Н. Ш әлеуметтендіру



Дата07.02.2022
өлшемі18,53 Kb.
#87145
Байланысты:
Әлеуметтендіру 20.10


Орындаған:Жанбосынова А.Б
Тобы:МД-315
Тексерген:Курманбаева Н.Ш
Әлеуметтендіру.
Әлеуметтендіру дегеніміз – қарым қатынас жасай білетін, өмірлік мақсатына жете білетін, өмірлік және адамгершілік құндылықтарды ұстанатын, өзінің қажеттілігі мен қызығушылықтарын қоғам талаптарына сәйкес шектей білетін тұлғаның қалыптасуы. Жеке тұлғаның әлеуметтік топқа, қоғам өміріне араласуы, әлеуметтік тәжірибені меңгере дамуының әлеуметтік кезеңдерін қамтитын және әрбір кезеңі белгілі бір анықталған мәселелерді шешу мақсатына жауап беретін, өмір бойы созылатын үздіксіз процесс.
 «Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, үйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтың қауымдастыру. 
Әлеуметтендіру — мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру. Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен төртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. 
Әлеуметтендіру — тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. «Адамның адам болып калыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлсрге үздіксіз жауап қайтаруынан». 
Әлеуметтену факторлары — әлеуметтену үрдісінің дұрыс жүруі үшін жағдайлар жасауы. Әлеуметтенудің көптеген факторлары кездеседі. Әлеуметтену факторлары бір мезгілде жеке тұлғаны қалыптастырудың, ортаның рөлі туралы факторлары болып табылады. Жеке тұлғаның әлеуметтану проблемасы қазіргі кезде өте өзекті де, әрі жаңа және тану үшін күрделі.

Профессор А.В.Мудрик әлеуметтенудің негізгі факторларын 3 топқа бөліп қарастырады:



  • Макрофакторлар

  • Мезофакторлар

  • Микрофакторлар

Шет елде әлеуметтану проблемасын зерттеуші ғалымдардың ішінде Э.Дюркгейм, Т.Парсонс, Д.Г.Мид, А.Инкельс және т.б. атауға болады, Ресейде В.А.Сластенин, А.В.Мудрик, И.С.Кон, А.В.Петровский, Г.М.Андреева және т.б. бұл бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары белгілі. Қазақстанда жеке тұлғаның әлеуметтану проблемасы әлі де жеткіліксіз зерттелуде. Кез келген қоғамдық құбылыс сияқты, ол көп қырлы проблема, сондықтан да көптеген ғылымдар зертейді: әлеуметтанумәдениеттанутарихэтнографияпсихологияпедагогика және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет