Сатарқұл Әмина Саятқызы 2 курс 6B01301



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі208,91 Kb.
#93738
  1   2   3
Байланысты:
Предшкольное образование. Сатаркул А Тапсырма5 docx
Можаева-О.И.-Шилибекова-А.С.каз

Сатарқұл Әмина Саятқызы
2 курс
6B01301







Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Тапсырма №5





Баланы мектепке арнайы дайындау (оқи, жаза, санай білуге т.б.).
Тапсырмалары 1. Саусақ бұлшық еттерінің дамуы, оларға арналған жаттығуларға талдау. 2. Дене бұлшық еттерінің дамуы, оларға сипаттама 3. Баланың физиологиялық дамуына байланысты еңбектерге талдау. 4. Баланың дене дамуына байланысты еңбектерге талдау Әдістемелік нұсқау: Баланың дамуына байланысты берілген тапсырмалар бойынша талдау жасап, конспект, таблица құру.
Саусақ ойыны — саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертсгіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып,балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік, қимылдарының дамуымен тығыз банланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, тузету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.Мысалы, «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады, Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет