Орта азия мен қазақстандағы библиографияның пайда болуы және дамуы



Дата29.01.2022
өлшемі27,57 Kb.
#115696
Байланысты:
Асанова


ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИБЛИОГРАФИЯНЫҢ

ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ


БАЯН АСАНОВА
Кітапнама немесе Библиография (көне грекше: «bіblіon» – кітап және көне грекше «drapho» – жазу) – баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылыми мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философия және эстетика көзқарастарды, техника жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады[1].

Ежелден қазақ халқы көшпелі өмір салтын ұстанды. Сол себептен де, Қазақстан библиографиясын зерттеу барысында қазақтардың кітап жазу ісінде кейін қалды деп есептейді. Бұл мүмкін емес, себебі, олар көшпелі халық болса да кітап жазды. Мұндай кесімді жауап француз ғалымдары: Делез бен Гварати құрған «Номодология теориясынан» келіп шығады. Олар былай деген: «Біз тарихты отырықшы тұрмыс салтын ұстанған адамның көзқарасы тұрғысынан жазамыз... тарих ешуақытта сыртқы дүниені түсінбеген»[2, б. 3-14]. Тарихты, жалпы кітапты қазақ даласындаға көшпелі ел де, қаланы мекендеген отырықшы қазақтар да жаза бастаған.

Қазақ библиографиясының дамуы сонау ежелгі дәуірлерден тамыр алып келеді. Қазақ даласында көптеген шығармалар дүниеге келіп, қазіргі қазақ библиографиясының дамуына үлкен үлес қосып жатыр.

Орта Азия мен Қазақстан жерінде ежелден пайда болған кітапханаларды көптеген бағалы материалдар кездеседі. Тарихтағы атақты адамдардың көбісі кітапханалардан өз білімдерін жетілдіріп отырған. Сондай атақты кітапханалардың бірі, Қазақстан мен Орта Азияда атақты болған – Отырар кітапханасы. Бұл кітапхана Қазақстан библиографиясын зерттеу кезінде көп үлес қосты. Бұнда библиография дамуындағы кезеңдерді ашып көрсететін көптеген құжаттар мен мәліметтер сақталған. Осы және басқа да атақты кітапханаларда Қазақстан және Орта Азия библиографиясына үлес қосқан атақты адамдар мен қайраткерлердің еңбектері сақталған[3].

Қазақстан библиографиясының шығуы өткен ғасырлармен тығыз байланысты. Араб жазбалары мен түркі тілдес кітаптар Шығыстың орасан зор жерінде шыққан және көшірілген.

Кітаптар – (білім мен тәрбиенің, ойлар мен сезімдердің) ертедегі тарихи кезеңдер мен қазіргі заманғы адамдардың творчестволық ой-өрісінің, білімі мен тәжірибесінің жиынтығын құрайды. Кітаптарда, адамзаттың өмірінде кездесетін барлық жетістіктер жазылып, кейінгі ұрпақтарға мұра ретінде сақталып келеді. Кітаптарды немесе барлық саладағы әдебиеттерді бір қоғамдық кезеңнен, екінші кезеңге жеткізу үшін оларды жинақтайтын орын және таратушы ғылым саласы болуы қажет. Егерде мұндай әрекеттер іске аспайтын болса, халықтардың кітап бетінде жарық көрген білімі мүлдем жойылып кеткен болар еді. Бірақ адамзаттың қоғамының дамуына байланысты, білім көздерін сақтап, оны таратып отыратын құралды ойлап тапты. Бұл – жазба құралы болатын. Ең әуелі қолжазба кітаптар пайда болып, содан кейін кітаптарды баспаханаларда басып шығару әдісі дүниеге келді.

Түркі тілдес қолжазба кітаптар мен шежірелердің тақырыптары әртүрлі. Олар: мерзімді календарлар, энциклопедиялар, актілер, көшірмелер, география, астрономия, т.б.

Орта Азия халықтарының көп ғасырлық дамыған мәдениеті XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап қайтадан өрлей бастады. Мәдениетімізді дамытудағы жаңа өрлеуге жағдайлар жасалды. ХV-XVII ғасырда Самарқан, Бұқара қалаларында кітап миниатюрасы өркендеді. Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарадағы кітап және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу мектебі ашылып көрнекті орын алды. Сондай-ақ, сәулет өнерінде әсемдік элементі ретінде қолданылған каллиграфия да асқан шеберлікке қол жеткізді.

Түркі тілдес қолжазба шығармалар мен тізімдер поэзия түрінде берілген. Қазақстанда ХVІІІ ғасырға дейінгі және Қазақстанның жеке жерлері туралы мәліметтер араб жазбаларының түркі тілдес әдебиеттерінде, сол сияқты Шығыс Еуропалық Шығыстану құжаттар әдебиеттерінде беріліп отырған.

Ежелгі Қазақстан библиографиясы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан.

Қытайдың Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол өңірдегі халықтар жөнінде материалдар жинаудан басталды. Қытай жазба деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді.

Қазақстан туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди заманымызға дейін 140-87 жылдары) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды.Қытай жазбаларындағы "Батыс деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды[4].

Аз ғана уақыттың ішінде қазақ мемлекеттілігінің, басқа елдермен қатынастарымыздың беймәлім тұстарын айқындайтын бірегей жәдігерлер табылды. Ғалымдарымыз Ресей, Өзбекстан, Армения ғана емес, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай мен Египет секілді елдерге іс сапарлары барысында Қазақстан тарихына қатысты құнды құжаттардың есебін алды. Осыған байланысты, Қазақстан библиографиясын зерттеу орталықтан «Зарубежная архивная казахстаника» [5, б. 527-530] атты кітабы шықты. Ал, “АҚШ мұрағаттары мен кітапханаларындағы КСРО тарихы бойынша құжаттар” деген тарауда КСРО құрамындағы қазақ елінің тарихын, өмірін, салт-дәстүрін сипаттайтын құжаттар молынан кездеседі.

Өткен ғасырдың 30-40 жылдары Ұлттық мұрағатқа Қазақстан туралы мағұлматтарды қамтитын Американың бірнеше мекемелерінің материалдары берілді. Әсіресе, №226 құжаттық топ материалдары ерекше назар аударуды қажет етеді. Оны Қорғаныс министрлігінің Стратегиялық қызмет біріккен басқармасының құжаттары құрайды. 1942 жылы құрылып, 1946 жылға дейін АҚШ Қорғаныс министрлігінің біріккен бас штабы үшін ақпараттық және барлау материалдарын дайындаумен айналысқан бұл Басқарма Кеңес

одағындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, оның ішінде ұлттық мәселелер бойынша құпия мәліметтер жинастырған екен[6].

Қазақстан жөніндегі мағлұматтар АҚШ ұлттық мұрағатының филиалдары– құжаттану Федеральдық орталықтарының жергілікті мұрағаттық бөлімшелерінде де бар. Бұл орайда ұлттық мұрағатта түсірілген микрофильмдерге көңіл бөлген жөн. Қазақстан жөніндегі құжаттар құрамын зерттеушілер федеральдық мұрағат қызметі 1975 жылы құрастырған “Ұлттық мұрағаттың регионалдық мұрағаттық бөлімшелеріндегі микрофильмдерден” біле алады. Қазақ тіліндегі басылымдардың арасында Т. Шонанұлының “Қазақ жерінің тарихы” (Қызылорда – Ташкент, 1926), Атығай Шонаұлы мен Қанабек Байсейітұлының “Зәуре” (Қызылорда, 1930), Қ.Кемеңгерұлының “Қазақтар тарихынан” (М., 1924), А.Байтұрсыновтың “Әліпби – Жаңа құрал” деген еңбектері де бар.

Америка Құрама Штаттарындағы ең ірі кітап қоймасы – 1880 жылы Вашингтон қаласында негізі қаланған Конгресс кітапханасы. Мұндағы орыс, өзбек, қазақ, т.б. халықтар тарихы бойынша шоғырланған материалдардың барлығы дерлік кітапхананың Славян және Орталық Еуропа бөлімінде. Кітапханада Джордж Кеннанның (1845-1924) 1885-1886 жылдары Сібірге саяхаты кезінде жинастырған қолжазбалар мен суреттердің көлемді қоры сақтаулы. Семей кітапханасында батыс классиктерінің шығармаларымен танысып жүрген қазақ халқының ұлы ақыны Абай туралы әлем жұртшылығына тұңғыш хабарлаған американ журналисінің қорында қазақтар туралы басқа да мағлұматтардың барлығы күмән тудырмайды.

Нью-Йорк көпшілік кітапханасында “Түркістанның экономикалық очеркі”

(1922) деген бұрын еш жерде жарияланбаған кітаптың қолжазбасымен танысуға болады.

Гарвард университетінің Хаугхтон кітапханасында, Индиана университетінің Лилли кітапханасында (Блумингтон қ.) “Орта Азия бойынша материалдар” коллекциясы жеке топтастырылған. Мэдисон қаласындағы Висконсин университетінің кітап қоймасындағы Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және басқа да республикалар бойынша басылымдар мен қолжазбалар туралы мағлұматтар “Қоғамдық ғылымдар бойынша компьютерлік орталық пен мәліметтер банкіне” енгізілген.

Батыс елдерінің кітапханаларындағы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды кітаптар мен қолжазба күйіндегі материалдарды іздестіруде Ричард Левинскийдің 1980 жылы шыққан көрсеткіші, әсіресе, Л.Крадердің “Қазақстан библиографиясы” (1948), Джорджтаун университетінің қызметкері Р.Ловентальдің “Орта Азияның түрік тілдері мен әдебиеті” (1957),

Р. Пирстің “Кеңес Орта Азиясы” (1966), С. Хорак, Д. Хейзер, Э. Лаззерини мен И. Крайндлердің “Кеңес ұлттарын зерттеуге басшылық: КСРО-ның орыс емес ұлттары” (1982) деген еңбектері өте пайдалы. Ұлыбританиядағы шығыстану мекемелерінің қорларына, әсіресе, Британ мұражайына ХІХ ғасырдың өзінде Орталық Азия елдерінен көптеген қолжазбалар жеткізілді, олардың біразы ғылыми түсініктемелермен ағылшын тіліне аударылып жарыққа шықты. Өткен ғасырдың 20-жылдары Британ мұражайына Қазақстанда жұмыс істеген ағылшын концессионерлерінің құжаттары, күнделіктері мен естеліктері келіп түсті. Олардың қатарындағы Қоянды жәрмеңкесі жөніндегі альбом, инженер Джон Уорделлдің жазбалары

қазақтар өмірінен соны мағлұматтар береді. Түркия мұрағаттарындағы Қазақстан тарихына қатысты материалдардың молдығы, бірақ олардың әлі күнге дейін жүйелі түрде зерттелмей келе жатқандығы белгілі. Оны түрік профессоры М. Сарайдың “Осман мемлекеті мен Түркістан хандықтары арасындағы саяси байланыстар”[7, б. 2-5] атты монографиясынан да байқауға болады.

Қорытындылай келгенде, Қазақстан библиографиясының даму тарихы ежелден-ақ басталғанын көруге болады. Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан атақты ғұламалар, қоғам қайраткерлері қазақ библиографиясының өркендеуіне жол ашып берді. Сол үрдіс қазірге дейін жалғасын тауып келе жатыр.



Қандай тарих болмасын өз бастауын сонау тереңнен алары белгілі. Қазақстан библиографиясының түп тамыры да, сонау ертеден бастау алып, қазіргі күнге дейін жетіп отыр. Бұл қазіргі біздің рухани байлығымыз, баға жетпес құнда қазынамыз болып табылары сөзсіз. Біздің алдымызда тұрған ең маңызды міндеттердің бірі -тез әрі толық ақпарат алу үшін кітап қорын сақтау.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың өркендеп, дамуына байланысты кітапханалық процесстер автоматтандырылып жатыр. Библиографтар құрастырған көрсеткіштерді белгілі бір бағдарлама бойынша компьютерлерде басып шығаруда. Әлемге Қазақстандық библиографияны кеңінен таныту үшін бұл жүйе үлкен рөл атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет