ПАРЕНХИМАТОЗДЫ ДИСТРОФИЯ
Препарат:
1)Макропрепараттар (а-г). Бауырдың стеатозы (майлы гепатоз, бауырдың майлы дистрофиясы, "қаз" бауыр): бауыр мөлшері ұлғайған (а - бауырдың салмағы - 8500 г, в - 4300 г), тығыздалған, беті тегіс, алдыңғы шеті дөңгелектенген, беткей және кесіндіде (б, г) - біртекті сазды, сары немесе сары-қоңыр түсті.
Ағза: бауыр
Пат ошақ беткей көрінісі :тегіс, жылтыр
Пат ошақтың көлемі: үлкейген, жайылған
Түсі: сарғыш-қоңыр
Консистенциясы; қамыр тәрізді жұмсақ
Пат үрдіс: паренхималық майлы дистрофия
Қорытынды:бауырдың майлы дистрофиясы
Этиологиясы: улану, алкоголь, дұрыс тамақтанбау, гипоксия.
Асқынулары: цирроз, некроз, бауыр жетіспеушілігі, созылмалы гепатитНәтижесі: қайтымды
Микропрепараттар (а-г). Бауырдың стеатозы (майлы гепатоз, бауырдың майлы дистрофиясы, "қаз" бауыр): гепатоциттердің цитоплазмасындағы липидтердің шөгінділері гематоксилинмен және эозинмен боялған кезде мөлдір бос вакуолаларға ұқсайды; Судан III сары-қызғылт сары түске боялады. Әдетте ұсақ май тамшылары (ұсақ тамшылы семіздік) гепатоциттің бөлігінің орталығында, ал ірі май тамшылары (ірі тамшылы семіздік)жасуша бөлігінің шеткі бөлімдерінде (в) байқалады. а, б - гематоксилинмен және эозинмен бояу, в, г - Судан III, а, в - Х 100, б, г - х200
Ағза тіні бауыр
Бояуы: Судан 3
Гистологиялық құрлымы: Бауыр бөлікшелері, гепатоциттердегі вакуоль, триада
Морфологиялық өзгерістер: Гепатоциттерде майдың мөлшері көбейеді,құрамы өзгереді, алдымен ұсақ тамшылы майлану,кейін тамшылар ірі тамшыларға немесе ірі майлы вакуольге айналып ірі тамшылы майланады. Тамшылар Цитоплазманы толық жайлап ядроны шетке ығыстырады. Май тамшылары жиналуы көбінесе бауыр бөлікшелерінің шетінде басталады,орталығында сирек болады.
Тін мен қан тамырлары өзгерістер Қан тамырлары кеңейген, әр түрлі қанданған.
Пат үрдіс: паренхималық майлы дистрофия
Қорытынды: бауырдың майлы дистрофиясы
Этиологиясы:улану, алкоголь, дұрыс тамақтанбау, гипоксия.
Асқынулары: цирроз, некроз, бауыр жетіспеушілігі, созылмалы гепатит
Нәтижесі: қайтымды
Достарыңызбен бөлісу: |