Сабақтың тақырыбы: Африка материгінің ішкі сулары. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата22.08.2017
өлшемі77,15 Kb.
#24067
түріСабақ
Бузаубаева Жанара Муратовна

География пәнінің мұғалімі

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,

Қаракөл ауылы, А. Жұбанов атындағы орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: Африка материгінің ішкі сулары.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Африка табиғатының ерекшеліктері туралы білімін тереңдету. Материктің ішкі суларының ерекшеліктерімен таныстыру. Ішкі сумен байланысты ұғымдар мен терминдерді еске түсіріп және жаңаларымен танысу.

Дамыту: Карталардың турімен салыстыра отырып жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру. Зейін, есте сақтау , логикалық ойлау, сөйлей білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Жүмысты аяғына дейін орындауға, ешнәрседен тыс қалмауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндірмелі, пікір алмасу.

Сабақтың көрнекілігі: Африканың климат картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.
Сабақтың өтілу барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі


І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу

Сынып тазалығы

Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге берілген тапсырманы оқушылардан сұрау, кескін картаны тексеру.



ІІІ. Жаңа сабақ:

Африка өзендерінің жиі таралған жері – экватор маңы мен материктің оңтүстік-шығыс бөлігі. Шөлді аймақ болғандықтан, өзендері өте аз.

УӘДТЕР – кеуіп қалған өзен арналары. Олар сирек жауатын жаңбырлардың кезінде ғана суға толады. Африканың шығыс бөлігі аласа, батыс бөлігі биіктеу болған соң, өзендердің көбі Атлант мұхитына құяды.

Ніл  — Африкадағы өзен, дүние жүзіндегі ең ұзын өзендердің бірі. «Ніл» сөзі грекше өзен аты «Нейлос» дегеннен шыққан. Өзен Шығыс Африка таулы үстіртінен бастауынын алып, үлкен атырау жасақтап Жерорта теңізіне құяды.

Конго (Заир) — Орталық Африкадағы өзен, Конго Демократиялық республикасында орналасқан (жекелеген бөліктері Конго мен Ангола шекаралары арқылы ағып өтеді), ұзындығы жөнінен (4700м) 1600 км кеме жүзуге жарамды. Өзен алабы 3680 км кв. Құламасы 220м. Стенли сарқырамасы және Ливингстон сарқырама қатарын (32) түзеді. Ірі СЭС –Инга салынған. Сарқыраманы айналып өтетін Ливингстон темір жолы бар. Африкадағы екінші, өзен суы өте мол дүние жүзінде Амазонкадан кейін екінші орында. Конго өзенін 1482ж португал теңіз саяхатшысы Диего Кан ашқан, ал Дэвид Ливингстон –1871-72 ж зерттеген.

Нигер —Батыс Африканың маңызды өзені. Ұзындығы 4180 км, өзен алабының ауданы 2118 мың. км², бұл көрсеткіштер бойынша Африкада Ніл мен Конгодан кейінгі үшінші орында.

Замбези — ұзындығы жөнінен Африкадағы төртінші өзен. Өзен алабының ауданы — 1 570 000 км², ұзындығы — 2 574 км. Өзен бастауы Замбияда, Ангола арқылы ағып, Намибия, Ботсвана, Замбия және Зимбабве шекаралары арқылы ағып өтіп, Мозамбикке қарай бағытталады да Үнді мұхитына құяды.

Виктория – Шотланд зерттеушісі Дэвид Ливингстон 1855 жылы сарқырамада болғаннан кейін, королева Викторияның құрметіне Виктория деп атады. Виктория сарқырамасы, Оңтүстік Африканың еңбасты көрікті жерлерінің бірі болып табылады, ЮНЕСКО-ның әлемдік жәдігері ретінде қорғалады. Екі ірі ұлттық парктің шекарасында Замбиядағы «Гүрілдек бу» және Зимбабведегі «Виктория сарқырамаcы» орналасқан. Виктория — жер шарындағы 100м аса биіктігі , ені 1800 километрден асатын бірден-бір сарқырама.

Лимпопо – Африкадағы өзен (Limpopo, Uri, Bembe, Juhampura, басқаша айтқанда Крокодиловая - қолтырауынды). Преториядан оңтүстіктегі Витватерсранд тауынан (1800 м) бастауын алып, өзінің жоғарғы ағысында Могали тауынан ағып өтіп Марикоға қосылады. 1600 км ұзындықта ағып өтіп, өзіне көптеген салаларын қосып алып Делагоа шығанағының солтүстігінде Үнді мұхитына құяды.

Оранже өзені – бастауын Оңтүстік Африка Республикасы мен Лесото шекарасындағы Айдаһар тауынан алып Атлант мұхитына құяды. Ұзындығы 2200 км, алабының ауданы 973 000 км².


  • Ірі саласы — Вааль өзені.

  • Өзенде 146 метрлік сарқырама Ауграбис орналасқан. (ОАР).

  • Атауы Оран династиясымен байланысты.

Африка өзені – Бриде. Бриде – Оңтүстік Африкадағы өзен. Өзен ОАР қарай ағады. Ұзындығы 337 километр, өзен алабының ауданы — 12384 км² шамасында. Үнді мұхитына құяды. Бірнеше саласы бар. Өзен суы егін суаруға кеңінен қолданады. Бриде өзені аңғары— елдің басты төрт шарап жасау аудандарының бірі.



Кванза — Африканың өзені, Анголдан ағып өтіп, Атлант мұхитына елдің астанасы Луанданың оңтүстігінен құяды. Ағысының негізгі бағыты –солтүстік батыс.Ұзындығы 965 километр, өзен алабы— 152 570 км² шамасында. Өзен Ангола үшін гидроэлектроэнергия көзі болып табылады. Капанда су бөгені Маланжеде салынған, құрлыс жұмыстары 2004 жылы аяқталған. Су қоймасы қант құрағы плантацияларын және басқада Кванза аңғарының төменгі ағысындағы дақылдарды сумен қамтамасыз етеді. Төменгі ағысы 150 км-ге дейін кеме қатынасына жарамды.

Виктория көлі - Шығыс Африка платформасының тектоникалық майысқан жерінде теңіз деңгейінен 1134 м биік жерде орналасқан. Дүние жүзіндегі Жоғарғы көлден кейінгі ауданы жөнінен 2-і тұщы көл 75000 км.кв. Бұл швейцарияданда үлкен деген сөз. Африкадағы ең үлкен көл.

  • Көлді Джон Хеннинг Спик 1858 жылы ашты.

  • 1827-1864 Африканы зерттеуші ағылшын.

  • 1854-55 және 1856-59 Р.Ф.Бертонмен бірге Сомалиді зерттеп және Танганьика көлін ашты.

  • 1858 жылы Виктория көлін ашты және ( 1860-63 жылдары Дж. О. Грантомпен бірге), одан Викториядан Ніл өзені ағып шығатынын анықтады.

  • Көлдің деңгейі тұрақсыз: қалыпты жағдайда 27 мың. Шаршы шақырым, жауын-шашынды кездері 50 мың., ал құрғақ кездері — 11 мың шаршы шақырымға дейін жетеді.

2006 жылы көл 23 мың км² ауданынан 26 есе кішірейіп кеткен және тартылуы жалғасуда, «Disaster Monitoring Constellation» халықаралық жүйесінің жасақтайтын Жер мониторигі нәтижесінде белгілі болды.

  • Орталық-Шығыс Африкада орналасқан.

  • Солтүстіктен оңтүстікке 560 км созылып жатыр, тереңдігі 706 м.

  • Климаттық екі маусым ажыратылады: жаңбырлы (қараша — мамыр) және құрғақ (мамыр — қараша).

Танганьика көлі - Орталық Африкадағы ірі көл. Әлемдегі ең ұзын тұщы көл. Ауданы және тереңдігі жөнінен Байкалдан кейінгі екінші орында. Көл жағалаулары төрт елге тиесілі. Көл жағалаулары төрт мемлекетке тиесілі — Конго Демократиялық Республикасы, Танзания, Замбия және Бурунди.

Көл Африканың терең тектоникалық ойпатында, теңіз деңгейінен 773 метр биіктікте орналасқан және қазіргі уақытта Шығыс-Африка рифттік жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Танганьика көлін 1858 жылы ағылшын саяхатшылары Ричард Фрэнсис Бёртон және Джон Спик ашқан болатын. Көл ұзындығы — шамамен 650 км, ені — 40–80 км. Ауданы 34 тыс. км². теңіз деңгейінен 773 метр биіктікте жатыр.



Ньяса, Малави – Оңтүстік-шығыс Африкадағы Мозамбик, Танзания, Малави жеріндегі көл. Шығыс Африка тау қыратындағы тектоник. жарылымда 472 м биіктікте орналасқан. Ньяса дүние жүзіндегі аса ірі, әрі терең көлдердің қатарына кіреді (тереңдігі 726 м). Аумағы 30,8 мың км². Ұзындығы 580 км, ені 80 км. Жағалары тікжарлы, жартасты. Өзен ағыны мен жауын-шашын көлге жылына 72 км3 су қосады. Оның 66 км3-і булануға кетеді. Қалғаны Шире өзені арқылы Замбезиге қосылады. Көлде қолтырауын, бегемот және су құстары көп. Балыққа өте бай. Ерте заманнан бері су жолы ретінде пайдаланылып келеді.

Чад көлі – Орталық Африкадағы тұйық көл. Нигерия, Нигер, Чад, Камерун жерінде. Ұзындығы 270 км, ені 150 км. Климат ылғалд. жоғары кезінде (бұдан 5 — 6 мың жыл бұрын) көл ауданы 400 мың км²-ге жеткен, қазіргі ауданы 10 мың км²-ден (маусым — шілдеде) 26 мың км²-ге дейін ауытқып отырады. Тереңдігі 4-11 м. Көл айдыны 240 м биіктіктегі жайпақ қазаншұңқырда орналасқан. Батыс және оңтүстік жағалауы жазық әрі батпақты, солтүстік-шығыс және шығыс жағасы күшті тілімденген, көптеген аралдары бар. Көлге Шари және Комадугу-Йобе өзендері құяды. Өзендермен жалғасқан жерлерінің суы тұщы, қалған бөлігі тұзды. Чад көлінің суы жақын маңдағы ауданның грунт суын толықтырып, үнемі жаңарып тұрады. Жануарлардан бегемот, қолтырауын, қаз, үйрек, көкқұтан, т.б. мекендейді. Балық ауланады. Шари және Комадугу-Йобе өзендері аралығында кеме қатынайды.
Жер асты суы. Геологтар Намибиядаг Африканың ең құрғақ аудандарының экономикасына зор ықпал жасай алатын жер асты суының мол қорын тапты. Зерттеу нәтижелері бойынша жер асты суы елдің солтүстігіне 400 жылға жетеді. Намибияда Атлант мұхиты жағалауларын қоспағанда ешқандай ірі су қоймасы жоқ, өзендер өте аз, олардың көбі кеуіп қалып жатыр. Соендықтан онда шаруашылықпен айналысу шектелген.
ІV. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Африка  материгінің өзендері қандай алаптарға жатады?

  2. Неге Африка жерінде ішкі тұйық алап көп бөлікті қамтиды?

  3. Ең суы мол өзені қандай?

  4. Материктегі өзен торларының таралуына жер бедері қалай әсер етеді?

  5. Көлдер неге Африканың шығысында шоғырланған?

  6. Ең ірі сарқырамаларын ата?

  7. Ақ Ніл және көк Ніл  деп не себепті айтады?

  8. Экваторды екі рет кесіп өтетін өзен?


V. Қорытындылау: Материктің барлық ірі өзендері жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты Атлант мұхитына құйып жатыр. Барлық өзендерде жер бедерінің ерекшелігіне байланысты сарқырамалар мен шоңғалдар бар. Экваторлық және субэкваторлық климаттың болуы өзендердің қоректенуінің жаңбырлық типінің басым болуына жағдай жасап тұр. Өзен ағынының 80% құрайды.
VI. Оқушы білімін бағалау: Оқушылардың жауап беру деңгейлері бойынша

VII. Үй тапсырмасы: 1. §48. Өзендері мен көлдерін мазмұндау.

2. Кескін картаға Африканың алаптарын түсіру.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет