Ұлы халықтың ұлы Абайы” атты сайыс. (сыныптан тыс іс-шара) 1-жүргізуші



Дата17.02.2018
өлшемі91,35 Kb.
#37789
Қызылорда облысы

Шиелі ауданы, Шиелі кенті

« № 252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназия»КММ

орыс мектептегі қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сыздыкова Алия Кенесбековна
Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты сайыс.

(сыныптан тыс іс-шара)



1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Берекелі де мерекелі биылғы 2015 жыл қазақ қауымы үшін есте қалатындай жыл. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы т. б. елеулі оқиғалар көңілге қуаныш ұялап, жарқын да бейбіт өміріміздің айғағы болып тұрғандай. Бұнымен жылдың шашулары таусылар емес, ерекше мейрам, қазақтың бетке ұстар азаматы, ақын, ойшыл, композитор, дана перзенті Абай Құнанбаевтың туғанына бүгінде, міне, 170 жыл толып отыр. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демеп пе еді ұлы қазақ?! Аты да, хаты да ел есінде мәңгі қалған Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған “Ұлы халықтың  - ұлы  Абайы” атты сайысымызға қош келдіңіздер! 2-жүргізуші  - Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық! Абай кім? Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.  Презентация «Ұлы халықтың- ұлы Абайы» 1 – жүргізуші: Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды. Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңарған, бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген-дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз! Бұл сайыстың ерекшелігі жаңа заманның талабына сай ұялы телефондарда жақсы көңіл күй сыйлау есебінде жіберілетін смайликтерді бүгінгі сайысқа алуды жөн көрдік, осы смайликтер арқылы топтар бір-бірін өздері бағалайды, қалай десеңіздер топтар бір-біріне сайысымыздың кезеңдеріне байланысты смайликтер сыйлайды. Соңында қай топ көп жинаса сол жеңімпаз атанады.

2 жүргізуші Бүгінгі сайыс-білім, өнер, шығармашылық ізденіс болмақ.

1 « Сен білесің бе?»

2 «Өнерпаз болсаң»

3 «Қарасөздер» мазмұны

4 «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

5 «Абай атамыздың бейнесі сипатталсын»

6 «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

«Әдепті елдің баласы, алыстан сәлем береді»-деп әр топ жетекшісі өздерін таныстырады І топ:


Сәлем бердік баршаға,
Оқушылар сіздерге.
«Жүйрік» атты тобымызды,
Таныстырдық бәріңе.
Қандай жақсы сеніміңді ақтаса,
Қазақша сөйлеуді есте сақтаса.
Бар біліммен шығады ортаға _______________________________________________
ІІ топ:
Толағайдың тасындай,
Көп ұланнан тұрамыз.
Сөзге жүйрік баламыз,
«Тұлпар» тобы осындай.
Әр тілдің болады әркез өздік мәні,
Үйренсең қазақ тілін өте сәнді.
Шығады қазақша сайрау үшін.____________________________________________
1 – жүргізуші: Таразылап талқылап

Алдында тұр асқар сын

Ортаға шық жас ұлан

«Сен білесің бе?» сайысы басталсын

Бұл сайыстың мақсаты: Берілген сұрақтарға жауап беру, әрбір дұрыс жауапқа топтар бір-біріне смайликтер береді.
Абайдың өмірі мен  шығармашылығына  байланысты сұрақтар:

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды? ( Көкбай ).

2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта  жазған).

3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).

4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

6.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).

7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата. (Зере, Ұлжан.)

8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).

9. «Қазақтың бас ақыны  -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет  Байтұрсынов).

10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)

11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада? ( 1909 жылы Петербургта).

12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).

13.Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды? (Алматы қаласында мүсінші- Наурызбай Х)

14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)

15. Шәкәрімнің Абайға қандай  туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)

16 «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңі қай жылы жарық  көрді? (1889ж.)



17  Абай алғаш орыс ақындарынан кімді оқыды?  (Пушкин)   

18  Қай поэмада Аристотель бар? (Ескендір)   

19 Абай кімнің  хаттарын  аударды? (Онегин мен Татьяна ) 

20 Абай «Бородино»  өленін кімнен аударды? (Лермонтов)

21 Фильмнен үзінді көрсетіледі , бұл қандай фильм атын ата?

2-жүргізуші: Талант таудың ұшпағы -ұлы Абай, 
Таңдан, әлем, қазақтың ұлы қандай! 
Әр тасыңнан бастау-ап, өлең-бұлақ, 
Сыбдыр қаққан балбөбек тілі балдай.  Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді,»,-деп Елбасымыз айтқандай Абай мұрасын жалғастырушы кейінгі ұрпақ не дейді? Абай атасының рухына бағыштаған оқушыларға кезек берсек.  11сынып оқушыларынан «Ұлы халықтың- ұлы Абайы» атты поэзия минутын тамашалаймыз. 1-жүргізуші: «Өнерпаз болсаң»
Шындап тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар.
«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар,
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Екінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Өнерпаз болсаң» деп келесі кезеңге көшейік. Ойынның шарты: Абай атамыздың әндерінің минусовкасы беріледі қай ән екенін анықтау. Жауаптары Сегіз аяқ әні. Көзімнің қарасы әні. Айттым сәлем қаламқас әні. Желсіз түнде жарық ай әні. 2 жүргізуші: Әннің де естісі бар, есері бар Тыңдаушының құлағына келері бар. Ақылдының сөзіндей ойды-күйді Тыңдағанда көңілдің өсері бар –деп, ән «Көзімнің қарасы» Сахнаға 8 Б сынып оқушысы Жұмабай Мағжанды шақырамыз.

2-жүргізуші: Абай өмірінің соңында жазылған туындысы «қарасөздер » деп аталады. Қара сөздер-көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала,ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Абайдың жалпы қарасөздерінің саны-45. Абайдың қарасөздеріне кезек берейік. Бұл кезеңде әр топқа Абай атамыздың бір-бір қарасөзі тыңдатылады. Осы қарасөздің мазмұнын қағазға түсіресіздер, сол бойынша айтып бересіздер. 1-топ 39-қарасөзі, 2-топ 15-қарасөзі 1-жүргізуші: Құрметті қонақтар оқушыларымыз дайындалғанша «- Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс деп, К. Кулиев айтқандай Абайдың өмірі мен шығармашылығын орыс тілінде берілген бейнероликті тамашалайық. 2-жүргізуші:______________________________________________

1-жүргізуші:  Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады. Абай – ақын.
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік. «Сөз тапқанға қолқа жоқ кезеңін» бастайық. Бұл сайыста өлеңнің бірінші қатары беріледі, әрі қарай оқушылар жалғастыру керек. (Өлеңдердің бірінші қатары тақтаға шығады)

2-жүргізуші: Жүрегімнің түбіне терең бойла,

                     Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

                      Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,

                      Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

деп, Абай атамыздың бейнесі сипатталсын кезеңіне көшейік. Әр топ оқушылары бір оқушыны алып Абай атамызға ұқсатады. Қаншалықты ұқсатқандарыңды қарама-қарсы топ бағалайды.

1 жүргізуші: Оқушыларға бұл сайысқа дайындалуына уақыт берейік.Ал біз сіздермен, Келе жатқан үзілмей бабасынан,

Қазақ үшін қымбат жоқ баласынан!

Әлі талай шығады нағыз Шара

Балғын биші қыздардың арасынан-



деп, сахнаға 9 «А» сынып бишілерін шақырамыз, қол соғып құрметтейік ағайын.

2-жүргізуші: - Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абай атамыздың табиғат лирикасына кезек берелік. Әрбір топ оқушыларына қағаз таратылады, тақтада әр топқа табиғатқа байланысты өлең беріледі, сол өлеңнің мазмұнын қағаз бетіне суреттейсіздер.

1-жүргізуші: Топтардың смайликтерін санатқызып қорытындылау.

Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары
Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді, 
Абай – ұлы себебі!
- Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық. Осындай тылсым күштің иесі бола білген, «Жүректен кіріп, бойды алған» күш иесі Абай атамыз жасасың! Есімі ел есінде мәңгілік сақталсың! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет