62 көкірегі ояу болуына септігін тигізетін тағы бір тарап болса, ол әрине –
балалар әдебиеті қаламгерлері. Халықтық педагогика мен бүгінгі күнді
ұштастырып, әлем әдебиеті шығармаларын жырларына арқау етіп, оны
бүлдіршіндерге лайықтап жазып шығу өте қиын дүние. Бала танымына
арнайылап, түсінуіне ауырлау келмес үшін де тер төгетіні тағы бар.
Ересектерге арналған жыр-шумақтарынан гөрі айналасын енді танып жатқан
бөбектердің психологиясына барлау жасау кез келген қаламгер қолынан келе
бермейді. Осынау қиындығы мен қызығы қатар жүретін әдебиет саласының
бүгінде зерттелуі кенжелеп қалғандығы рас. Сонау ХІХ ғасыр мен ХХ
ғасырда әдебиет жанашырларының бастамасымен бөлек сала ретінде
қарастырыла бастаған балаларға арналған небір жауһар жырлармен толыға
бастады. Кеңестік дәуірде үкіметтің сойылын соғар астыртын құралы ретінде
жұмсалғанымен, тәуелсіздік алып еркін ел болғанымыз да балалар әдебиетіне
өзгеріс енгізбей қоймады.
Қазақ балалар әдебиетінің аталарының бірі деп Ахмет Байтұрсыновты
атап өтсек болады. Байтұрсынов -ақын, аудармашы, ғалым-тілші,
әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды.
Ахмет Байтұрсынұлы XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі
қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да
бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын
көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға
жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле
түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді.
Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы
түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай,
Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз
заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды. Өмір жолы. Ахмет
Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай
өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы
намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның
ағайындары патша өкіметінің өкілі – уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге
қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді.
Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен
зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой
ұялатады. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары
көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын
маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы
екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы
мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы
Ыбырай Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол
жаңаша мектептер саны көбейген болатын. Міне, осы тәрізді оқу
орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет Байтұрсынұлы 1895
жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895-
1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық