Тақырыбы: «Ғарыш әлемі» Мақсаты: Ғарыш, ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту


Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»



бет4/4
Дата25.05.2020
өлшемі29,82 Kb.
#71127
1   2   3   4
Байланысты:
СТЖД 1-2
Үйлестіру Адилет
Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»

Сабақтың мақсаты: Аквариум туралы түсінік беру , геометриялық пішіндерден денелер қиып парақ бетіне ұқыпты, таза жапсыруға үйрету, өлең, жаттау, жұмбақ шешу, қол қимылын жатықтыру

Көрнекіліктер: Аквариумдағы балықтар, магнитті қармақ, қатты картоннан  жасалған балықтар, табиғат  бейнесі.

-Сәлеметсіздерме, балалар!

Біздің бүгінгі сабағымызды біліп алу үшін жұмбақ жасырайын.



Жұмбақтар: 

1.Төрт бұрышты шыны ыдыс

               Терезесі жоқ, іші толы су.

               Осы үйдің тұрғындары,

               Шетінен шебер жүзгіштер.(Аквариум)

            2. Суда  оның  өмірі, суда  оның  қорегі

            —Өте  жақсы  жұмбақтың шешуі- Балық

 —          Ендеше алдымызда аквариум екен.

 —         Аквариумда нелер өмір сүреді?

  —         Балықтар

 —         Олай  болса  балықтар  туралы  жан-жақты  мәлімет  алайық.

—         Балықтар  қайда  тіршілік  етеді? (суда, теңізде, көлде, мұхит және де  аквариум, океанариумда және дельфинариумде. Балықтардың  түрі өте  көп: тұқы, бақтақ, ақсерке, шортан, алабұға ,сазан, шабақ, жайын, ақ балық, басқалары. Балықтарды зерттейтін  ғылым - ихтиология  деп  аталады. Ал бізде  тек  қана тап  қазір аквариумдағы балықтар бар. Аквариум (су қойма-су жануарлар мен өсімдік өсіруге және зерттеуге арналған шыны  ыдыс. Аквариумдағы балықтардың тыныс тіршілігін күнде біз  топта бақылап жүреміз. Олардың да  тіршілігі көлдегі, өзендердегі балықтарға ұқсас, тек олар біздің топта шыны  аквариумда өмір  сүреді, біз  оларға күтім жасаймыз. Аквариумды жуып  тазалаймы, тамағын  саламыз. Балалаған балықтарды  басқа  аквариумда ұстап,өскеннен кейін  қосамыз.т.с.с.

 Күн  сайын 15минут қарап отырсан жүйке жүйе  жақсарып, көңіл-күй сергиді екен .

Тапсырма № 1

Мақсаты: балаларға санауға, зейін қоюға үйрету.

Суретте қанша қызыл балық бар?

Барлығы қанша балық?

Тапсырма № 2

«Суретте не жетіспейді?»

Ойынның шарты:Тақтаға балық суретінің суреті ілініп қойылады. Осы балықтың жетіспейтін мүшелерін табады. Мысалы: балықтың басы, кеудесі, құйрығы, қанаты.

Тапсырма № 3

Мақсаты: зейінін, сөздік қорын молайту.

Суретттегі балықшының құралдарын ажыратып алу керек.

Тапсырма № 4

Мақсаты: баланың кеңістікте бағдарлауын, сөздік қорын молайту.

Алтын балық қайда?

Мұрты бар балық қайда орналасқан?

Балдырдың артындағы балықты көрсет

Жоғары, төмен, артында, алдында, ортасында, жанында сөзерін пайдалану.

Тапсырма № 5

Мақсаты: Сөздік қорын молайту.

Сурет бойынша әңгіме құра.

—         Ойындарына рахмет, сабаққа жақсы қатыстыңдар. Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!

Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесі


Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:

Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.


Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
Балалар: - Үлгілі, тәртіпті бала.
Мұғалім: - Ал енді «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

ІІ. Негізгі бөлім:


Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,


Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,


Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,


Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. «Бағдаршам»

Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тіліп алу баршамызға керек.


1. Неге? Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
3. Жиек жол деген не? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Тақтада
Қызыл – Тоқта!
Сары – Сақтан!
Жасыл – Жол ашық!

Қызыл көзін ашқанда,


Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады.

Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.


Қорытындылау:
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.

Мұғалім түсіндірмесі: Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Балалар, сенднр көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.

Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:


1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?

- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.


2.Жиекжол дегеніміз не?

- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.


3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?

- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.


4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?

- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.


5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?

- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.

6.Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?

- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.Егер

ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.
7.Ал жиекжолда қалай жүру керек?

- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.

8.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?

- Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.


- Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.

1.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Есіркеп ешбір адам жемдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді.

( Трамвай)

2.Арқаным тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

(Жол)

3.Қозғалмасаң құлайды,



Сүйемесең сұлайды.

Құйымшақты ері бар,

Бұл не деген жануар?

(Велосипед)

4. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та.

(Бағдаршам)

Бұдан кейін оқушылар өздерінің бағдаршам туралы іздестіріп тапқан жұмбақтарын кезегімен айтып шығады.

тамирис : Сөйлегенді білмейді,

Бірақ «тоқта, жүр»дейді.


Нұрислам: Әйгілі үш сөзді,

Бір дәу тұр үш көзді.

Оған жас-кәріміз,

Бағындық бәріміз.


Мұхамед: Менің үш көзім бар,

Бір көзім «кідір»дейді,

Бір көзім «жүгір»дейді,

Бір көзім «абайла»дейді.

«Қарап қалма маңайға»дейді.
- Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?

Бір оқушы көшеде жүру тәртібін көрсететін бағдаршам суретін көрсетеді.

- (Бағдаршамның қызыл отын көрсетіп) Бағдаршамның қызыл оты жанғанда жүргіншіге де, көліктерге де тоқтап тұру керек.

Сары шам бағдаршам отының ауысуын көрсетеді.Бұдан да жүруге болмайды.

Сарыдан кейін жасыл жарық жанғанда жол ашық, жүруге болады.

- Көреген дәу қырағы,

Көшемізде тұрады.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда!

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

Тоқта!
Сақтан!


Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!


Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!



Бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады.

қорытындылау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет