Сабақ тақырыбы: «Мерекелер мен ойын-сауықтар»



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі18,76 Kb.
#83319
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
матемммм


Мамандығы: 0101000- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Тобы: МДБ-Н-18
Практика түрі: Өндірістік оқыту
Өтілетін күні 03.10.2020
Оқытушы: Абсаттарова З.А
ҚАЙЫРЛЫ КҮН, БІЛІМ АЛУШЫЛАР!
Сабақ тақырыбы: «Мерекелер мен ойын-сауықтар »


Мерекелер мен ойын-сауықтар балалардың музыкалық қызметін ұйымдастыру формасы ретінде оның: театралдық-ойын, көркемдік-ауызекі, бейнелеуші секілді басқа түрлерімен үйлесім табады және тәрбиенің маңызды адамгершілік-эстетикалық міндеттерін шешуге септігін тигізеді. Әндерді, мерекелік шығармаларды, хороводтарды, билерді орындау барлығын бір іске біріктіреді. Шағын топ өнер көрсеткенде басқа балалар өз жолдастарыныің жетістіктеріне қуанады.
Қуанышты көңіл-күй қалыптастыруда балалардың өнерлері мен орындалатын әндердің, бидің, хоровожтардың қиындық деңгейін ұйымдастыру маңызды роль атқарады. Егер балалар материалды жақсы меңгерсе және шығарманы орындау олар үшін қиындық туғызбаса, мектепке дейінгі балаларға тән еркіндік қалыптасады. Өкінішке орай, кейбір педагогтер мерекелік ертеңгіліктерді ересектер үшін қызықты етіп ұйымдастыруға тырысады. Мұндай ертеңгіліктерде әлі толық меңгерілмеген және кейде бағдарлама талаптарына сай келмейтін жаңа материалдар орындалады.
Ертеңгіліктен бұрын өткізілетін сабақтар дұрыс жоспарлануы тиіс. Айтып өтсек, музыкалық жетекші элементтерін балалар әлі меңгермеген жаңа биді үйреткісі келді. Әрине, мұндай дайындық ұзақ уақытты талап етеді, сонымен қатар қимылдарды есте сақтау үшін көп күш жұмсауды талап етеді, және ертеңгілікте балалар осы биді орындауда қатты қиналады. Егер ол меңгерілген қимылдардан құрастырылса, онда оны орындау балаларға үнемі қуаныш пен қызығушылық сыйлайды. Осыған сәйкес мерекеге дайындықты музыкалық дамудың жоспарына зиянын тигізбейтіндей және жалпы жұмыс тәртібін бұзбайтындай дәрежеде ұйымдастыру қажет.
Балабақшадағы ойын-сауықтар тақырыбы мен ұйымдастыру деңгейі бойынша әртүрлі. Кейбір түрлерінде ересектер орындаушы болса, балалар көрермендер ролін атқарады. Басқаларында өздері билейді, әндетеді, өлең оқиды, ертегілерді сахналайды немесе бірге өнер көрсетеді. Мерекелерді артық қиындықтар тудырмайтын, дайындық барысында қосымша жүктемені талап етпейтін деңгейде ұйымдастырған өте маңызды.
Бұл ретте музыканы қалай қолдану қажет? Ертегілерді, қуыршақ және көлеңке театрларының спектакльдерін көрсету, сахналау кезінде іс-әрекеттер музыкамен сүйемелденеді, оларды көркейте түседі. Музыкалық шығарманың біразын белгілі тақырыпқа немесе белгілі бір композитордың (Құрманғазы, П. И. Чайковскийдің) шығармашылығына арналған концертке енгізу қажет.

Мерекеде көркемдік безендіруді қолдану балалар үшін қызықты, олар ерекше жағдайлар қалыптастырады, тосынсый жасайды және қызықты нәрсе ретінде қабылданады. Ойын-сауық барысында музыканы қабылдау көбіне балалардың орындаушы немесе тыңдаушы және көрермен болуына байланысты. Алғашқы жағдайда олардың белсенділігі артады, ал екінші жағдайда ол қойылымды қабылдауы арқылы тікелей қалыптасады және ол мұқият, эмоционалды тыңдауында, сәйкес репликаларда, жауаптарда, сұрақтарда көрініс табады. Балалар пьесаны, ертегінің желісі бойынша «жел секілді» гуілдеп, аяқтарымен ритм бойынша тапырлатып, пойыздың қозғалысын және т. б. бейнелейді. Осылайша, мерекелер музыкалық қызметті ұйымдастырудың қызықты, тәрбиелеуші формасы болып табылады, себебі олар еркін қуанышты, қызығушылықты тудырады, балалардың өздерін өз бетімен және шығармашылық тұрғыда көрсетуге деген талпынысын қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет