ІАН (пульмонология)
Жм-813
Орындаған: Джиеналиева Айсулу
Қабылдаған: Абдирамашева К.
Ситуациялық есеп
Пациент 55 жаста ер кісі ауа жетіспеу сезіміне, тәбеттің жоқтығына, әлсіздікке, салмақ жоғалтуға, жөтел іріңді қақырық пен қан аралас қалдықтарымен, ентігуге, сол жақ кеуде бөлігінің ауырсынуына, кешке температурасының 38,5 С-қа көтерілуіне шағымданады.
Anamnesis morbi: Өзін 3 айдай аурумын деп санайды. Жұмысқа қабілеті төмендеген. Екі апта бұрын кеуде қуысының сол бөлігіндегі ауырсыну сезіміне, қан түкіру, ұйқысыздық,тәбеті төмендеген. Ауырып жүрген кезінде медициналық көмекке жүгінбеген. Ауруханаға жедел жәрдем көмегімен жеткізілген.
Anamnesıs vıtae: Мамандығы механизатор-жұмысшысы ( соңғы 2 жылда гербецидтермен жұмыс істеген). 24 жасынан темекі тартады. Әкесі өкпе рагынан қайтыс болған. Көп жылдар бойы созылмалы бронхитпен ауырады. Науқас тұрғылықты жері бойынша СБ жөнінен терапевтте «Д» учетта тұрады.
Обьективті: Жалпы жағдайы өте ауырлықта. Тамақтануы күрт төмендеген. Дене температурасы – 37,2º С. Есі анық, науқас мазасыз, қорқыныш сезімі. Дауысы қарлыққан. Тері жамылғыларының диффузды көгеруі. Терісі құрғақ, трофикасы бұзылған. Беттің, мойынның, жоғары бөліктерінің ісіктері.Жақасты,бұғана үсті, мойын лимфа түйіндерінің тауық жұмыртқасы көлеміндей ұлғаюы, тығыз, қатты, кедір-бұдыр пальпация кезінде ауырсынусыз. Тыныс алуы қиындаған, айқын инспираторлы ентікпе. Тыныс алу жиілігі 42рет мин. Кеуде қуысы қалыпты формалы, алдыңғы қабырғасында веналардың кеңеюі көрінеді. Сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде тұйық перкураторлы дыбыс. Аускультативті тынысы қатаң,сол жақ жауырынның төменгі бұрышында әлсіз. Сол жақ өкпе бөлігінде ылғалды, ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек шекарасының тұйықтығы оң жаққа 2 см ығысқан.Аускультативті жүрек тондары тұйықталған.Шулар естілмейді. ЖСЖ 116 рет мин. АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Пальпаторлы іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында шамалы ауырсыну. Бауырдың төменгі бөлігі қабырға доғасынан 5 см кіші, тығыз. Бауырдың Курлов бойынша өлшемі 17 х 14 х 12 см.Бүйрек пальпацияланбайды.Ұрғылау симптомы екі жақтан теріс.
ЖҚА31.03.2012:Hb - 76 г/л, эритроциттер - 3,1 х 1012, лейкоциттер 10,5 х 109, түсті көрсеткіш 0,8, СОЭ 73 мм/ч, Лейкоцитарлы формула: Сег-80 %б м – 10 %; л – 10 %.
ЖЗА: Түсі бұлыңғыр. Белок – 0,33 г/л, Лейкоцит – 4-6-8 к/а, Эритроцит – 4-5 к/а.
ҚБА: Билирубин 32,4 ммоль/л, тура емес– 18,3 ммоль/л, креатинин -135 мкмоль/л.
УДЗ іш қуыс ағзаларының: гепатомегалия, бауырда көлемі 1-10 гомогенді емес түзілістер. Көк бауыр ұлғайған, құрылымы біркелкі емес. Бүйректе метастаздар.
Кеуде қуысының рентгенограмасы: Кеуде қуыс клеткасының тура және сол бүйір проекциясының R-граммасында сол жақ өкпенің жоғары бөлігінде гомогенді емес қараю анықталады, айқын емес, контурлары тегіс емес. Эмфизема, диффузды пневмосклероз. Оң жақ жоғары бөлікте фиброз, кальцинаттар.Түбірі құрылымсыз. Көкірек аралық ұлғаймаған. Қойнаулары бос.
Сұрақтар:
Синдромдарды ажыратыңыз.
Болжам диагноз.
Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу қажет?
Емі.
Жауаптары:
Интоксикациялық синдром
Өкпенің қабыну өзгерістері
Бейспецификалық қабыну өзгерістері
Тыныс жетіспеушілігі
Өкпеден тыс зақымданулар
2. Сол өкпенің орталық обыры, IV саты, лимфатүйіндері, бүйрек, бауырға метастаздармен. Параканкрозды деструктивті пневмония.
3. Қақырықтың жалпы анализі
Туберкулез микобактериясына қақырық анализі
Қақырықты бактериалогиялық және сералогиялық тексеру(атипті клетка)
Қақырық анализін антибиотикке сезімталдығын анықтау
БХА(креатинин, мочевина, билирубин, АлАТ, АсАТ)
Кеуде қуысының R-графиясы екі проекцияда
ЭКГ
УДЗ плевральді қуыстың, іш қуыс ағзаларының
Компьютерлі томография
Бронхоскопия көзделген биопсия, мойын лимфа түйіндерінің пункционды биопсиясы
Қан анализі микрориакцияға.
Онколог кеңесі
Фтизиатр кеңесі
4. Сәулелі терапия
Химиотерапия
Хирургиялық ем
Параканкрозды пневмония емі – антибиотикотерапия (фторхинолон, цефалоспориндер IV ұрпақты, синтетикалық пенициллиндер)
Достарыңызбен бөлісу: |