Мақал-мәтелдер



Дата07.02.2022
өлшемі23,76 Kb.
#95714
Байланысты:
Мақал-мәтелдер


Достық, татулық туралы
================
Дос – егіз, дұшпан – сегіз.

Айырылар дос ердің алдыңғы қасын сұрайды.

Жаман дос – көлеңке: басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың.

Достық пен жолдастық тату үйдің бақыты тасыр, ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар.

Жолдасы көптің – олжасы көп.

Қимас досың сұраса қимасыңды бересің.

Татулық табылмас бақыт.

Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның.

Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.

Ұрыстың мерейі – ерлік, ырыстың мерейі – бірлік.

Жаман жолдастан мықты таяқ.

Жолдасты жол айырады.

Қасың менен досыңды қас-қабағың танытар.

Ауыл итінің достығы сүйек тастағанша.

Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды.

Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.

Екі жақсы қосылса, өлгенінше дос болады.
Екі жаман қосылса, өлгенінше қас болады.

Дос таппай көңіл тыным таппас.

Көршің қолайлы болса, қораң кең.

Жолдасың жақсы болса, жолым ұзын деме.


Жолдасың жаман болса, қолым ұзын деме.

Қадіріңді білгің келсе, көршіңнен қарыз сұра.

Елсізде ит те жолдас.

Тар жерде табысқан, кең жерде келіседі.

Жолдасың соқыр болса, сен де бір көзіңді қысып қой.

Досыңа ат берме, ат берсең, ақырын жүр деме.

Досы жоқ адам - тұзы жоқ тағам.

Жаман дос жауыңмен бірге шабады.

Достың орны - төр, дұшпанның орны – көр.

Жаңа дос келгенде, ескі достың көзінен жас шығады.

Жартыны жарып жеген – татулықтың белгісі.

Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.

Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас.

Жолдасын тастаған жолда қалар.

Жақсымен жүрсең, жақсы боларсың.
Жаманмен жүрсең жын ұрып, бақсы боларсың.

Досы көптің жаны семіреді, асы көптің тәні семіреді.

Жақсының күнде бір үйі кеңиді.
Жаманның күнде бір үйі кемиді.

Дос тұтқанды қадірле.

Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме.

Жалған достан жау артық.

Аталастан ауылдас жақын.

Жақсы көрші тапқаның, мол олжаға батқаның.

Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің, анық достың қадірін зарыққанда білерсің.

Айырылмас досыңа қайырылмас сөз айтпа.

Жалған жолдас көзіне мақтар, сырт айналып, сойылын баптар.

Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.

Төбелеске бергісіз араша бар, ағайынға бергісіз жанаса бар.

Ай көрмесең туысың жат, Жыл көрмесең жолдасың жат.

Дос көтерер көңілді, мал көтерер өлімді.

Айтулы достың малы бір.

Дос табылса ас табылмайды, ас табылса дос табылмайды.

Жақсы досқа жақсы мал бер.

Досы көпті жау алмас.

Досыңның досын, досың ет.

Тектімен достас, тексіз доспен қоштас.

Құрдастардың құдайы бір.

Жаман туғаның болғанша, жақсы жолдасың болсын.

Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

Доспен дос болғанға шаттан
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.

Қажымалы мың жолдас, жоқпен тең, жанын қиған бір жолдас, көппен тең.

Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар.

Айтулы достың малы бір, кемедегінің жаны бір.

Досыңа өтірік айтпа, дұшпаныңа сырыңды айтпа.

Әкесі құрдастың баласы да құрдас.

Жаман жолдастан, жақсы дұшпан артық.

Аз қайғыны ас басады, көп қайғыны дос басады.

Денің сау болса, жарлымын деме.
Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.

Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.

Досыңмен көп сөйлеспе, жолынан қалдырасың.
Дұшпаныңмен көп сөлеспе, сырыңды алдырарсың.

Күлме досыңа, келер басыңа.

Досқа ауырлығыңды салма, достан қарыз алма.

Төрт түлік туралы


============
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды.

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп, «ештеңені білмейтін момыным!» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп, «қараңғыда баспаған қорқағым!» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп, «жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп, «тастан тасқа секірген шұнағым!» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп, «тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.

Семіздікті қой ғана көтереді.

Бір биеден ала да, құла да туады.

Саулықтың жасы үлкен, қошқардың басы үлкен.

Алуан – алуан жүйрік бар, өз әлінше шабады.

Байтал шауып бәйге алмас.

Ат жаманы – сүріншек, ет жаманы – шеміршек.

Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ.

Адам баласы сөйлескенше, жылқы баласы кісінескенше.

Арық атқа қамшы ауыр.

Адам жылқы мінезді.

Ат сүрінбей жер танымас.

Бірлік туралы
=========
Ел бірлігі – ел теңдігі.

Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді.

Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.

Бірлікті ел бұзылмас.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Бірлік ынтымақ – байлық бақ.

Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ.
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

Сырттан келген жаудан да, іштен шыққан дау жаман.

Ауылдың иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді.

Тобынан айрылған қазды, топталған қарға алады.

Кең киім тозбайды, кеңесші ел азбайды.

Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

Теңге тиыннан, ынтымақ ұйымнан.

Қол жұмылмай – жылынбайды.

Кеңесіп шешкен шешімнің кемісі болмас.

Ынтымақ болмай іс оңбас.

Үйдің басын қатын қосар.
Елдің басын батыр қосар.

Бірлік қайда болса, ерлік сонда.


Еркіндік қайда болса, елдік сонда.

Тірлік, тірлік түбі – бірлік.

Қырық кісі – бір жақ, қыңыр кісі – бір жақ.

Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

Байлық байлық емес, бірлік – байлық.

Бір кісінікі мақұл, екі кісінікі – ақыл.

Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде.

Жер, су туралы


==========
Таулы жер бұлақсыз болмас, сулы жер құрақсыз болмас.

Су жүрген жер береке, ел жүрген жер мереке.

Халық қартаймайды, қара жер қартаймайды.

Көп тепкен жерден көл шығады.

Жер құтты болса, мал сүтті болады.

Жер тоймай, ел тоймайды.

Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.

Жер көңді жақсы көреді, ат жемді жақсы көреді.

Жер – ана, ел - бала.

Су патшасы – мұрап, түн патшасы – шырақ.

Қыстағы қар - жерге ырыс, жердегі ылғал – елге ырыс.

Су - ырыстың көзі, еңбек кірістің көзі.

Жайлауы жақсының әр бұтасының түбі бір кесек ет.

Қара жер қарыз арқаламайды.

Жеріне қарай астығы.

Жер тойынбай, ел тойынбайды.

Тауына қарай тоғайы, шошқасына қарай торайы.

Тау кезеңсіз болмас, өлке өзенсіз болмас.

Көлдің көркі құрақ, таудың көркі бұлақ.

Алпыс күн тасыған су, алты күнде қайтар.

Жауынмен жер көгереді, батамен ел көгереді.

Таумен тасты су бұзар, ел арасын қу бұзар.

Ағаш тамырымен мықты, адам дос-жарымен мықты.

Судың да сұрауы бар.

Суға кеткен тал қармайды.

Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді, ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.

Көрінген таудың алыстығы жоқ.

Ата - Ана, Ұл бала мен қыз бала туралы


=========================
Әкесіне қарап ұлын, шешесіне қарап қызын таны.

Әкесіне тартып ұл тумас, шешесіне қарап қыз тумас.

Ата-анам бар болсын, аузы-мұрыны жоқ болсын.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Атаның құны, ананың сүті.

Күтсең ата - анаңды, кешірер атаң қатаңды.

Ата - ананың қарызы, ұрпақтың өмірлік парызы.

Жалғыз баласы атқа шапса, атасы ауылда тұрып тақымын қысады.

Ана жақсылығын, ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын, қыдырсаң білерсің.

Баланың өзі болғандай, келіннің өзі келгендей.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің; ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.

Ақ шашты ана: «Жастығым — балам» дейді.


Ақылды бала: «Ай-күнім — анам» дейді.

Ана алдында — құрмет, ата алдында — қызмет.

Малды баққан өсірер, баланы тапқан өсірер.

Мейрімі мол ананың — жүрегі жылы, қолы кең.


Кең пейілді атаның жүзі жылы, жолы кең.

Ақ жаулығы ананың — ақ көрпесі баланың.

Ағайын — алтау, ана — біреу.

Ана алақанының аясы — ақ шынардың саясы.

Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?

Ананың сүті—бал, баланың тілі — бал.

Бала тентек болатыны — үйінен, ердің тентек болатыны — биінен.

Көне киім жаңаны сақтайды, кәрі кемпір баланы сақтайды.

Ананың сүйген жері: отқа күймейді, оқ та тимейді.

Ананың ойы ұяда, баланың ойы қияда.

Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!

Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар дерт қонбасын тілейді.

Баласыз ана — гүлсіз алма.

Әзілің жарасса, атаңмен ойна.

Ата балаға сыншы.

Ата баласының ат меңіндей белгісі болады.

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

Ілгері басатын жасты кері тартқан кәрі қайтарады.

Үлкен бастар кіші қостар.

Атасы жоқ — мас жетім, анасы жоқ — қас жетім.

Итпен ойнасаң — үрерсің, баламен ойнасаң — күлерсің.

Ат болатын құлынның, бауыры жазық келер
Адам болатын баланың, маңдайы жазық келер.

Жылайын деген баланың үш күн бұрын көзі қышиды.

Балалы үйрек көлден кетпес, балалы жесір елден кетпес.

Болатын елдің баласы бірін бірі: «Батыр!»дер.


Болмайтын елдің баласы бірін бірі: «Қатын!» дер.

Ашаршылықты көп көрген өзі тоймай «мә» демес, жетімдікті көп көрген, үш шақыртпай «ә» демес.

Жаманға айтқан ақылың — далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың — жалыны жоқ шоқпен тең.

Қазанға тиме, қарасы жұғар, балаға тиме, бәлесі жұғар.

Мал балада қалды, бай далада қалды.

Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді; атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді.

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

Боранды күні бала құтырар, желді күні ит құтырар.

Жақсы бала қонаққа үйір, жақсы тай атқа үйір.

Күлшелі бала — сүйкімді.

Қыз «қуыршақ» дейді, бала «құлыншақ» дейді.

Келіннің сөзі кетпендей, баланың сөзі батпандай.

Болатын бала — пысық, жауатын күн — ыстық.

Өлетін бала молаға қашады.

Жылайын деген бала, әкесінің сақалымен ойнайды.

Өз балаң, өзекке тепсең де кетпейді; кісі баласы, кісендесең де тұрмайды.

Үш баланы өсіргенше, үш шаһар апат болады.

Баласы бардың өңі ойнар, балтасы бардың қолы ойнар.

Қарға баласын «аппағым» дейді, кірпі баласын «жұмсағым» дейді.

Бала өз несібесін ала туады.

Күндес көргеннің қызын алма.

Бір бала, атаға жете туады, бір бала, атадан өте туады, бір бала, кейін қарай кете туады.

Жалғыз баласы бардың шығар - шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың, өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың бұқарада пұлы бар.

Немере етін жеп, сүйегін береді.

Жетімнің ризығы — жұрттан.

Бала — бауыр, дос — тамыр.

Көргенсіз бала — көкірек, өнерсіз бала — өкірек.

Ерке бала — екі жылар.

Ат болар тай саяққа үйір, адам болар бала қонаққа үйір.

Астың дәмін тұз келтірер, ауылдың сәнін қыз келтірер.

Отаулап берген қыздың отын, суы аз болмас.

Адамгершілік, жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік туралы


=======================================
Ат жақсысын мақта, адам жақсысын жақта.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Жасық адам жасына жетпей қартаяр, асыл адам жасына жетпей марқаяр.

Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жер - соқпақ, мың адам жүрген жерде жол қалады.

Кісіні кейде таршылық сынайды, кейде баршылық сынайды.

Әркімнің өзі шығар биігі бар.

Жұмсақ ағаш құртқа жем, жұмсақ адам жұртқа жем.

Бейтаныс кісі - бітеу жаңғақ.

Ақылсыз адам айқай келеді.


Жан-жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай-жай сөйлейді
Жан жағын байқай келеді.

Қағазға тіл бітірген - қалам, жансызға жан бітірген - адам.

Адам ойға тоймас, бөрі қойға тоймас.

Темір сырын отта танытады, адам сырын жоқта танытады.

Жаман адам кетсе, дүние кеңіп қалғандай.
Жақсы адам кетсе, дүние кеміп қалғандай.

Жақсы сыйлағанның құлы, жаман қорыққанның құлы.

Жақсының соңынан көп ереді, жаманның соңынан шөп ереді.

Адам деген ардақты ат.

Адамгершілікке арналған үш сауал бар: шөлге құдық қазған бір сауап, өзенге көпір салған бір сауап, жолға ағаш еккен бір сауап.

Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі.

Біреу, біреуге сүйеу.

Талабы жоқ жас - қанаты жоқ құс.

Ормансыз жер - жалаңаш, армансыз ер - жалаңаш.

Адамның күні адаммен.

Бітер істің басына, жақсы келер қасыңа.

Сырласуға дос жақсы, сыйласуға жат жақсы.

Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ.
Шын жақсының ашуы бар. Кегі жоқ.

Ақылсыз атқа мінсе, атасын басып кете жаздайды.

Болар адам – он бесінде бас болар, болмас адам – қырық бесінде жас болар.

Айла алтау, ақыл жетеу, айла мен ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.

Өзін ғана ойлаған, жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған, адамдықтың белгісі.

Ақылды өзінен көреді, ақылсыз ағайыннан көреді.

Ақымақ ішкен-жегенін айтады, ақылды көрген - білгенін айтады.

Көргенді кісі, көргенін айтар.


Көргенсіз кісі, бергенін айтар.

Жақсының айтқаны келмейді, жаманның сандырағы келеді.

Біреуге ор қазба, өзің түсесің.

Жаман болса алғаның, шын досың да шеттейді.

Жақсыны жамандасаң, аруағы тасады.
Жаманды жамандасаң, құты қашады.

Жыланға түк біткен сайын, қалтырауық болады.


Жаманға мал біткен сайын, бақырауық болады.

Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді.

Жақсы өз басынан көреді, жаман жолдасынан көреді.

Жаман адам төршіл.

Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз.

Жаман мақтанса қатынын сабар.

Жақсылыққа жақсылық, әр кісінің ісі.
Жамандыққа жақсылық, ер кісінің ісі.

Жақсы арман оздырар, жаман құлқын тоздырар.

Жақсыға қылған жақсылық өміріңде тозбайды.
Жаманға қылған жақсылық бір күнгідей болмайды.

Құдықтан су ішкен, қазғанға рахмет айтады.


Ағашты көлеңкелеген, еккенге рахмет айтады.

Бір күн тұзын татқанға, қырық күн сәлем.

Жауызға айтқан жылы сөз - суға жазған сертпен тең.

Қадіріңді білмеске қадамыңды көтерме.

Бөрі баласын асырағанмен ит болмас.

Таршылықты көрмесең кемшілікті білмессің.

Өзі болған қыз төркінін танымайды.

Саңырауға сәлем берсең "атаңның басы" дер.

Есекті отқа айдасаң, боққа қашар.

Жалқаулық, еріншектік туралы


====================
Жалқаудың соры - байлығы.

Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың.

Ер тынысы - еңбек, ез тынысы - ермек.

Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды.

Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.

Саудың асын ішіп, аурудың ісін істейді.

Жақсы мұраптың соңынан су ереді, жаман мұраптың соңынан шу ереді.

Егінді жабайы шөп аздырар, ерді еріншектік аздырар.

Ермек қуған бәлеге жолығады, еңбек қуған қазынаға жолығады.

Есектің жүгі жеңіл болса, жатаған болады.

Еріншек түске дейін ұйықтайды, кешке дейін есінейді.

Қойын алдырып, қорасын бекітіпті.

Жалқауға күнде той.

Жалқауға от басы айшылық жер.

Жалқауға сөз, шабанға таяқ өтпейді.

Бұқаның арамзасы бұзау арасында жүреді.

Жалқаулық - жаман ауру.

Жалқау жатып ішер, отырып ұйықтар.

Істемеген тістемейді.

Біткен іске сыншы көп, піскен асқа жеуші көп.

Тілде бар да, істе жоқ.

Ерінбесең еңбегің өнеді.

Еңбек етпесең елге өкпелеме, егін екпесең жерге өкпелеме.

Орақшының жаманы орақ таңдайды.

Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас.

Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады,


Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.

Жалқаудың жауы - жұмыс.

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Еңбекшіге әр күн сәт, еңбексізге бір күн сәт.

Жүріп шаршаған, тұрып тынығады.
Тұрып шаршаған, отырып тынығады.
Отырып шаршаған қалай тынығады?

Еріншекке бүгіннен ертең оңай.

Еріншекке жоқ сылтау.

Жақсы қойшының төлі түлеп туады, жаман қойшының төлі жүдеп туады.

Бағайын десе малы, ауырайын десе ауруы жоқ.

Балық аулай алмаған, суды лайлар.

Ит итті жұмсайды, ит құйрығын жұмсайды.

Диқан нанын жейді, жалқау арын жейді.

Ақымақ күлкіге тоймайды, жалқау ұйқыға тоймайды.

Еңбексіз елге сыймас.

Істеу қиын, сынау оңай.

Еріншек егішіден елгезек масақшы озыпты.

Шегені қаға білмесең - қолыңды ұрасың, түймені таға білмесең - қолыңа ине тығасың.

Ханның қызы шөміш ұстаса, қолын құс басады.

Жаман болатын жігіт шегіншек келер.

Жан аяр жау жеңе алмас, еріншек егін еге алмас.

Айран ұйытса, іріткен, тері илесе шіріткен.

Аңдар туралы


=========
Арыстанда бір кісінің күші бар,
Қырық кісінің жүрегі бар.
Жолбарыста бір кісінің жүрегі бар,
Қырық кісінің күші бар.

Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

Құнанның жайылымы бір, жусауы басқа.

Құлан құдыққа жығылса, құрбақа құлағында ойнайды.

Құланның қасуына, мылтықтың басуы да дәл келді.

Құлан басына күн туса, қодығына қарамас.

Құлан кісінесе, үйірі жиналады.

Түлкі түгінен жазады.

Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.

Қоян көлеңкесінен қорқады, қанжығада табысады.

Арыстанның аузында, түрікпеннің түбінде.

Қаршығалыға қоян кездеспейді, жарақтыға жау жолықпайды.

Өлік шыққан үйдің алдында арыстан жатады.

Асықпаған арбамен қоянға жетер.

Қой еті – қоян еті.

Қоянның қарасын көріп, қалжасынан тұңіл.

Аюға намаз үйреткен таяқ.

Бір түлкі жеті бөріні алдайды.
Бөлінгенді бөрі жейді.

Қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе де қан.

Бір есек қырық түйені жетелеп, жолдан шығарып әкетеді.

Әке - шеше туралы


=============
Әкесіне қарап ұлын, шешесіне қарап қызын таны.

Әкесіне тартып ұл тумас, шешесіне қарап қыз тумас.

Ата - анам бар болсын, аузы - мұрыны жоқ болсын.

Ата - ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Ата - анадан жар жақын.
Туысқаннан мал жақын.

Атаның құны, ананың сүті.

Күтсең ата - анаңды, кешірер атаң қатаңды.

Ата - ананың қарызы, ұрпақтың өмірлік парызы.

Бала туралы
========
Бала әкеден не кете туады, не жете туады, не өте туады.

Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.

Атадан жақсы ұл туса, қар үстінде от жанар.
Атадан жаман ұл туса, ат үстінде ит қабар.

Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.

Ананың сүті – бал, баланың тілі - бал.

Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.

Ұл туғанда күн туар.

Жақсы бала – сүйік, жаман бала – күйік.

Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,
Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,
Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас.

Балалық шағы, патшаның тағы.

Ойнақтаған бала от басады.

Жылайын деген баланың үш күн бұрын көзі қышиды.

Өлер бала көрге қарай жүгіреді.

Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды.

Адам болар бала қонаққа үйір.

Өсер елдің баласы бірін - бірі батыр дейді, өшер елдің баласы бірін-бірі қатын дейді.

Кісі болар баланың кісесінен таниды.

Бала тілі бал.

Бала, баланың ісі шала.

Болатын бала боғынан.

Баланы – жастан, қатынды – бастан.

Алты жасар бала алыстан келгенде, алпыстағы ақсақал сәлем берер.

Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.

Балалы үйрек көлден кетпес, баласы жас елден кетпес.

Баланың сөзі батпандай.

Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.

Басқа келген бақты кесірлі бала қашырады.

Баланың өскен бесігі, кең дүниенің есігі.

Балалы үйдің ұрлығы жатпас

Жалғыз түйе бақырауық, жалғыз бала жылауық.

Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.

Қонағын жақтырмаған баласын ұрады.

Өзіңнен тумай ұл болмас, сатып алмай құл болмас.

Ұлың өссе үлгілімен ауыл бол.

Өз ұлың өзекке тепсең де кетпес.

Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі.

Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

Әкесі құрдастың баласы құрдас.

Анасын сүйгеннің баласын сүй.

Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.

Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ.

Бұқа болар бұзау, биттейінен белгілі.


Батыр болатын бала, титтейінен белгілі.

Өсер елдің баласы, қозысын күтіп қой қылар.


Өспес елдің баласы, қозысын сойып той қылар.

Артында баласы қалса, көзі қалды де.


Артында сөзі қалса, өзі қалды де.

Жалғыз баласы бардың шығар-шықпас жаны бар.


Екі баласы бардың, өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың, бұқарада пұлы бар.

Арғымақ аттың баласы, аз оттап көп жусайды.


Асыл ердің баласы, аз сөйлеп, көп тыңдайды.

Бай, байлық туралы


=============
Ер қолында мал тұрмайды, елек ішінде су тұрмайды.

Бай аузында семіз сөз.

Құзғын ас таңдамайды.

Қарғаның бір көзі оқта, бір көзі боқта.

Көз бір уыс топыраққа тояды.

Алтын тыққан адам аштан өлер.

Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп.

Көтере алмаған қосып арқалайды.

Түйе сойған, ешкі сойғаннан дәметіпті.

Қас екеніңді қабағыңнан танимын, сараң екеніңді табағыңнан танимын.

Өзі сұрағаннан сарқыт дәметпе.

Сараң да бір, сасық су да бір.

Етпен қарның тоқ, ниетпен жаның тоқ.

Өзі тоймастың көзі тоймас.

Екі сараңның қолы бір-біріне әрең жетеді.

Сан, Сан есім туралы


==============
Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.

Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.

Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл құлағы мен жағын жер.

Жігітке жеті өнер де аз.

Туған да алтау едік, өле - өле жетеуміз.

Қарғыс жеті атаға жетеді.

Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.

Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

Семіздің аяғы – сегіз.

Алпыстағы атаңды жыққанша, алтыдағы атанды жық.

Он екі айда он үш той.

Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.

Алты бала таппай ана аталмайды, бес бала таппай белгілі әйел болмайды.

Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

Кедейдің жеті қаңтары бар.

Жетім бала жеті күлшеге тоймас

Жетімге жеті бидай да тамақ

Жетімнің қарны жетеу

Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.

Айла алтау, ақыл жетеу.

Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.

Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.

Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.

Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.

Тоғыз ат бір қазыққа байланбас

Тойған үйге тоғыз бар

Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды

Тоғыз қатынның толғағы бір келді

Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.

Бір ит көріп үреді, екі ит еріп үреді.

Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық.

Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп.

Екі баланың ортасындағы шал бала болады, екі шалдың ортасындағы бала дана болады.

Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.

Мың қайғы бір борышты өтемейді.

Елуінде – ер дана, елуінде – ел жаңа.

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.

Отыз тістен шыққан сөз, отыз руға тарайды.

Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл.

Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.

Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.

Жақсы кісі қырқында толады, жаман кісі қырқында солады

Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.

Жүз дімкеске бір лепес.

Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер.

Бірінші әйелді құдай қосады, екіншісін адам қосады, үшіншісін сайтан қосады.

Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра.

Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас

Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді

Ағайын – алтау, ана – біреу.

Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Алтаумын деме, жетеуге жолығасың, жетеумін деме, сегізге жолығасың.

Шындық – сегіз, бақыт егіз

Ер- егіз, еңбек- жалғыз

Құдай бір ұрғанды, қос қолдап ұрады.

Бір жебемен қос нысана оққа ұшты .

Қонақ туралы


=========
Қонақ қойдан жуас.
Май берсең де жей береді.

Тойдан табықпай.

Қонақасы – тәңір ақысы.

Қонақ аз отырып, көп сынайды.

Қонағым жүре тоярсың.

Қонақты сөзбен тойдыра алмайсың.

Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.

Құтты қонаққа - тәтті тамақ.

Атың барда жер таны, Асың барда ел таны.

Қонағын сыйласа төрге шық дейді.

Жолаушының азығы жолында.

Жаяу қонақ тыныш ұйықтар.

Алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым.

Қонағым өз үйіңді де ойлар отыр.

Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.

Сыйлы қонақ босағада отырмайды.

Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.

Шақырмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ.

Тоқ қонақты сыйлау оңай.

Екі үйдің қонағы Емексіп жүріп аш қалар.

Қонағым сен "ет" деме, мен "кет" демеймін.

Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

Сыларға асың болмаса, сыйпарға тілің болсын.

Сыпайы қонақ сайыңды жейді, мылжың қонақ мыйыңды жейді.

Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.

Қонақ бір күн қонса – құт, екі күн қонса – жұт.

Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.

Қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады.

Ет жегеннің бәрі қонақ.

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

Қонағын сүймеген баласын ұрады, не үйін сыпырады.

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

Өзі қонақ болып көрмеген, қонақты сыйлай білмейді.

Қонақ келсе ет қызарар, ет қызармаса, бет қызарар.

Әйел мен еркек туралы
===============
Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық.

Жаман ерден жайдағы жақсы, жаман қатыннан бойдағы жақсы.

Асыл жар – ердің сәулеті.

Жақсы жұбай – жарым бақыт.

Аймауыттай ат мінсең, жақын болар алысың.
Адалынан жар сүйсең, оңғарылар бар ісің.

Бай күйігі етекте, бала күйігі жүректе.

Бірінші әйел - шекер, екінші әйел - бекер.

Сыланайын десем, байдан қорқам, сыланбайын десем, тоқалдан қорқам.

Еркек дауысты әйелде ұят болмас, қатын дауысты еркекте қуат болмас.

Жақсы әйел жаман еркекті еркек етеді,


Жаман еркек жақсы әйелді келсап етеді.

Жаман әйел жақсы еркекті ез қылады,


Жақсы әйел жаман еркекті ел қылады.

Жаман еркек той бұзар, жаман әйел үй бұзар.

Еркек - түздің көркі, әйел - үйдің көркі.

Ер – бас, қатын – мойын.

Ерлі - зайыптының ортасына есі кеткен отырар.

Ерлі - қатын ұрысар да керісер, керісер де келісер.

Ерлі - қатын тату болса шырағы жанар, ерлі - қатын араз болса өмірден көңілі қалар.

Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық

Әйел жомарттық қылғанда, еркек намарттық қылғаны өлім.

Өз жарыңды жаттай күт - жат көрсін де түңілсін.


Бір - біріңді қадір тұт - жұрт үлгі алсын,үңілсін.

Ері әйелін сыйласа - ердің бақыт тапқаны, ерін елі сыйласа - әйел бақыт тапқаны.

Жақсы әйел жаман еркекке біткен бақ, жақсы жер, алтын қоныс - алтын тақ.

Жақсы әйел жаман ерін хан қылады, жаман әйел жақсы ерін даң қылады.

Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.

Әйел боянса — бұзылады, көп қиқандаса — ұрылады (Ғ.Мүсірепов).

Әйел ашуланса — жеңіледі, еркелесе — жеңеді (Ғ.Мүсірепов).

Әйелдің асылы түсінен білінеді.

Әйелдің күші аз, айласы көп.

Әйелдің өркөкірегі қор болады, еркектің өркөкірегі зор болады.

Әйелдің пірі — еркек.

Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа.

Әйел ерге, ер жерге қарайды.

Әйел ерімен, диқан жерімен.

Әйел жолда, бала белде.

Әйел көркі ақылда.

Әйел кұны бес байтал.

Әйел сырын әйелден сұра.

Әйел тұрмай еркек оянбайды.

Әйел үйдің ажары, бала үйдің базары.

Әйел үйдің көркі, еркек түздің көркі.

Әйел үй сақтайды, еркек түз сақтайды.

Әйелінен сескенген ауылдасына шай іш демейді.

Әйелінен ұялған баласыз өтеді.

Байдың атын қатын шығарады, қатынның атын жетім шығарады.

Бақа жарығы сумен қатын жарығы ерімен.

Береке келіннен, нан егіннен

Болдыратын да, толтыратын — қатын.

Ел малсыз болмас, жігіт жарсыз болмас.

Еркек — түздің аңы, әйел — үйдің қамы.

Еркек — үйдің егесі, әйел — үйдің шегесі.

Ас, Тағам, Тамақ, Нан


==============
Нан бар жерде ән бар

Дәнді шашпа, нанды баспа.

Нан— тамақтың атасы
Ынтымақ — көптің батасы.

Нан — асалы, ана — адамның асалы.

Нан астығын жинаймын, елге астық сыйлаймын.

Ас атасы - нан.

Ас адамның арқауы.

Таңғы асты тастама.

Дастарқанның басында дұшпан да дос.

Атың барда – жер таны желіп жүріп, асың барда – ел таны беріп жүріп.

Берген ас түске жетпейді, ниет естен кетпейді.

Жоқты бар десең – құт болар, барды жоқ десең – жұт болар.

Сыйлап берсе суын іш.

Тату үйдің тамағы тәтті.

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Жарлының бір тойғаны шала байығаны.

Сыйласқанның суын іш.

Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды.

Аштың ақылы астан әрі аспайды.

Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды.

Тоқ адамды ұйқы басады, аш адамнан ұйқы қашады.

Дастарханда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.

Қарны ашқан қазанға қарар.

Ішіп тоймаған, жалап тоймайды.

Асы жоқ алтын аяқтың, алтынын ал да отқа жақ.

Есек мінген ат сұрамайды, балық жеген ет сұрамайды.

Шыбын да балға қонады.

Қайнаған қара суда қасиет бар.

Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.

Атты қамшымен айдама, жеммен айда.

Ат адамның қанаты, ас адамның қуаты.

Өле жегенше, бөле же.

Ашқа қазан астырма, тоңғанға отын жақтырма.

Асы бар аяқтан аттама.

Жаманнан жарты қасық ас қалар.

Дүниеде тас қатты, тасты еріткен ас тәтті.

Күріштің мәнін май келтірер.

Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен.

Құр аяққа бата жүрмес.

Қыздың тамағы қылдай.

Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын.

Ет - етке, сорпа - бетке.

Қойдың басы - құданың асы.

Ет дәмділігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім.

Аспаздың қарыны асқанына тояды.

Қуыс үйден құр шықпа.

Кісі кірмеген үй көрмен тең, ішілмеген ас умен тең.

Жаман ауруға жақсы ас.

Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жолда қалады.

Дәнді шашпа, нанды баспа.

Қуырдақтың әкесін түйе сойғанда көресің.

Ат жаманы – сүріншек, ет жаманы – шеміршек.

Туған ай – тураған ет.

Қой еті – қоян еті.

Еттің соры - қуырдақ, ұнның соры – бауырсақ.

Еттің бәрі қазы емес, иттің бәрі тазы емес.

Таспен ұрғанды аспен ұр.

Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді.

Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді.

Байтал мінсең, құлын жоқ, саумал ішсең, қымыз жоқ.

Қыз жігіттікі, қымыз көптікі.

Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігі бар.

Ет жақсысы қарта-ды, ол нәсіліне тартады.

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

Бауыр шырын, бас тәтті, ағайынмен ішкен ас тәтті.

Пышағы бар, сүйгенін жер.


Пышағы жоқ, тигенін жер.

Тарта жесең, тай қалар, қоя жесең, қой қалар, қоймай жесең не қалар?

Қыдырып жеген жамбастан, шақырулы жеген жауыр артық.

Аз қайғыны ас басады, көп қайғыны дос басады.

Аз ғана асым, даусыз басым.

Асты сұрап бергенше, сабап бер.

Білім туралы
=========
Білетінің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз.

Білмесең үндеме, білгенді күндеме.

Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, дауасы жоқ.

Киіміне қарап қарсы алады, біліміне қарап шығарып салады.

Күш - білімде, білім - кітапта.

Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады.

Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса кішіден сұра.

Ақыл - тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен.

Білім арзан, білу қымбат.

Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей, егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.

Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас.

Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.

Оқымаған бір бала, оқыса екі бала.

Ұстаздан шәкірт озар.

Алтын алма, білім ал.

Ғылым - теңіз, білім - қайық.

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір

Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі

Білімді өлсе, қағазда аты қалар.


Ұста өлсе, істеген заты қалар.

Өнер - ағып жатқан бұлақ, ілім - жанып тұрған шырақ.

Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.

Жердің сәні - егін, ердің сәні - білім.

Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.

Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.

Ілім - бұлақ білім - шырақ.

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Оқу инемен құдық қазғандай.

Оқу түбі тоқу.

Ойнада күл, оқыда біл.

Білім - ер азығы, ер - ел азығы.

Оқу - білім азығы, білім - ырыс қазығы.

Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы.

Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп.

Білім таппай мақтанба, өнер таппай баптанба.

Көргеннен көрмегенін көп.
Білгеннен білмегенің көп.

Білім алып құрасын, еңбек етіп сұрасын.

Білім ауысады, ырыс жұғысады.

Біреу білмегеңді, біреу білер,


Біреу жылайтынға, біреу күлер.

Туа білмейді, жүре біледі.

Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Қарғыстың ең жаманы: өзің білме, білгеннің тілін алма.

Қой асығы демей-ақ қолыңа толса, сақа тұт, жасы кіші демей-ақ ақылы асса, аға тұт.

Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Ит туралы
=======
Жаман иттің атын «Бөрібасар» қояды.

Ит ішіне сары май жақпайды.

Қабаған ит қайыр байлайды.

Жақсы ит иесінің көз-құлағы.

Бұралқы ит үріп жағады.

Итті тепкен, ырысты тебеді, итті күшігім десең – аузыңды жалайды.

Ит үреді, керуен жүреді.

Ит құтырса – иесін қабады.

Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.

Иттің бәрі тазы болмас, еттің бәрі қазы болмас.

Ит атасын танымас.

Бір ит көріп үреді, екі ит еріп үреді.

Ит жемес асынан дәметеді.

Қазаныңнан қақпақ кетсе, иттен қанағат кетер.

Ит тойған жеріне, ер туған еліне.

Иттің табаны қышыса, керуенге ереді.

Ит итті жұмсайды, ит құйрығын жұмсайды.

Жақсы ит өлімтігін көрсетпес.

Ит иесі үшін жүгіреді, құс тамағы үшін ұшады.

Ит – жеті қазынаның бірі.

Өлсе - ит терісі, өлмесе – қой терісі.

Иттің ырылдасқаны – амандасқаны.

Итке артқан қос жолда қалар.

Ит не жесе соны құсады.

Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді.

Той, думан, қуаныш туралы


==================
Тойдың болғанынан боладысы қызық.

Қой жүрген жер береке, қыз жүрген жер мереке.

Ақын мен әнші адамзаттың бұлбұлы.

Батыл жігіт жол бастар, ақын жігіт той бастар.

Берекесіздің аулы мерекесіз.

Шақырусыз тойға барғанша, таяқ ал да қойға бар.

Гүлсіз болса жер мұңды, күлкісіз болса - ел мұңды.

Күлкі ашылған гүл, көңіл - шашылған нұр.

Той дегенде қу бас домалайды.

Тойға барсаң тойып бар, қомағайлықты қойып бар.


Тойға барсаң тойып бар, торқа тоның киіп бар.
Тойға барсаң бұрын бар, бұрын барсаң орын бар.

Сұлулық тойда керек, махаббат күнде керек.

Көппен көрген ұлы той.

Әшейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас.

Сауда, үнемшілік туралы
================
Саудаға достық жүрмейді

Сауда түбі – борыш, шаруа түбі – кеніш

Базарда мың кісіні көреді, әркім сүгеніне сәлем береді.

Үйдегі есепті, базардағы нарық бұзар.

Сөзіңе қарап саудагер екеніңді білдім.

Теңге тиынна өсер.


Жылқы құлыннан өсер.

Есепсіз дүние жоқ.

Жыраққа қойсаң жақыннан аларсың.

Түстік өмірің болса, кештік мал жина.

Алтын тапсаң санап ал.

Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады.

Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның.

Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

Тамшыдан тама берсе дария болар.

Судың да сұрауы бар.

Есептемегенге бәрі түгел.

Сауып ішсең мың күндік, сойып жесең бір күндік.

Үзіп жеген үнемге жатпайды.

Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе.

Базары жақын байымас.

Қолдағының құны жоқ.

Жаман қойшы жайлауынан бір күн жейді, жақсы қойшы жайлауынан мың күн жейді.

Шашу оңай, жинау қиын.

Ел, халық туралы
============
Өзін өзі білген ер бақытты, өзін өзі билеген ел бақытты.

Ханда қырық кісінің ақылы бар.

Халық қаласа хан түйесін сояды.

Су жүрген жер береке, ел жүрген жер мереке.

Айна айна емес, халық айна.

Халық қартаймайды, қара жер қартаймайды.

Халыққа қарсы жүру, ағысқа қарсы жүзу.

Көппен көрген ұлы той.

Халық қатесіз сыншы.

Халық – дана.

Берекені көктем тілеме бірлігі мол көптен тіле.

Көптің қолы көкке жетеді.

Көптен қулық артылмас.

Ел артындағы шаң жұтады, ел алдындағы май жұтады.

Елге дұшпан жерге сыймас, жерге дұшпан елге сыймас.

Жер шежіресі – ел шежіресі.

Халық қаһарлы қамал бұзар.

Көп тепкен жерден көл шығады.

Жол жолға жалғасады, ел елге жалғасады.

Тай тулап үйірінен шықпас.

Елін сатып асаған, екі күн - ақ жасаған.

Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас.

Елден безген көмусіз қалар.

Халық сүймес, халық сүйген – суға батпас, отқа күймес.

Атыңнан айрылсаң да, ер-тоқымыңнан айрылма.
Қатыныңнан айрылсаң да, қазан-ошағыңнан айрылма.
Қазан-ошағыңнан айрылсаң да, еліңнен айрылма.

Қасықпен көлді құрта алмайсың, қастықпен елді құрта алмайсың.

Қара жерді жамандама, қайтып сонда барарсың.
Қауым елді жамандама, қарғысына қаларсың.

Көптен бақыт құтылмас.

Ел құлағы - елу.

Қатардан ассаң да, халықтан аспақ жоқ.

Кеңесті елде кек болмас.

Көп күлкісі күннен де жылы.

Көпті сөккен көгермес.

Көп іздеген көмбе үстінен шығады.

Көптің қолы ұзын.

Халық айтпайды, халық айтса қалт айтпайды.

Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол.
Бестің басы болғанша, алтынның аяғы бол.

Құдай қарғысынан халық қарғысы қаһарлы.

Көптен қоян құтылмас.

Көп түкірсе көл болады.

Көптік қайда болса, тоқтық сонда болар.

Көптің көзі көреген, қолы береген.

Көп алғысы көгерер.

Көзсіз күнелтсең де, көпсіз күнелте алмайсың.

Пайда, олжа туралы
==============
Мал өсірсен қой өсір, өнімі оның көл-көсір.

Құдаңның тайын алғың келсе, құлынды биесін сұра.

Ат аунаған жерде түк қалар.

Байдан пайда құтылмас.

Жамау тапқан жарлы болмас.

Аспандағы сұңқардан қолдағы тұрымтай артық.

Қайырсыз пайдадан - қайырлы залал.

Оңай олжа оңалтпас.

Артық олжа - басқа еңбек.

Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.

Таңдағы тауықтан сол күнгі жұмыртқа артық.

Жолдағы құйрықтан қолдағы өкпем артық.

Керек тастың ауырлығы жоқ.

Шығасы шықпай кіресі кірмейді.

Бір жоқ бір жоқты табады.

Өлген сиыр сүтті болады.

Саудада достық жоқ.

Жоғалған пышақтың сабы алтын.

Оңай олжа тұрмас қолға.

Желмен келген желмен кетеді.

Ханның қасында болғанша, судың басында бол.

Саудагер құнықса, сақалын күзеп сатар.

Алтын базарында бағалы.

Алдың - ұттың, саттың - жұттың.

Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымас.

Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды.



Ит төлеуі бір күшік.

Ортақ өгізден оңаша бұзау артық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет