2 Кеңес өкіметінің кітап баспа ісі саласындағы мемлекеттік саясаты



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата05.12.2022
өлшемі185,38 Kb.
#161178
  1   2
Байланысты:
sciPaper73068
ref -alash-partijasy-7


ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИБЛИОГРАФИЯНЫҢ 
ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 
 
БАЯН АСАНОВА, 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің аға 
оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты 
 
Кітапнама немесе Библиография (кӛне грекше: «bіblіon» – кітап және кӛне 
грекше «drapho» – жазу) – баспа ӛнімдері жӛнінде ақпараттық мағлұмат беріп, 
оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол 
кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметті 
ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа 
ӛнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және 
қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылыми мен мәдениет 
дамуының деңгейін айқындауға кӛмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына 
бағыт 
сілтейді, 
белгілі 
бір 
ғылыми 
қағидаларды, 
саяси, философия және эстетика кӛзқарастарды, техника жетістіктерді таратуға 
мүмкіндік туғызады[1]. 
Ежелден қазақ халқы кӛшпелі ӛмір салтын ұстанды. Сол себептен де, 
Қазақстан библиографиясын зерттеу барысында қазақтардың кітап жазу ісінде 
кейін қалды деп есептейді. Бұл мүмкін емес, себебі, олар кӛшпелі халық болса 
да кітап жазды. Мұндай кесімді жауап француз ғалымдары: Делез бен Гварати 
құрған «Номодология теориясынан» келіп шығады. Олар былай деген: «Біз 
тарихты отырықшы тұрмыс салтын ұстанған адамның кӛзқарасы тұрғысынан 
жазамыз... тарих ешуақытта сыртқы дүниені түсінбеген»[2, б. 3-14]. Тарихты, 
жалпы кітапты қазақ даласындаға кӛшпелі ел де, қаланы мекендеген отырықшы 
қазақтар да жаза бастаған.
Қазақ библиографиясының дамуы сонау ежелгі дәуірлерден тамыр алып 
келеді. Қазақ даласында кӛптеген шығармалар дүниеге келіп, қазіргі қазақ 
библиографиясының дамуына үлкен үлес қосып жатыр.
Орта Азия мен Қазақстан жерінде ежелден пайда болған кітапханаларды 
кӛптеген бағалы материалдар кездеседі. Тарихтағы атақты адамдардың кӛбісі 
сол кітапханалардан ӛз білімдерін жетілдіріп отырған. Сондай атақты 
кітапханалардың бірі, Қазақстан мен Орта Азияда атақты болған – Отырар 
кітапханасы. Бұл кітапхана Қазақстан библиографиясын зерттеу кезінде кӛп 
үлес қосты. Бұнда библиография дамуындағы кезеңдерді ашып кӛрсететін 
кӛптеген құжаттар мен мәліметтер сақталған. Осы және басқа да атақты 
кітапханаларда Қазақстан және Орта Азия библиографиясына үлес қосқан 
атақты адамдар мен қайраткерлердің еңбектері сақталған[3]. 
Қазақстан библиографиясының шығуы ӛткен ғасырлармен тығыз 
байланысты. Араб жазбалары мен түркі тілдес кітаптар Шығыстың орасан зор 
жерінде шыққан және кӛшірілген. 
Кітаптар – (білім мен тәрбиенің, ойлар мен сезімдердің) ертедегі тарихи 
кезеңдер мен қазіргі заманғы адамдардың творчестволық ой-ӛрісінің, білімі мен 
тәжірибесінің жиынтығын құрайды. Кітаптарда, адамзаттың ӛмірінде 



кездесетін барлық жетістіктер жазылып, кейінгі ұрпақтарға мұра ретінде 
сақталып келеді. Кітаптарды немесе барлық саладағы әдебиеттерді бір 
қоғамдық кезеңнен, екінші кезеңге жеткізу үшін оларды жинақтайтын орын 
және таратушы ғылым саласы болуы қажет. Егерде мұндай әрекеттер іске 
аспайтын болса, халықтардың кітап бетінде жарық кӛрген білімі мүлдем 
жойылып кеткен болар еді. Бірақ адамзаттың қоғамының дамуына байланысты, 
білім кӛздерін сақтап, оны таратып отыратын құралды ойлап тапты. Бұл - жазба 
құралы болатын. Ең әуелі қолжазба кітаптар пайда болып, содан кейін 
кітаптарды баспаханаларда басып шығару әдісі дүниеге келді. 
Түркі тілдес қолжазба кітаптар мен шежірелердің тақырыптары әртүрлі. 
Олар: мерзімді календарлар, энциклопедиялар, актілер, кӛшірмелер, география, 
астрономия, т.б. 
Орта Азия халықтарының кӛп ғасырлық дамыған мәдениеті XIV ғасырдың 
екінші жартысынан бастап қайтадан ӛрлей бастады. Мәдениетімізді 
дамытудағы жаңа ӛрлеуге жағдайлар жасалды. ХV-XVII ғасырда Самарқан, 
Бұқара қалаларында кітап миниатюрасы ӛркендеді. Орта Азия ӛнерінің 
тарихында Бұхарадағы кітап және ағаш пен тасқа ою-ӛрнек салу мектебі 
ашылып кӛрнекті орын алды. Сондай-ақ, сәулет ӛнерінде әсемдік элементі 
ретінде қолданылған каллиграфия да асқан шеберлікке қол жеткізді. 
Түркі тілдес қолжазба шығармалар мен тізімдер поэзия түрінде берілген. 
Қазақстанда ХҮІІІ ғасырға дейінгі және Қазақстанның жеке жерлері туралы 
мәліметтер араб жазбаларының түркі тілдес әдебиеттерінде, сол сияқты Шығыс 
Еуропалық Шығыстану құжаттар әдебиеттерінде беріліп отырған. 
Ежелгі Қазақстан библиографиясы жӛнінде жазбаша деректемелер кӛне 
парсы, кӛне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша 
деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан. 
Қытайдың Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол ӛңірдегі халықтар 
жӛнінде материалдар жинаудан басталды. Қытай жазба деректері ӛзінің кӛлемі 
жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді. 
Қазақстан туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (біздің 
заманымызға дейін 140-87 жылдары) Батыс ӛңірге жіберген тұңғыш Қытай 
елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы "Батыс ӛңір" 
деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық 
Азияның біраз бӛлігіне қатысты қолданылды[4]. 
Аз ғана уақыттың ішінде қазақ мемлекеттілігінің, басқа елдермен 
қатынастарымыздың беймәлім тұстарын айқындайтын бірегей жәдігерлер 
табылды. Ғалымдарымыз Ресей, Ӛзбекстан, Армения ғана емес, АҚШ, 
Ұлыбритания, Германия, Қытай мен Египет секілді елдерге іс сапарлары 
барысында Қазақстан тарихына қатысты құнды құжаттардың есебін алды. 
Осыған байланысты, Қазақстан библиографиясын зерттеу барысында 
орталықтан «Зарубежная архивная казахстаника» [5, б. 527-530] атты кітабы 
шықты. Ал, “АҚШ мұрағаттары мен кітапханаларындағы КСРО тарихы 
бойынша құжаттар” деген тарауда КСРО құрамындағы қазақ елінің тарихын, 
ӛмірін, салт-дәстүрін сипаттайтын құжаттар молынан кездеседі.



Ӛткен ғасырдың 30-40 жылдары Ұлттық мұрағатқа Қазақстан туралы 
мағұлматтарды қамтитын Американың бірнеше мекемелерінің материалдары 
берілді. Әсіресе, №226 құжаттық топ материалдары ерекше назар аударуды 
қажет етеді. Оны Қорғаныс министрлігінің Стратегиялық қызмет біріккен 
басқармасының құжаттары құрайды. 1942 жылы құрылып, 1946 жылға дейін 
АҚШ Қорғаныс министрлігінің біріккен бас штабы үшін ақпараттық және 
барлау материалдарын дайындаумен айналысқан бұл Басқарма Кеңес 
одағындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, оның ішінде ұлттық мәселелер 
бойынша құпия мәліметтер жинастырған екен[6]. 
Қазақстан жӛніндегі мағлұматтар АҚШ ұлттық мұрағатының филиалдары–
құжаттану федеральдық орталықтарының жергілікті мұрағаттық бӛ-
лімшелерінде де бар. Бұл орайда ұлттық мұрағатта түсірілген микрофильмдерге 
кӛңіл бӛлген жӛн. Қазақстан жӛніндегі құжаттар құрамын зерттеушілер 
федеральдық мұрағат қызметі 1975 жылы құрастырған “Ұлттық мұрағаттың 
регионалдық мұрағаттық бӛлімшелеріндегі микрофильмдерден” біле алады. 
Қазақ тіліндегі басылымдардың арасында Т. Шонанұлының “Қазақ жерінің 
тарихы” (Қызылорда – Ташкент, 1926), Атығай Шонаұлы мен Қанабек Байсейі-
тұлының “Зәуре” (Қызылорда, 1930), Қ.Кемеңгерұлының “Қазақтар тарихынан” 
(М., 1924), А.Байтұрсыновтың “Әліпби – Жаңа құрал” деген еңбектері де бар. 
Америка Құрама Штаттарындағы ең ірі кітап қоймасы – 1880 жылы Вашингтон 
қаласында негізі қаланған Конгресс кітапханасы. Мұндағы орыс, ӛзбек, қазақ, 
т.б. халықтар тарихы бойынша шоғырланған материалдардың барлығы дерлік 
кітапхананың Славян және Орталық Еуропа бӛлімінде. Кітапханада Джордж 
Кеннанның (1845-1924) 1885-1886 жылдары Сібірге саяхаты кезінде 
жинастырған қолжазбалар мен суреттердің кӛлемді қоры сақтаулы. Семей 
кітапханасында батыс классиктерінің шығармаларымен танысып жүрген қазақ 
халқының ұлы ақыны Абай туралы әлем жұртшылығына тұңғыш хабарлаған 
американ журналисінің қорында қазақтар туралы басқа да мағлұматтардың 
барлығы күмән тудырмайды. 
Нью-Йорк кӛпшілік кітапханасында “Түркістанның экономикалық очеркі” 
(1922) деген бұрын еш жерде жарияланбаған кітаптың қолжазбасымен танысуға 
болады. Гарвард университетінің Хаугхтон кітапханасында, Индиана 
университетінің Лилли кітапханасында (Блумингтон қ.) “Орта Азия бойынша 
материалдар” коллекциясы жеке топтастырылған. Мэдисон қаласындағы 
Висконсин университетінің кітап қоймасындағы Қазақстан, Ӛзбекстан, 
Түрікменстан және басқа да республикалар бойынша басылымдар мен 
қолжазбалар туралы мағлұматтар “Қоғамдық ғылымдар бойынша компьютерлік 
орталық пен мәліметтер банкіне” енгізілген. 
Батыс елдерінің кітапханаларындағы қазақ халқының тарихы мен 
мәдениетіне қатысты құнды кітаптар мен қолжазба күйіндегі материалдарды 
іздестіруде Ричард Левинскийдің 1980 жылы шыққан кӛрсеткіші, әсіресе, 
Л.Крадердің “Қазақстан библиографиясы” (1948), Джорджтаун университетінің 
қызметкері Р.Ловентальдің “Орта Азияның түрік тілдері мен әдебиеті” (1957), 
Р. Пирстің “Кеңес Орта Азиясы” (1966), С. Хорак, Д. Хейзер, Э. Лаззерини мен 



И. Крайндлердің “Кеңес ұлттарын зерттеуге басшылық: КСРО-ның орыс емес 
ұлттары” (1982) деген еңбектері ӛте пайдалы. 
Ұлыбританиядағы шығыстану мекемелерінің қорларына, әсіресе, Британ 
мұражайына ХІХ ғасырдың ӛзінде Орталық Азия елдерінен кӛптеген 
қолжазбалар жеткізілді, олардың біразы ғылыми түсініктемелермен ағылшын 
тіліне аударылып жарыққа шықты. Ӛткен ғасырдың 20-жылдары Британ 
мұражайына Қазақстанда жұмыс істеген ағылшын концессионерлерінің 
құжаттары, күнделіктері мен естеліктері келіп түсті. Олардың қатарындағы 
Қоянды жәрмеңкесі жӛніндегі альбом, инженер Джон Уорделлдің жазбалары 
қазақтар ӛмірінен соны мағлұматтар береді. 
Түркия мұрағаттарындағы Қазақстан тарихына қатысты материалдардың 
молдығы, бірақ олардың әлі күнге дейін жүйелі түрде зерттелмей келе 
жатқандығы белгілі. Оны түрік профессоры М. Сарайдың “Осман мемлекеті 
мен Түркістан хандықтары арасындағы саяси байланыстар”[7, б. 2-5] атты 
монографиясынан да байқауға болады. 
Қорытындылай келгенде, Қазақстан библиографиясының даму тарихы 
ежелден-ақ басталғанын кӛруге болады. Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан 
атақты ғұламалар, қоғам қайраткерлері қазақ библиографиясының ӛркендеуіне 
жол ашып берді. Сол үрдіс қазірге дейін жалғасын тауып келе жатыр. 
 
Қандай тарих болмасын ӛз бастауын сонау тереңнен алары белгілі. 
Қазақстан библиографиясының түп тамыры да, сонау ертеден бастау алып, 
қазіргі күнге дейін жетіп отыр. Бұл қазіргі біздің рухани байлығымыз, баға 
жетпес құнда қазынамыз болып табылары сӛзсіз. Біздің алдымызда тұрған ең 
маңызды міндеттердің бірі -тез әрі толық ақпарат алу үшін кітап қорын сақтау. 
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың ӛркендеп, дамуына байланысты 
кітапханалық 
процесстер 
автоматтандырылып 
жатыр. 
Библиографтар 
құрастырған кӛрсеткіштерді белгілі бір бағдарлама бойынша компьютерлерде 
басып шығаруда. Әлемге Қазақстандық библиографияны кеңінен таныту үшін 
бұл жүйе үлкен рӛл атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет