Түсініктеме хат



бет1/9
Дата03.02.2022
өлшемі30,69 Kb.
#130643
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Түсініктеме хат
Сіздердің алдарыңызда ортаңғы топтарында күннің екінші жартысында өткізуге арналған вареативтік компонент « Ортаңғы топ балаларына арналған музыкалық ойын-сауықтар» ұсынылған. Бұл жұмыс 4-5 жастағы балаларға «Тәрбиеші күні», «Орман мейрамы», «Біздің топта мереке», «Ертегілер біздің достар» т.б. 36 тақырыптан тұрады. Ойын-сауықтар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған. Бұл жұмыстың мақсаты мектепке дейінгі мекеменің іс-әрекеті жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту.

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, мектепке дейінгі мекемелердің алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті болып тұр.
Балалар өміріндегі мерекелердің маңызы – адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру құралы, әдеби шығармалар, әндер мен өлеңдер патриоттық сезімдер қалыптастырады, балалар бойында тәртіптілік, мінез - құлық, ұжымшылдық негіздерін, мәдениетін тәрбиелейді
Осы жағынан алғанда, жас жеткіншектерді тәрбиелеп, оларды жан - жақты дамытып, жетілдіруге мерекелік күннің үлесі зор. Жас жеткіншектердің өзін қоршаған ортаға дұрыс қалыптастыруға өз Отанына сүйіспеншілігін арттыруға, еңбекке ынтасын күшейтуге, интернационалдық сезімін оятуға үлкен әсер етеді. Ойын-сауықтар өткізу кезінде ойынның бала өмірінде алатын орны зор, ойнау балалардың табиғи қажеттілігі, оның өсіп - жетілуінің негізгі шарты десе де болады.

Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылып, тереңде жатқан талап - тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Сөйтіп ойын барысында олардың тартымды бейнелер жасай білуіне қол жеткізу. Оған тәрбиешілер мен педагогтар жан тәндерімен кірісіп, көп еңбек сіңіру керек.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет