«Ақбота» сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі



Дата30.12.2022
өлшемі14,72 Kb.
#164905
түріСабақ
Байланысты:
Мінездеме Жұлдыз тобы


«Ақбота» сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі:
Штифель Д..

Мінездеме


Даниэль ортаңғы «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушісі. Ол таңертеңгі уақытта балабақшаға келгенде жақсы көніл – күймен келеді. Қойылған сұраққа жауап беруге тырысады. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Сабақты қызыға тындап, берген тапсырманы ұқыпты, тиянақты етіп жасайды. Сурет салғанда қызығушылық танытады. Егер мен оған отбасының суретін сал десем ол ата- анасының суретін салып қана қоймай, өз еркімен үйді, бұлт, күннің көзін қосымша салады. Аппликация сабағында қайшымен ұқыпты қиып, жапсырғанды ұнатады. Шығармашылық жұмыспен айналысқанды ұнатады. Ірі көлемді пазлдарды және құрылыс материалдарын жақсы құрастырады.
Ертегі айтқан кезде мұқият тындайды,бірақ-та әңгімелеп айту ол үшін қиынға соғады. Тақпақ жаттаған кезде жаттауға тырысады, бірақ кейбір әріптерге тілі келмегендіктен айтуға ұялады. Бастапқы келген кезден қарағанда ертегі,ән, әңгімені тырысып айтуға және тыңдауға деген қызығушылығы оянды. Өз достарынан қалыспай айтуға тырысады. Барлық жұмыстарды орындау барысында оң және сол қолды алмастыра отырып орындай береді.
Мінезі ашық, көніл- күйі көтеріңкі. Достарымен ойнаған кезде барлығымен бірге қуана ойнайды. Ешбір баланы ренжіткісі келмейді.
Тапсырма беру барысында баяу, ойланып орындаса, ойнау барысындағы тапсырма берілгенде тез –тез істеуге жанталасып, эмоцияға қатты беріліп ойнайды. Барлығын түсінеді, жасайды, өзіне қызмет ете алады. Даниэльдің қысылып ұялатындығы сөйлеу барысында сөздерді анық дұрыстап айта алмауында. Ойлау қабілеті барлығы жақсы дамыған.

Ортаңғы «Жұлдыз» тобының тәрбиешілері: Сагиндыкова Н.Н.


Ахамбаева Г.З.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет