0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет68/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

57 
 
Ересектерге арналған жыр-шумақтарынан гөрі айналасын енді танып жатқан 
бөбектердің психологиясына барлау жасау кез келген қаламгер қолынан келе 
бермейді. Осынау қиындығы мен қызығы қатар жүретін әдебиет саласының 
бүгінде зерттелуі кенжелеп қалғандығы рас. 
Ахмет Байтұрсынов-тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, 
Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі 
ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы. Ахмет 
Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі құжаттар бойынша айтқанда, қазіргі 
Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында 
беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 
қаңтарда дүниеге келген. 
Ахметтің “Өмірбаянында” көрсетуінше: мешін жылы, 1872 жылы 
туған, №5 ауыл, Тосын болысы, Торғай уезі. Қалың қазақ ортасы, қаймағы 
бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім 
дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала 
жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас 
қорлық-зорлыққа шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз начальнигі Яковлевтің 
басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние-мүлікті тартып алу, түрме, 
абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу. 
Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-
ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне 
бағыштады. Ол оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін 
қалдыра білді. “Әліпби”, “Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” т.б. оқу 
құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік 
мәселелерін зерттеу ісімен айналысты. Қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, 
араб алфавитін жетілдіру, терминдер туралы ғылыми өресі биік еңбектер 
жазды. Оның 1926 жылы Баку қаласында өткен түркологтардың 
Бүкілодақтық І съезіне қатысып, араб, түркі тілдері мен сол тілдерде 
қолданылатын әліпбилер туралы баяндама жасауы, бірнеше комиссияның 
жұмысын басқаруы, Қазақстан Оқу-ағарту халық комиссариатындағы, баспа 
ісін басқарудағы жұмыстары оның қоғамдық, мәдени-ағартушылық, 
ғалымдық қызметінің алуан арналы қомақтылығын танытады. 
Ахмет құрастырған әліпбидің тиімділігі балаларға жеңіл таңба мөлшері 
аздығымен де ерекшеленді. Сөйтіп 28 әріптің 145 – 150 таңбасы бар еді. Ал 
ол баланың тез сауаттануына үлкен кедергі келтірді. А.Байтұрсынов осы әріп 
таңбаларын 56-ға түсіріп және жаңартып, мүлде жеңілдетті. Бұдан балалар 
тез сауаттанып, жылдам оқи, жаза алатын болды. Бұл әліпбидің мазмұны 
қазақ жағдайына қарай, мемлекеттік білім кеңесінің жаңа бағдарламасына 
үйлесімді болып шықты. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл заманға 
лайықты болды.
Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы – 
оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті 
нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде 
Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет