Ойыншықты жинаймыз, Бөбектерге сыйлаймыз



бет1/3
Дата21.01.2022
өлшемі30,67 Kb.
#112938
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
тақпақтар қоштасу


Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер білім үйреткен,

Өзіңізді қимаймыз.


Мектепке ертең барамыз,

Оқимыз, сауық құрамыз.

Қашық та болса арамыз,

Сіздерге келіп тұрамыз.

Құшағында жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім ән тыңдап,

Алаңдауды білмедім.

Гүлге толы жан-жағым,

Асыр салып жүгірдім.

Өсті талап талғамым,

Көп нәрсені ұғындам.

Балабақшам базарлы үй.

Қаладағы ажарлы үй,

Күлкісі бар шуақты.

Өз үйіміз сияқты.

Бақша біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз.

Ұлағатты ұстаздан,

Оқып білім аламыз.

Тәрбиешім түлегіңмін,

Шаттығымсың жүрегімнің.

Еңді оқуға кетемін.

Еңдігі ұям мектебім.

Сен үйреттің сөйлеуді.

Сенде ойым есейді,

Мектепке барам мен еңді,

Балабақшам қош еңді.

Қуанышымыз біздің мол,

Мектепке біз тарттық жол.

Ұмытпаймыз өзіңді,

Балабақшам, қош сау бол!

Тәрбие берген ұямыз.

Тәртіпті бала боламыз,

Қоштасып бақшамен

Мектепке біз барамыз.

Қуанамыз, сыйламыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Балалықты қимай біз,

Қоштасатын күн бүгін.
Барлығы:

Әзіл әнге салайық,

Күліп ойнап қалайық.

Кемшілікті бетке айтар,

Біз турашыл болайық.




Қоры қорықпаңыз ата-ана

Бәрі қалжын ойын ғой.

Бұзықтықты тастауға

балаларың дайын ғой.







  1. Бала: Мектепсіз –ақ бәріміз

Оқу –жазу білеміз.

Танып алсақ теңгені,

Сауда жасап жүреміз.


  1. Бала: Мектепсіз –ақ бәріміз

Оқу –жазу білеміз.

Хат танысақ болғаны,

Хабарсаласып жүреміз.


  1. Бала: Қорықпайтын ешкімнен,

Нағыз батыр боламыз.

Үзілістің үстінде,

Төбелесіп аламыз.


  1. Бала: Барады деп мектепке

қуанып жүр ата- ана.

Бармасақ та біз текке,

Ойнау үшін барамыз.

Сүйген өз қыз, өз ұлын.
Бөбегім деп аянбай
Балабақша өз үйім
Апай болды анамдай.


Баулып, баптап өсірген.
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді.
Ұмытпаймыз сөзіңді.


Барлығы:

Тәрбиеші: - Әзіл- әнсіз той болғанба? Балалардың мектеп әзілдерін тындап көрейік.

1 - бала:
2 - жүргізуші кіреді.
Жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.

Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа да жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл - ойларың
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Бірге: Құтты болсын тойларың.

Ән: «Біздің балабақшада» (Музыкамен Спортокус,  Кесірбек Робби мен Стефани кіреді)

Стеф: Сәлеметсіңдер ме балалар? Мерекелерің құтты болсын.

Спорт: Осында мектепке баратын балалар бар деп естіген соң сендерге ертегілер елінен қонаққа келдік.

Кесір: Иә. Мен де сендермен мектепке барғым келеді.

Стеф: Жоқ, Кесірбек! Сен мектепке баруға әлі дайын емессің.

Тәрбиеші: Иә, Кесірбек! Сені біз мектепке жібере алмаймыз.

Кесір: Неге дайын емеспін?  Неге мені мектепке  жібергілерің келмейді, мен түсінбеймін. Маған себебін айтыңдаршы.

 

Жүргізуші:  Кесірбек Робби!       Неге сен айнаға зер салып қарамайсың



Неге шашыңды дұрыстап тарамайсың

Неге таңертең беті-қолыңды жумайсың

Неге мына тырнақтарыңды алмайсың

 

Спорт:  Иә, Кесірбек! Тәрбиеші апай өте дұрыс айтады.



Неге үнемі кір болып жүресің

Неге тек  біреуге кесір тигізуді білесің

Неге мен секілді спортпен шұғылданбайсың

Неге сен ата-анаңның айтқанын ұғып алмайсың

 

Тәрбиеші апай: Иә, сен сияқты кір-қожалақ баламен ешкім де дос болғысы келмейді. Мектепке баратын балалар таза жүру керек. Олар білімді, ақылды болу керек. Біздің мектепке баратын балаларға қарашы,  қандай ұқыпты, таза.



Стеф:  Кесірбек! Тәрбиеші апай өте дұрыс айтады. Сен тағы да кесіріңді біреуге тигізіп жүрерсің, одан да бармай-ақ қой.  Тіпті сен Спортокус сияқты спортпен де айналыспайсың ғой, мектепке қалай бармақсың?

Кесір: Мен мектепке барғым келеді.

Апай: Ал сен мектепке баруға дайынсың ба?

Кесір: Иә. Міне қараңыз, мен мектепке апаратын заттарымды портфеліме салып қойдым.

Апай:Кәне, портфеліңде не бар көрейікші.  (Апай портфеліне салынған заттарды қарайды.)

Кесір:   Міне, бәрі дайын. Мынау сабақта шөлдесем ішетін суым. Мынау-кәмпит, мынау-бәліш, қарным ашқанда жеймін. Ал мынау жастық, сабақта шаршағанда ұйықтаймын, ал мынау будильник мені оятады.

Апай: Иә, керемет!  Сонда сен оқулықтарыңды қайда саласың?

Кесір:   Білмеймін.

Апай: Балалар, Кесірбек  мектепке апаратын заттарын портфеліне дұрыс салып па?  (Жоқ)

Олай болса, көмектесейік.

                                                           



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет