Тақырыбы: «Ғарыш әлемі»
Мақсаты: Ғарыш, ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Түзету-білімділік: Балаларға ғарыш, ғарыштық ұшулар, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы түсінік бере отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылығын арттыру;
Түзету-дамытушылық:Балалардың байланыстырып сөйлеуін, көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін арттыру, түзету тапсырмалар арқылы дыбысты айту, ұсақ саусақ моторика қабілеттерін дамыту, ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру. ИКТ технологиясы арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
Түзету-тәрбиелік: Ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, ғажайып сәт, әңгімелесу.
Көрнекі–құралдар:
Мотивациялық-қозғаушылық:
Логопед:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Ұйымдастырушылық-түзетушілік.
Логопед: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі
Логопед: -Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар: Күн жылынады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, қар ериді, ағаштар бүршік атады.
Логопед: -Балалар көктем мезгілінде үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр.
-Кәне, бірге қайталайықшы.
-Бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол Ғарышкерлер күні.
Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде көптеген ғалам бар. Ал, біздер жер бетінде өмір сүреміз. (Суреттер көрсетіледі)
- Балалар ғарышқа қандай әуе көлігімен ұшады?
Зымыран.
- Ғарышқа тұңғыш ұшқан ағаларымыз Юрий Гагарин, Тоқтар Әубакіров, Талғат Мұсабаев. Ғарышқа зымыранмен ұшқан бұл кісілер біздің мақтанышымыз. Ғарышкерлер ғарышқа скафандр киімімен ұшады.
Логопед: -Балалар,біз бүгін ғарыш әлеміне саяхат жасаймыз. Алдымен саяхатқа шықпас бұрын біз өз-өзімізді ретке келтіріп алайық. Біз жуынайық («Тәтті тосап»), шашымызды тарайық («Тарақ»), шай ішейік («Кесе»), тілімізге жаттығу жасайық («Сағат») (Артикуляциялық жаттығулар айнамен орындалады)
-Жарайсыңдар , балалар!
Логопед: - Балалар, сендер
Логопед: Балалар, біз мына ғаламшарларға жету үшін С, Ш, Р, Л дыбыстарын айтуымыз керек.
Логопед: -2-ші тапсырма «Буын ұйқас жаттығуы»
Кәнеки, балалар, бәріміз бірге қайталаймыз!
Ға-ға-ға-ғалам
Ыз-ыз-ыз-жұлдыз
Кер-кер-кер-ғарышкер
Ро-ро-ро-робот
Логопед: -Жарайсыңдар, балалар!Енді келесі 3-ші тапсырма
Ойын: «Көлеңкесін тап»
- Жарайсыңдар, балалар! Келесі тапсырма біз сандарды ретімен қосу арқылы сурет шығаруымыз керек. Шыққан суретті ватсап желісі арқылы жібересіздер.
Тамаша, балалар, келесі тапсырма «Артығын тап»
Суреттегі
Логопед:- Жарайсыңдар, балалар! – Робот өзіне зымыран құрай алмай отыр екен, оған зымыран құрап береміз бе?
Балалар:- Ия, құрап береміз!
Сергіту жаттығуы.
«Зымыран» атты ұсақ саусақ моториканы дамытуға арналған ойын.
Мақсаты: Ұсақ саусақ моториканы, ойлау қабілеттерін дамыту.
(Зымыранды таяқшалар арқылы құрастыруды ұсыну).
-Жарайсыңдар, балалар!
Рефлексиялық-түзетушілік:
Логопед:-Балалар, бүгін уақытымызды сондай көңілді өткіздік!
-Біз бүгін қайда бардық?
- Ғарышкерлер қайда ұшады екен?
-Кімге көмектестік?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
-Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?
Достарыңызбен бөлісу: |