Егер күйеуіңіз тастап кетсе, не істеу керек?
Өмірде бәріміз әртүрлі қиындықтарға кезігеміз, біз қаламасақ та ары қарай өмір сүруіміз үшін оны жеңе білу керек. Алайда, кейбір қиындықтар соншалықты күрделі болғандықтан, өзгелердің көмегінсіз жеңу оңай емес, тіпті мүмкін емес десек те болады. Біз бұл мақалада күйеуі тастап кеткен әйелдің не істеу керектігі туралы сөз қозғаймыз. Өкінішке орай, өмірде күйеулерін тастап кететін әйелдер аз емес, ал ер азаматтар бұған қатысты өздерінің әрекетін ақтау үшін әйелдер тарапынан кінә іздемейді. Бірақ, кінәлі адам шын мәнінде кінәлі болмауы мүмкін, ал осындай жағдайда дұрыс қадам жасай білу керек. Ендеше, қалай болатынын көрейік.
Сонымен, күйеуі тастап кеткен әйел не істеу керек? Ең алдымен, бұл жағдайға аса қатты мән беріп, оны өз бақылауыңызға алу керексіз. Құрбыларыңыз, туыстарыңыз, психологтар – сіздің жағдайыңызда қандай әрекет жасау керектігі жөнінде пайдалы кеңестер береді. Шын мәнінде, кейбір кеңестер сізге пайдалы болуы мүмкін. Бірақ, айтылған кеңестерді тыңдап қана қоймай, ойланып, сабыр сақтап, іс жүзінде қолдана бастауыңыз керек. Негізінде, көз жасын төгіп жылаудың, күйеуіңізді айыптап, қарсыласудың немесе өз жағдайыңызды айтып шағымданудың ешбір пайдасы жоқ. Сіз шындықты сол қалпында қабылдап, одан әрі қарай қалай өмір сүру керек екенін шешкеніңіз дұрыс. Мұны қалай жасауға болады, қалай тыныштық сақтауға болады, жанды азғыратын жағымсыз эмоциялардан қалай арылуға болады?
Біріншіден, сіз болған жағдайға көзқарасыңызды өзгертіп, өз жағдайыңызды тек жағымсыз жағынан бағаламауыңыз керек. Жұбайыңыз сізді тастап кетті – ол жақсы ма, жаман ба? Әрине, бұл белгісіз! Мұның жақсы не жаман екенін нақты біле алмайсыз, дегенмен жұбайыңыздың бұл әрекеті сізге және оған қандай салдарлар туғызатынын біле аласыз. Бұл сізге пайдалырақ болуы мүмкін. Тым болмағанда осы нәрсені ұмытпаған жөн. Сіз осы мақаланы оқу арқылы, еріңіздің сізді тастап кеткенін жаман көретін шығарсыз, алайда сіз қателесесіз. Өйткені, сіз онымен бірге болашақ өміріңіздің жарқын болуына кепілдік бере алмайсыз. Күйеуіңіздің сізден кетуін жаныңызға жақын адамның жоғалуы ретінде есептеуге болады, бірақ сіз бұны тағы бір қырынан қарасаңыз, мүлде басқа көзқарасты байқай аласыз. Айталық, кейбір жағдайларда күйеуі әйелін тастап кетудің орнына ешбір жұмысқа жарамайтын немесе әйелі мен балаларын ұрып-соғатын болса ше? Бұл қорқынышты және сирек кездесетін жағдай, дегенмен, ондай нәрсе болып жатады. Ер адам отбасын тастап, әйелі мен балаларының өміріне зиян тигізбесе жақсы болар еді. Сіз келісесіз бе? Сондықтан, нақты өмірлік жағдайды бағалау кезінде әрқашан кеңірек ойлауға тырысыңыз, сондай-ақ оны тек жағымсыз жағынан бағаламаңыз.
Екіншіден, сіз ойлағандай бәрі де жаман емес екенін, керісінше, өте жақсы екенін түсінгеннен кейін, күйеуіңіз сізді тастап кету себебін анықтау керек. Бұл алдағы жасалатын әрекеттерді анықтау үшін қажетті нәрсе. Мүмкін сіз бұған кінәлі болдыңыз, мүмкін ол, немесе екеуіңіз қоштасуға тең үлес қостыңыз, мүмкін ол жаңа өмір бастағысы келді. Сондықтан жұбайыңыз өзінің көзқарасындағы қызықты болып көрінген әйелге кетіп қалды. Ол өзінің кеткеніне сізді кінәлайды. Немесе ол жай сізден қашып кетуі мүмкін, кейбір еркектер қаржылық қиындықтарды, жүкті әйелін және балаларын асырауды, оларға білім беруді қаламайды. Ия, қымбатты әйелдер, мұндай қорқақ өзімшілдер бар, олар тек өздері туралы ойлайды. Сондай-ақ, ең қиын сәтте баласымен бірге әйелін тастап кеткендер, өкінішке орай, өте көп. Сонымен, қымбатты әйелдер, мұндай ер адамды қайтарудың қажеті жоқ. Оның пайдасынан зияны көп, өйткені, кез-келген сәтте ол сізге тағы сатқындық жасай алады. Махаббат сезімдеріне беріліп, күйеуіңізді ұмыта алмасаңыз, мамандардың көмегіне жүгініңіз. Олар сізге бұл қиындықтан шығуға жәрдем береді. Егер де жұбайыңыздың кету себебі сізде болса, ол туралы он мәрте ойланып, саралаған дұрыс. Дұрысы, жасаған қателіктеріңізге талдау жасаңыз.
Үшіншіден, сіз психологтың көмегімен немесе талдау жасағаннан кейінгі көзқарасаңыздың көмегімен алдағы әрекетіңізді шешуіңіз керек. Мұны мұқият ойластырыңыз. Кез-келген жағдайда асықпаңыз, бірден әрекет жасап кетуге болмайды. Сіздің міндетіңіз – сабыр сақтап, содан кейін ғана іске көшу. Әзірге не болғанын жақсы түсіну үшін жоғарыда аталғанның бәрін қағазға жазып қойыңыз. Яғни, күйеуіңіздің барлық жағымды және жағымсыз жақтарын жазыңыз. Сізді тастап кетудің не керегі бар? Ол неге кінәлі немесе сіз не үшін? Осы сұрақтарға жауап іздеп, өзіңізге түсіндіріңіз. Қағаз жүзінде сіздің барлық ойларыңыз түсінуге жеңіл болады. Назарыңызды оларға аудару арқылы сіздің эмоцияларыңыз сабасына түсіп, тыныштала бастайды. Бұл дәл қазір сізге керек нәрсе. Тек қана тыныштық, сонда ғана бәрі дұрыс жаққа реттеледі.
Қандай жағдай болса да маңызды емес, бастысы сіз өзіңіз туралы пікірді өзгертпеңіз. Әрдайым тек жақсы пікірде болыңыз. Тіпті күйеуіңіздің кетіп бара жатып сіз туралы айтқандары маңызды емес. Себебі оның пікірі – жеке басының мүдделеріне негізделуі мүмкін. Сондықтан, өз-өзіңізді төмен бағалау дұрыс емес. Отбасыңыздың ыдырауына қандай үлес қосқаныңызға қарамай, өзіңіз туралы жақсы ойлаңыз. Сізде әрдайым қателіктерді түсінуге және түзетуге уақыт бар. Дәл қазір сіз өзіңізді қолға алып, жігеріңізді жинап, бойыңыздағы сенімділікті қалпына келтіріп, болашағыңыздың жақсы болуын қадағалаңыз. Әрине, жұбайыңыздың тастап кетуі сізді алаңдатады. Бірақ, ол солай болуы керектігінен орын алған жағдай. Жақсылықтың бәрі алда, бастысы бүгінгі сынаққа түсіністікпен қараңыз. Өмір жолақтарын түрлі түске, соның ішінде қара түске бояйтын өзіміз. Сондықтан, барлығы өз қолыңызда! Енді күйеуіңіз сізден кеткеннен кейін сіз еркін әйелсіз. Және бұл сізге жаңа өмір бастауға жақсы мүмкіндік болып табылады. Сіз оны міндетті түрде пайдалануыңыз керек. Егер әйел психологиялық тұрғыда қалпына келмесе, күйеуі кетіп қалғаннан кейін бос орынды толтыруға тырысып, адасуы мүмкін. Сондықтан асықпаңыз, бәрінің өз уақыты бар. Демалыңыз, болашақ өміріңіз қандай болу керек, оны қай жерден таба аласыз, не қызықтыратынын мұқият ойлаңыз. Жалпы, әрі қарайғы әрекеттеріңізді жақсылап ойластыруыңыз керек. Қорықпаңыз, бәрі жақсы болады. Уақыт өте келе өзіңізге лайықты адамды жолықтырып, тастап кеткен күйеуіңізді ұмытып кетесіз. Себебі, бәрі сізге байланысты.
Қымбатты ханымдар, егер де күйеуіңіздің тастап кету себебіне өзіңіз кінәлі болсаңыз және сіз оны қайтарғыңыз келсе, онда жіберген қателіктеріңізді мұқият саралаған дұрыс. Ересек болыңыз, қателіктеріңізді мойындап қана қоймай, оларды түзетіп, ең бастысы болашақта олардың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығарыңыз. Содан кейін барлық кемшіліктеріңізді жүйелі және дәйекті түрде түзете бастаңыз. Тек осыдан соң сіз күйеуіңізге қайтып оралуды ұсына аласыз. Егер ол сізді жақсы көрсе, сіздің орыныңызды ешкіммен алмастырмайды. Ал егер сізді сүймесе, бағаламаса, оны қайтарудың мағынасы жоқ. Қалай болғанда да, ол кетеді.
Қорытындылай келе, қымбатты әйелдер, кез-келген жағдайда кез-келген әйел өз өмірін реттей алатындығын ұмытпаңыз. Күйеуінің кетуі – бәрінің аяқталғанын білдірмейді. Керісінше бүл жаңа өмірдің бастамасы деп қабылдаңыз. Қорқудың немесе жылап, ашуланудың, депрессияға түсіп, өзін сыртқы әлемнен қоршап тастаудың қажеті жоқ. Эмоцияға қатысты жағымсыз ойлар сізге ғана зиян тигізеді. Қорқыныш, ашу, жеккөрушілік, депрессия – бұлар сіздің жауларыңыз. Олар сіздің алдыңыздағы мүмкіндіктерді көруге кедергі жасайды. Осы жаулармен күресіп, ақыл-ойдың көмегімен сіз кез-келген қиыншылықтан аман өтесіз. Сізге тек өмірдің берген мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану керек!
Достарыңызбен бөлісу: |