Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары



Дата08.06.2018
өлшемі231,5 Kb.
#41832




Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округінің

2018-2020 жылдарға

арналған кешенді даму

ЖОСПАРЫ

Қаратал ауылы, 2018 жыл


Кіріспе

Қаратал ауылы - аудан орталығынан 30 шақырым, облыс орталығынан – 500 шақырым, темір жол бекетінен – 407 шақырым қашықтықта, «Омск – Майқапшағай» республикалық автожолының бойында орналасқан.

Ауылдық округ 1910 жылы құрылған. Аумағы 8 732 шаршы шақырым, барлық жер көлемі 185 886,4 гектар округте 5 елді мекен орналасқан. (Қаратал ауылы, Үлкен Қаратал ауылы, Жіңішкесу, Қосқора, Қабырғатал елдімекендері)

Ауыл тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Бүгінгі күні кәсіпкерлік саласы да жақсы дамып, 42 кәсіпкерлік нысан халыққа қызмет көрсетуде. Округтің Омск-Майқапшағай трассасының бойында, ҚХР-мен шекаралық аймаққа жақын орналасқандықтан туризм саласын дамытуға жақсы мүмкіндіктер бар.

Қаратал ауылының аумағындағы 2 мектеп, 2 шағын орталық, 1 бала бақша, 10 төсектік күндізгі стационары бар дәрігерлік амбулатория және 250 орындық мәдениет үйі, 3 кітапхана, учаскелік полиция пункті, «Қазақтелеком» және «Қазпошта» АҚ-ның байланыс бөлімшелері экономиканың дамуына, тұрғындардың мемлекеттік қызметті алуына қолайлы жағдай тудырып отыр. Сонымен қатар, ауылдық округте 2 мешіт, 1 пошта, 1 мәдениет үйі, 2 шағын орталық, 1 жеке меншік балабақша, 1 орман шаруашылығы, 1 «Жастар» саябағы, 2 спорт кешені, 1 футбол алаңы, 1 хоккей корты, 23 сауда орындары, 3 қоғамдық тамақтану орны, 1 дәріхана, 2 шаштараз, 5 құм кірпіштерін шығаратын цех, 2 май шығаратын цех, 1 ағаш тілетін цех, 1 жылыжай, 1 комендатура, 5 застава және «Майқапшағай» кеден өткеру бекеті орналасқан.

1 қаңтардағы жағдай бойынша 4601 адам тұрады. 2015 жылмен салыстырғанда халық саны 260 адамға артқан. 2101 адам экономикалық белсенді топқа жатқызылып, 784 адам әр түрлі салада қызмет атқарса, қалған 1716 адам өздерінің жеке қосалқы шаруашылықтары мен шаруа қожалықтарында еңбек етіп, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Қаратал ауылының Майқапшағай кеденіне жақын орналасуы, ауыл шаруашылығына қажетті құнарлы жерлердің бар болуы, негізгі әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының бар болуы, тауар нарығына жақын орналасуы, ұтымды географиялық орны, орман қорының бар болуы, кәсіпкерліктің жоғары даму қарқыны, жұмыссыздықтың төмен деңгейі, осының барлығы бәсекелестіктегі басымдылығын арттырады.
Қаратал ауылының дамуының ағымдағы жағдайын талдау


  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

Округтің экономикасының негізігі басымды бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы мен шағын және орта бизнес. Округте 116 шаруа қожалығы, 2 кооператив және 769 жеке шаруашылық тіркелген.

Барлық жер көлемі 185 886,4 га, оның ішінде егістік жер 4721,3 гектар, шабындық жерлер 4008,1 гектар, жайылымдық жерлер 120 449,9 гектар, тыңайған жерлер 846,8 гектар, көп жылдық екпелер 19,15 гектар.


МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қаратал ауылы ауылшаруашылығын, оның ішінде мал аруашылығын кәсіп еткен өңір болғандықтан мал шаруашылығы саласындағы барлық мемлекеттік бағдарламаларды мүмкіндігінше толық пайдаланып келеді. Ауыл шаруашылығы мемлекеттің қолдауымен жақсы дамып, мал шаруашылығы жандануда.

Округте 2015 жылмен салыстырғанда ірі қара малының саны 133 пайызға, жылқы – 161 пайызға, қой-ешкі малы 87 пайызға артып отыр.
Мал басының өсу көрсеткіштері:


Мал түрі (бас)

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2017/2015, %

Ірі қара

7450

9925

9967

133

Қой-ешкі

21000

22576

18305

87

Жылқы

1890

3001

3043

161

Округтегі «Ақбай» және «Амрен» шаруа қожалықтары ірі қара малын, «Түкібай» шаруа қожалығы жылқы малын, «Зайсан-Еділбай» шаруа қожалығы қой малын асылдандырумен айналысып, округтегі барлық ірі қараның 8,3 пайызы, (849 бас ірі қара), жылқы малының 21 пайызы (688 бас жылқы), қой малының 9,1 пайызы (430 бас қой) асыл тұқымды малдар. Ірі қара малдарына асылдандыру жұмыстарын жүргізгендері үшін 37 шаруа қожалығы 27 млн. 658 мың теңге субсидия алды.

Жыл көлемінде 1917 тонна ет, 5661 тонна сүт, 24 тонна жүн және 678 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Бүгінгі күні 12 шағын мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп, 260 бас ірі қара малдары бордақылануда. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда округке 18 доңғалақты трактор, бір ГАЗ-66 автомашинасы, 9 шөп шабатын машина, 3 сеялка, 8 шөп тиегіш (КУН), 4 шөп тарақ, 13 соқа, 3 комбайын, 7 шөп тайлағыш (пресс) әкелінді.



ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Округтегі 116 шаруа қожалығының 36 шаруа қожалығы, яғни 31% - ы егін шаруашылығымен айналысады. Ауыл аумағында көкөніс өсіретін 1 жылыжай бар. Жылыжай 4 адамды тұрақты жұмспен қамтып отыр. Өнімдері ауыл тұрғындарына және сауда нүктелеріне шығарылады.


Егін шаруашылығы бойынша көрсеткіштер:

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2017/2015, %

Дәнді дақыл, га

1669

1886

2410

144

Алынған өнім, тонна

2486,3

4784,5

5512




Майлы дақыл, га

270

345

379

140

Алынған өнім, тонна

1980

2760

2890




Картоп, га

130

145

152

116

Алынған өнім, тонна

2150

2320

2436




Бау-бақша, га

2

2

2

100

Алынған өнім, тонна

240

240

280




Көкеніс

50

52

81

162

Алынған өнім, тонна

760

780

972





КӘСІПКЕРЛІК

Ауылдық округтің экономикасының қалыпты жағдайда дамып, одан ары өсуіне кәсіпкерлік саласының тигізер әсері мол. Округтің кәсіпкерлік саласы мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар негізінде жақсы дамуда. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында жеке ісін ашамын дегендерге немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарын дамытуға «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы кеңінен қолданылуда. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының мамандары бірнеше рет жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалық жетекшілеріне кәсіпкерліктерін дамыту үшін несиелендірудің жолдарын түсіндіру мақсатында бірнеше рет кездесу өткізді. Нәтижесінде 1 азық – түлік дүкені, 1 шаштараз, 1 дәріхана, 1 қатымхана, 1 техникаға қызмет көрсету орталығы ашылды.

Жалпы 01.01.2018 жылғы мерзім бойынша округте 196 кәсіпкерлік нысан тіркеліп, 2015 жылмен салыстырғанда 5 нысанға артқан. Тіркелген кәсіпкерлік түрлерінің 61-і, яғни 77,2 % -ы сауда саттықты құрап отыр. Ауыл тұрғындарына 18 сауда дүкені, 1 дәріхана, 2 шаштараз, 3 наубайхана, 3 қоғамдық тамақтандыру орындары қызмет көрсетеді.

Округте кәсіпкерлік саласының жақсы дамуына ауылдың аудан орталығына жақын орналасуы, Омск-Майқапшағай трассасының бойында және ҚХР-мен шекаралық аймаққа жақын орналасуы да әсер етіп отыр.


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫН ШЕКТЕЙТІН НЕГІЗГІ ЖАҒДАЙЛАР:

 Ауыл шаруашылық сала мамандарының тапшылығы. Еңбек ақының төмендігі және тұрғын үй мәселесінің жайсыздығы жастардың ауыл шаруашылық саласына деген қызығушылықтарын төмендетеді;

 Мал жайылымынының тапшылығы;

 Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуді ұйымдастыру бойынша қолдаудың жеткіліксіздігі;

 Несиелендіру бойынша кепілдіктердің жоғары болуы;

 Жыл бойында өнімдерді саудалау үшін көкеніс сақтайтын орындардың болмауы;

 Егістік жерлердің толық игерілмеуі және өсімдік зиянкестерінің егістік жерлерге қауіп төндірулері;

 Жеке кәсіпкерлердің кәсіптерін дамыту үшін білімдерін жетілдірумен айналысуға ұмтылмаулары;


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

 Шаруа қожалықтары, мал және егін шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді кооперативке бірігу арқылы мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалану;

 Ауыл тұрғындарының Қаратал ауылдық округ әкімі аппаратының теңгеріміне алынған 5 500 гектар жайылымдық жерге бойдақ малдарды жайылымға шығаруды ұйымдастыру;

 Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, кадрлық әлеуетті ұлғайту және кадрларды оқыту, қайта даярлау есебінен ауыл экономикасына қажет (ветеринар, зоотехник, агроном) кадрлар тапшылығын жою масқатында оқу орындарымен келісім-шартқа отыру;

 Республикалық маңызы бар жол өтетінін және транзиттік-тасымалдау әлеуетінің жоғарылығын ескере жол бойындағы сауда жүйесін ұйымдастыру;

 Бизнестің әлеуметтің жауапкершілігін арттыру үшін кәсіпкерлердің рейтингілерін анықтап, ынталандыру мақсатында марапаттауды ұйымдастыру;


SWOT – Талдау

Күшті

Әлсіз

- Халық санының өсуі;

- Мал басының көбеюі;

- Округтың тиімді географиялық орны;

- Тауарлы сүт фермаларын ашуға мүмкіндіктердің болуы;

- Мемлекеттік қолдау арқылы ауылшаруашылығы техникаларының жаңалануы;

- Туризм саласын дамытудың әлеуетінің артықшылығы;


- Ауыл шаруашылық сала мамандарының тапшылығы;

- Мал өнімдерін өңдейтін, халық тұтыну өнімдерін шығаратын цехтардың болмауы;

- Ветеринарлық және фитосанитарлық қызмет сапасының жеткіліксіздігі;

- Шаруа қожалықтарының мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін пайдаланбауы;

- Егістік жерлердің толық игерілмеуі;

- Кәсіпкерлердің кәсіптерін дамыту үшін білімдерін жетілдірумен айналыспай, мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктерді пайдаланбалары;

- Кәсіпкерлік саласына қатысты салық төлемдерінің ауырлығы;

Мүмкідіктері

Қауіптері

- 2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы несилендіру жұмыстарын жүргізу;

- Шаруа қожалықтары кооперативтерге бірігіп, барлық мемлекет тарапынан берілетін барлық мүмкіндіктерді пайдалану;

- Жайылымдық жерлерді қайта бөлу арқылы, ауыл ішіндегі бойдақ малдарды жайылымға шығару;







  1. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Қаратал ауылдық округінің әлеуметтік жағдайы қалыпты деп сипатталады. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмыссыздықты азайту, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға қолдау, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне қамқорлық жасау, әлеуметтік қорғауды жақсарту басты назарда. Аз қамтылған отбасыларына мемлекет тарапынан көрстелетін барлық мүмкіндіктер уақытылы көрсетілуде. 2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 55 адам жұмыссыз ретінде ресми тіркеуге қойылса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 23 адамға немесе 17,6 %-ға азайды. Бір жылдың жылдың ішінде 13 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 32 адам төлемді қоғамдық жұмысқа тартылды. «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша 6 жас уақытша жұмыспен қамтылып, «Жастар практикасы» арқылы да 1 жас маман уақытша жұмысқа қабылданды.
БІЛІМ БЕРУ

Қаратал ауылдық округінде жалпы білім беретін 2 орта мектепте 698 оқушы білім алуда. Материалдық-техникалық базалары толықтай талапқа сай қамтылған, интернетке қосылған. 2017-2018 оқу жылында мектептің 5 күндікке ауысқанымен, кабинет тапшылығы жоқ. Оқу жылында мектеп оқушылары 100 % тегін оқулықпен қамтылды.

2016-2017 оқу жылында мектеп қабырғасын бітірген 42 түлектің, 38 оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, Қаратал орта мектебінің орташа балы 81 пайызды және Қазақстан орта мектебінің орташа балы 86 пайызды құрады. «Алтын белгі» аттестатына 1 оқушы үміткер болып, өз білімін қорғап шықты. 3 маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

«Менің мектебім» акциясы негізінде Қаратал орта мектебінің 2 сыныбы толығымен заманауи құрылғылармен жабдықталды. Жыл сайын мектеп түлектері мектептеріне демеушілік жасауда.



ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Қаратал ауылында 1 дәрігерлік амбулатория (Қаратал), 1 фельдшерлік-акушерлік пункт (Үлкен Қаратал) қызмет көрсетеді. Ғимаратсыз дәрігерлер саны – 2 (Қосқора, Жіңішкесу). Отбасылық дәрігерлік амбулаторияда 2 дәрігер және 12 орта буын мамандар бар. 10 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. 1 жедел жәрдем көлігі бар.



Аудан әкімдігі тарапынан емдеу мекемелерін кадрлармен қамтамасыз ету және оларды тұрақтандыру мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар атқарылуда.

Еңбек ардагерлері мен арнайы есепте тұрған азаматтарға бөлінген тегін дәрі уақытылы, толығымен беріліп отырады. Дәрігерлік амбулаторияға 2017 жылы 14 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаратал ауылында жеке меншік дәріхана бар.


МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Ауылда 250 орындық мәдениет үйі және 3 кітапхана халыққа толыққанды қызмет түрлерін көрсетуде. Жыл көлемінде мәдениет қызметкерлері ақылы қызмет түрінен 130 мың теңге кіріс түсіріп, 80-ге жуық мәдени – көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Мәдениет үйінде аудандық музыка мектебінің филиалы жұмыс істеп, домбыра, би, қобыз, сольфеджио үйірмелеріне мектеп оқуышылары бекітілген кесте бойынша білім алуда.

Сонымен қатар, 2 спорт кешені (модуль), білім беру ошақтарында 2 спорт зал, 1 хоккей қорабшасы, 1 жасанды кіші-футбол алаңы бар. Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жұмыстары жоспарлы түрде іске асырылуда. Спорт кешендерінде және мектептердің спорт-залдарында волейбол, футбол, шахмат, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, қазақша күрес спорттарынан секциялар ұйымдастырылған. Аудан көлемінде ұйымдастырылатын ірі жарыстар мен турнирлерге округтегі спортшылар белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Спорт кешендерінде жастар жүйелі түрде спортпен айналысуда.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ

Ауылдық округте 799 аула және Қаратал ауылында 1 кеден қызметкерлерінің қызметтік тұрғын үйі мен 1 камендатура орналасқан. Тұрғын үйлердің барлығы пешпен жылынатын, тұруға жарамды. Қаратал және Үлкен Қаратал ауылына 100 пайыз, Қаратал ауылына 80 пайызға су жүйесі тартылған. Ауылдық округте тұрғын үй құрылысының өсуі байқалады. Соңғы 3 жылда 5 тұрғын үй салынды.


ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Қаратал ауылы бойынша барлығы 700-ден астам адам әртүрлі деңгейдегі зейнетақы мен жәрдемақыларын алып отыр. Мүгедектер саны –144 адам, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 12 адам. Тіркеуде тұрған жағдайсыз отбасылардың саны – 20. Әлеуметтік қорғау бағдарламаларына қатысуға және қолдау алуға жағдай толық бар. Жұмыссыздық бойынша тіркеуде тұрғандар саны-23. Аз қамтылған отбасыларға берілетін мемлекеттік атаулы көмек пен 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы бойынша 547 мың 394 теңге мемлекеттік атаулы көмек 6 адамға төленсе, 95 балаға 1 млн. 567 мың теңге балалар жәрдемақысына төленді. «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы арқылы 21 ауыл тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасып, 5 млн. 42 мың 376 мың теңгенің қаржысы төленді.


ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ДАМУЫН ШЕКТЕЙТІН НЕГІЗГІ ЖАҒДАЙЛАР:

 Әлеуметтік сала кадрларының жетіспеушілігі: дәрігерлер, мұғалімдер және тәрбиешілер, бапкерлер;

 Отбасылық дәрігерлік амбулаторияның ауыл тұрғындарын медициналық қызметін толық қамтуға мүмкіндігі шектеулі;

 Мәдениет қызметкелерінің сахналық киімдерінің болмауы;

 Мекемелерде бейнебақылаудың жоқтығы;
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ:

 «Өрлеу» бағдарламасы негізінде ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың санын азайту;

 «Туған жер» бағдарламасы арқылы мәдениет қызметкерлеріне сахналық киімдер алу;

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы негізінде ауылға жас мамандарды тарту;


SWOT – Талдау

Күшті

Әлсіз

  • «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандардың келуі;

  • Демографиялық өсімнің негізінде бала санының өсу;

  • Жекеменшік балабақша мен шағын орталықтардың болуы;

  • Кітапхана мен мәдениет үйінің болуы

  • Мектеп жанында спорттық үйірмелердің болуы

  • Спорт кешендері мен білім мекемелеріндегі спорт алаңдарының замануи спорт құралдарымен қамтамасыз етілгенлдігі;

  • Ауылдың ішінде спорт алаңдарының болуы

  • Ауылдық округте қоғамдық ұйымдардың болуы

  • «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жұмыс орындарының ашылуы;

  • Өзіңе-өзің қызмет көрсету бұрышының болуы;

  • Кітап қоры мол кітапханалардың болуы және ON-LINE орталықтың жұмыс істеуі;

  • Жаңадан тұрғын үйлердің салынуы;

  • Орыс тілі, математика, химия пәндерінің мұғалімдері мен хорегоргаф, саз мамандарының тапшылығы;

  • Дәрігерлік амбулаторияның күндізгі стационар бөлімінде орын жеткіліксіздігі;

  • Айрықша күтімдегі балаларды оңалту орталығының жоқтығы;

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың жоғары деңгейі;

  • Бейнебақылау жүйесінің жеткіліксіздігі;

  • Мәдениет үйінің қызметкерлерінің сахналық киімдерінің жоқтығы;

  • Мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналастырмалуы;

Мүмкідіктері

Қауіптері

  • Мектептерде мультимедиялық

  • Әлеуметтік салаға қажет мамандарды баспанамен қамтамасыз ету;

  • Әлеуметтік инфрақұрылымдар саласына мемлекеттік бағдарламалардан бөлінетін қаржының төмендеуі






  1. ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Округте тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, транспорт, байланыс, жолаушылар тасымалдау қызметі қалыпты жұмыс істеуде. Электр энергиясымен қамту, телекоммуникация, пошта байланысы, тасымалды газбен қамту қызметтері тарапынан іркіліс болған емес. Интернет, теледидар жұмыстары жақсарып, ауыл халқы Отаu ТВ жүйесін пайдалануда.

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Қаратал ауылының тұрғын үйлерінің 80%-ы, Үлкен Қаратал ауылының тұрғын үйлері 100 %- ы орталық су жүйесіне қосылған. Су көзі – жер асты сулары. Судың құрамы санитарлық талаптарға сай келеді. Жіңішкесу, Қабырғатал және Қосқора елді мекендерінің тұрғындары табиғи су көздерін пайдалануда. Ауылдарда орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ.


ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Округке қарасты барлық елді-мекендер толығымен электр жарығымен қамтылған. Ауылдық округ бойынша себепсіз жарықтың өшуі болған жоқ. Тоқ көзі жеткілікті. Қаратал ауылында 3 көше, Үлкен Қаратал ауылында 1 көше жарықтандырылған.


БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ПОЧТА

Аудандық телекоммуникация торабы арқылы 2018 жылы 6 телефон нүктелері қойылып, нәтижесінде есепті жыл аяғында негізгі телефон абоненттерінің саны 280-ге жетті. Қазіргі заман талабына сай желілі байланыс бойынша Қаратал, Үлкен Қаратал ауылдарына «Мегалайн» қызметін орнату мүмкіндігі бар. Сымсыз байланыс «Интернетке» қосылған абоненттер саны 114 бірлікті құрап отыр.

Почта бөлімшесі арқылы аудан орталығынан аптасына 2 рет газет – журналдар және белгіленген кестеге сәйкес мемлекет тарапынан төленетін зейнетақы мен әртүрлі жәрдемақылар уақтылы алушыларға жеткізіліп отырады.
КӨЛІК САЛАСЫ

Ауыл ішінен республикалық маңызы бар «Майқапшағай-Омбы» автожолы өтеді. Қатынаудың негізгі бағыты автомобиль жолдары. Зайсан - Көгедай- Қаратал-Үлкен Қаратал бағыты бойынша қоғамдық автобус үнемі жүріп тұр. Ауылдық округтің ішіндегі жол қалыпты. Округ бойынша 34,8 шақырым жолдың 4,5 шақырымы жақсы, 15,2 шақырымы қанағаттанарлық және 15,2 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Ауыл ішіндегі және елді мекендерге баратын жолдар қардан уақытылы тазалануда. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы Қаратал ауылындағы көлденең көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫН ДАМУЫН ШЕКТЕЙТІН НЕГІЗГІ ЖАҒДАЙЛАР:

 Орталық кәріз жүйесінің жоқтығы;

 Төгілген қатты-қалдықтарды жою мүмкіндігінің жоқтығы;

 Электр желілерінің тозуы және электр мамандарының аздығы;

 Орталық көшелерде жаяу жүргіншілердің жолы болмауы;
ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ:

 Қаратал ауылының сыртынан айланбалы жолдың салынуы;

 Ауыл ішіндегі жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

 Жіңішкесу ауылына ауыз су тарту:


SWOT – Талдау

Күшті

Әлсіз

  • Қаратал және Үлкен Қаратал ауыл тұрғындарының ауыз сумен қамтылуы;

  • Жоғары жылдамдықтағы интернет желісінің болуы;

  • Ауыл көшелерінің 50% жарықтандырылуы;

  • Ауылға газ құбырларының тартылуы;

  • Қатты қалдықтар төгетін орынның болуы;

  • Электр желілерінің тозуы;

  • Көше шамдарының сапасыздығы;

  • Кәріз жүйесінің жоқытығы;

Мүмкідіктері

Қауіптері

  • Мемлекеттік бағдарламалар және жергілікті бюджеттен көлденең көшелерг ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  • Қаратал ауылының сыртынан айланбалы жолдың салынуы;






  1. Маңызды бөлім

4.1 Кіріспе

Қаратал ауылдық округі - Зайсан ауданыныдағы Зайсан қаласынан кейінгі ең үлкен округ. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен мүмкіндіктерді пайдалану арқылы, ауылдық округ барлық көрсеткіштер бойынша дамуда. Ауыл шаруашылық өнімдер аудан көлемінде ғана емес, облыс көлемінде де саудалануда. Шағын және орта бизнесте жақсы дамуда. Білім, денсаулық және мәдениет үйлері барлық заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мектеп оқушыларына сабақтан тыс уақыттарында өздері қалаған үйірмелерге қатысуларына барлық мүмкіндіктері бар. Мәдениет үйлері мен кітапханалар толығымен компьтерлермен жабдықталған. Ауыл тұрғындары мен жастардаңы бос уақытын тиімді пайдалану үшін барлық жағдайлар жасалынған.

Ауылдық округтің 2 ауылына су жүйесі тартылған. Газ құдырлары тартылып, көшелер жарықтандырылған. Электр желілерінде іркіліс болған жоқ.

Барлық салада маман тапшылығының барлығы анықталды.


Қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып төмендегідей міндеттер мен оларға жету жолдары
Ауыл шаруашылығы

1бағыт. Ауылшаруашылығын дамытуды қолдау

- асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;

- мал бордақылау алаңдарын ашу;

- егін шаруашылығын дамыту;

- құс өсіру шаруашылығын дамыту;

- оиарташылық саласын жандандыру;

2 бағыт. Кәсіпкерлік саласын қолдау

- халыққа қызмет көрсету саласын дамыту

- кәсіпкерлерлікпен айналысушыларға жәрдемдесу;


Әлеуметтік инфроқұрылым және қызмет

  1. бағыт.

- Мектептің материалдық және базалық жағдайын жақсарту;

- Мультимедиялық кабинеттер ашу;

- Қазақстан орта мектебінің қоршауын жөндеу;

- Мәдениет үйінің қызметкерлеріне сахналық киімдер алу;




  1. бағыт.

  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бөлме ашу;

  • Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру;

  1. бағыт.

  • Жаңадан аурухана салу;

  • Жас мамандарды жұмысқа тарту;




    1. Инженерлік инфрақұрылым

  • Су жүйесін дамыту

  • Интернет желісін тартуды жалғастыру;

  • Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жалғастыру;

  • Ауыл көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргузу;



ІС ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ




Іс- шара

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көзі

Жауапты адам

Жұмсалатын қаржы көлемі (млн. теңге)

Ашылатын жұмыс орны

Ауылшаруашылығын дамытуды қолдау

1

Сүт қабылдау және мал сою пунктін ашу

2018

Жеке инвестиция

Округ әкімшілігі




20

2

Шағын мал бордақылау алаңын ашу

2018-2020

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алу

Округ әкімшілігі,

Жеке инвестиция



Ет өндіру артады

2

3

Элита тұқымының үлесін арттыру

2018-2020

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алу

Округ әкімшілігі,

ш/қ жетекшілері



-

5

4

Ауылшаруашылық техникаларын алу

2018-2020

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алу

Округ әкімшілігі,

жеке инвестиция



Еңбек өнімділігін арттыру

2

5

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту

2018-2020

Жеке қаражат,

мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алу



Округ әкімшілігі,

жеке инвестиция



Асылтұқымды мал басын көбейту

10

Кәсіпкерлікты дамыту

1

Автокөліктерге қызмет көрсету орнын ашу

2018

Жеке қаражат

Округ әкімшілігі,

Жеке инвестиция



15 000

2

2

Тойхана ашу

2019

Жеке қаражат

Округ әкімшілігі,

жеке инвестиция



5 000

8

3

Кебаев көшесіне ашық сауда орындарын салу

2019

Жергілікті бюджет

Округ әкімшілігі


1 500




Әлеуметтік инфроқұрылым және қызмет

1

Атаулы сыныптар ашу

2019-2020

Жеке қаражат

Округ әкімшілігі

Мектеп


Базалық-техникалық сапасын арттыру

-

2

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бөлме ашу

2018

Жеке қаражат

Округ әкімшілігі


Қоғамдық ортаға бейімдеу




Инженерлік инфрақұрылым

1

Орыс бейітін қоршау

2018

Жеке қаражат

Округ әкімшілігі


1 100

5

2

Кебаев көшесінен Омаров көшесіне дейінгі 5 шартты көшеге ағымдағы жөндеус жұмыстарын жүргізу

2018

Аудандық бюджет

Округ әкімшілігі

Аудан әкімшілігі



2 367

1

3

Көше шамдары мен дроссельдерін ауыстыру

2018

Жергілікті бюджет

Округ әкімшілігі


800

-

4

Әлеуметтік нысандарға (мектеп, мәдениет үйі, емхана) интернет желісін тарттыру

2018

Жергілікті бюджет

Округ әкімшілігі





-

5

Кеден қызметкерлерінің үйінен Кебаев көшесіне дейінгі көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

2018-2019

Облыстық бюджет

Округ әкімшілігі


11 209




6

Қатты қалдықтар төгетін орынға тазалық жұмысытарын жүргізу

2018

Жергілікті бюджет

Округ әкімшілігі


700




7

Рәпиев көшесіне ағымдағы жарықтандыру жұмыстарын жүргізу

2019

Облыстық бюджет

Округ әкімшілігі


7 588




8

Закенов көшесіне қиыршық таспен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргзізу

2019

Облыстық бюджет

Округ әкімшілігі


11 250




9

Закенов көшесінен Рәпиев көшесіне дейінгі 3 шартты көшеге қиыршықө таспен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

2019

Облыстық бюджет

Округ әкімшілігі


4 729




10

Қалимолдин көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

2020

Облыстық бюджет

Округ әкімшілігі


37 862




11

Мал қамайтын орын салу

2020

Жергілікті бюджет

Округ әкімшілігі

1 500




12

Жіңішкесу ауылына мал тастау қорымын салу

2020

Жергілікті бюджет

Округ әкімшілігі

1 500




13

Үлкен Қаратал ауылына мал сою алаңын салу

2020

Жергілікті бюджет

Округ әкімшілігі

1 500






Қаратал ауылдық округінің әкімі Қ. Каримов

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет