0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет76/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

64 
 
араб алфавитін жетілдіру, терминдер туралы ғылыми өресі биік еңбектер 
жазды. Оның 1926 жылы Баку қаласында өткен түркологтардың 
Бүкілодақтық І съезіне қатысып, араб, түркі тілдері мен сол тілдерде 
қолданылатын әліпбилер туралы баяндама жасауы, бірнеше комиссияның 
жұмысын басқаруы, Қазақстан Оқу-ағарту халық комиссариатындағы, баспа 
ісін басқарудағы жұмыстары оның қоғамдық, мәдени-ағартушылық
ғалымдық қызметінің алуан арналы қомақтылығын танытады. 
А.Байтұрсынов өзінің ұстазы ұлы Абай салған жолмен орыс 
әдебиетінің мысалшыл классигі И.А.Крыловтың туындыларын аударып, 
“Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарып, 
оқулық ретінде ұсынды. 
А.Байтұрсыновтың ағартушылық ой-пікірлері 1911-1915 жылдары шыққан 
“Айқап” журналы мен 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан “Қазақ” 
газетінде (ол 5 жыл бойы осы газеттің жауапты редакторы болған) 
жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастады. Ол өзінің 1911ж. 
“Айқап” журналына жазған “Қазақтың өкпесі” атты мақаласында “Өзге 
жұрттар өнер-білім қуғанда, қазақтың хандары да, халқы да ғылым, өнерді 
керек қылмаған.
А.Байтұрсынов туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың 
ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. “Адамға тіл, құлақ қандай керек 
болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек”, – деп жазды ол. 
Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хал-күйі оның 
қабырғасына қатты батты. Бұл жөнінде: “Осы күнгі ауыл мектебінде оқуға 
керекті құрал жоқ. Оқыта білетін мұғалім аз. Сонда да хат білетін 
қазақтардың проценті мұжықтардан жоғары… Бұл мектептің халыққа 
жақындығы, балалардың білімді ана тілінен үйренетіндігі…” деп ауылдық 
қазақ мектептерінің жайын сөз ете келеді де, “орыс школдарында тәртіп те 
бар, құрал да сай, мөлшер, жоспар – бәрі де бар. Сонысына қарай пайдасы аз. 
Олардың пайдасын кемітіп отырған бір-ақ нәрсе: қазақты орысқа аударамыз 
деген пікірі бүлдіріп отыр”– деп қазақ даласында патшалық Ресейдің отарлау 
саясатының қалай іске асырылып жатқанын әшкерелейді. 
Ол патша әкімдерінің оқу-ағарту ісіндегі бұл саясатының түпкі мақсатын 
одан әрі айқындай түсіп, “Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір 
тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр халыққа керегі өз дінін, тілін, жазуын 
сақтау. Солай болған соң бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, 
политикадан алыс боларға керек… Қазақты басқа дінге аударамын деу құр 
әурешілік. Қазақты дінінен аударуға болмаса, жазуынан да аударуға 
болмайтын жұмыс” деп, өз пікірін батыл білдірді. А.Байтұрсынов “Қазақ” 
газетінің 1914 жылғы 62-санында “Мектеп керектері” деген мақаласында 
“…Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар 
оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы, һәм 
сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс 
те сондай болмақшы. Үшінші – мектепке керегі белгіленген программа” – 
деп оқытуға қажетті мәселелерді ғылыми тұрғыда талдап береді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет