссия бекіткен терминдердің терминологиялық сөздіктерден көрініс таппай жатқандығын, әр сөздікте бір ғана терминнің әр түрлі нұсқаларының кездесетіндігін терминком бекіткенімен, терминдерді қолдануда негізге алынатын басты құрал болып есептелетін терминологиялық сөздіктерде сол бекітілген терминдердің қамтылмай жатуын қалай түсінуге болады?! Бұл сөзсіз терминологияны реттеудегі жүйесіздік жөнінде түсінік қалыптастырады. Оның өзіндік себептеріне үңіліп көруге болады. Оның себебі терминологиялық комиссияның терминологиялық сөздіктерді де қадағалап, олардың басылып шығуына рұқсат беретін, терминологиялық сөздіктердің шығуын қадағалап отыратын мәртебесінің болмай отыруымен де байланысты. Ал шын мәнінде, "Терминологиялық комиссия" терминдерді бекітумен айналысатын мекеме болса, онда оның терминдерді реттеумен, бірізге түсірумен айналысатын, терминдерді қолдануда басшылыққа алынатын негізгі құрал терминологиялық сөздіктердің де басып шығарылуын қадағалайтын, олардың мазмұны мен ондағы терминдердің сапасын талдай алатын мүмкіндігі болуы қажет. Демек, бір сөзбен айтқанда, "Терминком" тек терминдердің бірізділігін ғана емес, терминографиялық жұмыстарды да қадағалап отыратын мүмкіндігі үлкен, заңдық құқығы бар мекеме болуы керек. Ал соған сәйкес терминологиялық сөздіктерді түзуде "Терминком" тарапынан шығарылып жатқан басылымдардың негізге алынуы керектігі жүзеге асырылуы тиісті, орындалуы міндетті, белгілі бір жүйеге бағытталған әрекет екендігі күмән туғызбайды. Екінші себеп - елдегі жалпы "сөздік" туралы, оның ішінде әсіресе терминологиялық сөздік" туралы дүрыс түсініктің қалыптаспай отырғандығымен де байланысты. Терминологиялық сөздіктер әр ғалымның, әр терминологиялық сөздік жасаушы автордың термин жасаудағы шығармашылық қабілетін сынайтын "шығармашьшық лаборатория" болмауы керек. Лексикографиялық сөздік болсын, терминографиялық сөздік болсын "сөздік" атын иемденіп жарыққа шыққаннан кейін міндетті түрде қолданылуы керек. Бұл - бір. Екіншіден, кемшілігі бар, құрамындағы терминдерінің қалыптасқандығына сенім болмаған, жарыспалы терминдердің пайда болуына себепкер болатын, "терминологиялық сөздік бола алмайтын" жұмыстар "сөздік" атын иемденіп басылып шықпауы керек. Терминологиялық сөздіктер түзуге қажетті қайнар көздердің екінші түріне - терминологиялық сөздіктер жатады. Алдыңғы шығарылған терминологиялық сөздіктерді ескерудің маңызды екендігін жоғарыда айтып өттік. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. Біріншіден, алдыңғы сөздіктердегі кемшіліктерді айқындап, ондағы қателіктерді түзіліп отырған сөздікте болдырмау керек. Екіншіден, түзіліп отырған терминологиялық сөздік алдыңғы терминологиялық сөздіктен өзіндік айырмашьшығы, соған сәйкес мақсаты мен міндеті болуы керек. Олай болмаған жағдайда, терминологиялық сөздікті қайта түзіп, басып шығарудың қажеті де болмауы керек. Ондай айырмашылықтың қатарына – кемшіліктердің жойылуы, жаңа сөздіктің жаңа пайда болған терминдер қорымен баюы, терминдерді алдыңғы сөздікке қарағанда бірізге түсіруі және т.б. жатады. Ғылым саласына қатысты негізгі, сапалы болып есептелетін ғылыми еңбектер мен ғьшыми мақалалар. Жаңа пайда болған терминдерді қамту үшін және ғылыми ұғым жөніндегі жан-жақты мәлімет алу үшін ғылыми еңбектерге сүйенудің өзіндік тиімді жақтары бар. Ғылыми еңбектер сондай-ақ, белгілі бір ғылым саласына қатысты сәтсіз терминдердің сәтті баламасын іздеу үшін де қажет. Алайда, бұл жағдайдың өзінде де таңдалып алынған терминдердің қалыптасқандығына көз жеткізу, оған білікті маман ретінде талдау жасау - маңызды шарт. Бұл тұрғыдан, ғылыми еңбектерге мән беру тек жаңа терминдерді алу үшін ғана емес, сәтсіз терминдерді де талдап, жарыспалы қолданыста жүрген термин нұсқаларының анағүрлым қалыптасқан тұлғаларын таңдап алу үшін де қажет. Сондай-ақ, ғылыми жүйенің бейнесін толық, жүйелі етіп беру үшін ғылыми еңбектерге сүйенудің өзіндік қажеттілігі бар. Оқулықтар мен оқу құралдары, әр түрлі салалық анықтамалық басылымдар, салалық энциклопедиялар, т.б. еңбектердің де терминологиялық түзуде қолданылуы артық болмайды. Аталған еңбектер де терминологиялық жүйе туралы түсінік беру үшін көмекші құрал бола алады. Алайда, энциклопедиялық, анықтамалық құралдардан терминдерді термин емес кәсіби сөздерден ажыратып алуға тура келеді. Көрсетілген еңбектерді терминологиялық сөздіктерді түзуде негізге алу терминологиялық сөздіктің сапасына әсер ететін, оның басылып шығу қажеттілігі мен қажетсіздігін айқындайтын басты фактор болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |