Қызылорла обылысының экологиялық мәселелері,және онымен күресу жолдары.
Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қажеттінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат — табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс.
ҚР обылыстарының ішінде Қызылорда обылысы экологиялық аймаққа жататыны белгілі.Байқоңырдан ұшқан зымыран, Аралдың табанындағы тұзды шаң Қызылорда облысына орасан зор экологиялық апат әкеліп жатқаны жасырын емес. Онсыз да экологиядан көз ашпаған Сыр халқын енді Сырдария өзені одан бетер алаңдатап отырғаны белгілі.
Алдымен «Байқоңыр» ғарыш айлағына тоқтала кетсем, ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі болып табылады. Алайда қазіргі таңда ТМД – дағы осы бір аса ірі ғарыш кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалып отыр.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға едәуір кері әсерлерін тигізуде:
- ұшу процесінен кейін, атомосфераның табиғи режимі бұзылады;
- атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды;
-атмосфераның озон қабатын бұзады;
-территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтары мен сынықтарымен зақымдайды;
-қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
- ауқымды масштабта температураның жоғарылауына әсерін тигізеді
«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмеңдеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барып айтпасқа болмайды.
Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Ал бұл мақсатқа жету үшін мынадай шаралардың орындалуы қажет:
-қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету;
- егінді жинау және бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;
- токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау;
-аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу;
— зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу т.б. жұмыстар атқарылуы қажет.
Сондай – ақ, Бір кездері суы арнасына сыймаған Әмударияның түбіне мақта өсімдігі жетті. Көрші елдер Әмударияның суын үздіксіз егістікке пайдаланып, қазір дария арнасында щаң бұрқырап жатыр.Дәл сол сияқты Сырдария өзені де жылдан жылға өз көлемін азайтып жатыр.Бұған себеп Шекаралас елдермен трансшекаралық бассейндердегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекетаралық келісімдердің болмауы суды пайдаланудың ұлттық бағдарламаларын негіздеу кезінде түсініксіз жағдайлар туындатады.
Сырдария өзенінің мәселесі бұлмен шектелмей оның сапасының төмендеуіде болып отыр.Атап айтқанда Арал-Сырдария экология департаментінің талдау және бақылау бөлімінің айтуынша соңғы жылдары мұндағы судың деңгейі өте төмен.Сондай-ақ соңғы тексеру бойынша судың құрамы нашарлап барады дейді. Атап айтқанда, судағы оттегінің биологиялық қажеттілігі ОБҚ – - 1,3 есеге, азот амманины - 0,7 есеге, ал тұздың құрамы - 1,3 есеге әдеттегі нормадан асып кеткен.Осыған сәйкес бұл жағдай тұрғындар денсаулығына әсер етуде. Жалпы Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштерін анықтау мақсатында зерттеу жүргіздім. Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері әлеуметтік-экологиялық жағдайлармен тығыз байланысты. Халықтың жалпы ауруға шалдығуы 100 мың адамға 64016,1 адамнан келеді екен, ішек инфекцияларымен 5547 адам ауырады. Республика халқы бойынша ішек ауруларына шалдығушылардың 40 -ы Қызылорда облысының үлесіне тиеді. Бұл өз кезегінде ауыз су мәселесінің әлі шешілмегенімен түсіндіріледі.
Бұл жағдайда Дарияның суының астын тазарту керек деп тұжырымға тоқталамын.
Қорытындылай келе : Біз Қазақстан Республикасының болашақ негізін қалаушы жастар ретінде тек Байқоңыр ғарыш айлағының мәселесін қарастырып қана қоймай, бүкіл Қазақстан және әлемдегі экологиялық проблемалардың алдын алуға үлес қосуымыз қажет. Себебі, аздаған салғырттық әсерінен бүкіл әлемге қауіп төнуі мүмкін. Мысалды алыстан іздемей өзіміз қарастырып отырған Байқоңыр ғарыш айлағын алуымызға болады. Өйткені Байқоңыр ғарыш айлағының проблемасы сол аймаққа ғана емес, қазіргі күнде әлемдік проблема болып табылатын Арал теңізінің экологиясының нашарлауына да әсерін тигізуде.
Қорыта айтқанда, біз атмосфералық ауаға «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын зымырандардың жаңармай қалдықтары мен Арал теңізінен көтерілетін тұздың қоршаған ортаға әсері туралы толық мәліметтерді зерттеу қажет екендігін баса айтқым келеді.
Сондықтан, жалға берілген Қазақстан территориясындағы ғарыш айлағын бақылау, болжау, зерттеу жұмыстарын жауапты қадағалау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |